Қарашаның 11-iнде қалалық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы мұны арнайы жиынмен атап өттi. Әйткенмен де үкiметтiк емес ұйымдардың арасында осы орталықтың жұмысына көңiлдерi толмайтындар да бар.
Ресми атауы Астана қаласының “Инфо-Орталығы” деп аталатын бұл органның басты мiндетi – қаладағы үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк мекемелердiң iс-әрекетiн бiр арнаға тоғыстыру. Орталық Астана қаласы бойынша ақпарат басқармасының жанынан құрылған болатын.
Қазiргi таңда Қазақстан астанасында тiркеуде тұрған үкiметтiк емес ұйымдардың ұзын саны 114-ке жетiп отыр. Қала өмiрiнiң қоғамдық маңызы бар өзектi проблемаларын шешуге атсалысу мақсатында құрылған бұл ұйымдармен орталықтың байланысы қандай дәрежеде, үкiметтiк емес ұйымдар бұл орталықтан нақты көмек көрiп отыр ма? Сейсенбi күнi - орталықтың құрылғанына бiр жыл толуына байланысты өткiзiлген жиында - бұл сауалдарға, өкiнiшке орай, толыққанды жауап ала алмадық.
Қалалық ақпарат басқармасының бөлiм бастығы Г.Анохина ханым кеңестiк ескi сарынмен Қазақстанның жетiстiктерi туралы ұзақ сонар баяндауға көшiп кеттi. Шенеунiктiң сөзiнде Қазақстан қоғамында билiк пен үкiметтiк емес ұйымдар өзара ымыраға келуге қол жеткiзiп отырғаны, үкiмет пен қоғамдық ұйымдар қызметiнiң мақсаты бiр екенi туралы әдеттегi тiркестер бұл жолы да қайталанды.
Қалалық ақпарат басқармасының өкiлi өз сөзiнде соңғы бiр жылдың iшiндегi басты жетiстiк биылғы жылы қазан айында Астанада өткен Қазақстанның 1-азаматтық форум болды дегендi қайта-қайта айтумен болды. Ал осы жиын өтiп жатқан мәжiлiс залына жиналғандардың арасында мұнда неге келгенiн өздерi де бiлмейтiн жастар да бар едi. Бiздiң қойған сауалымызға жауабында әлгi жас қыз-жiгiттер “мұнда әйтеуiр келу керек болған соң келдiк, ал бұл орталық жайлы хабарсызбыз” дегендi айтты.
Астанадағы «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы құрылғанына он жылдың көлемi болған үкiметтiк емес ұйым. Ұйымның төрағасы Қабыкен Закарияновты осы жерден жолықтырдық. Қабекең осыдан бiр жыл бұл орталық құрылған кезде үмiт артқанымен, қазiргi таңда оның атқарып отырған жұмысына көңiлi толмайтынын бiлдiрдi. Қабыкен Закариянов, «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрағасы:
- Ендi басында бiздi – қаладағы үкiметтiк емес ұйымдарды жинап, басымызды қосқанына қарап бұл орталықтың құрылғаны бiз үшiн пайдалы, дұрыс деп түсiндiм. Алайда, әлгiндей басқосулар сайын айтылатын әртүрлi құнды ой-пiкiрлердiң iс жүзiне аспай, әншейiн құр сөз боп қалатыны әдетке айналғаны қынжылтады. Қазiр бұл орталық қоғамдық ұйымдарға бәлендей пайдалы көмек танытып отыр деп айта алмаймын.
Биыл Қазақстанда бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдарға 40 млн теңгеден астам қаржы бөлiндi. Қазан айында өткен бірінші азаматтық форумда сөйлеген сөзінде республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет алдағы уақытта да үкiметтiк емес ұйымдарға қаржылай қолдауын жалғастыратынын айтқан болатын. Сол жолы Қазақстан басшысы биылғы жылы үкімет әзірлейтін заң жобалары тізімінен «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасының алынып тасталғанын мәлімдеген едi.