Қазір Қазақстанда президенттің бұл жарлығын құптап, қолдау айтып жатқандардың пікірін екіге бөліп қарастыруға болады. Бір тобы «осы халықаралық құжаттардың республикада толыққанды күшіне енуі үшін Қазақстан енді аталмыш пактілердің хаттамаларын бекітуі тиіс» дегенді айтса, екінші топ: «ондай қадам жасау үшін Қазақстан қоғамы әлі де пісіп-жетілуі керек» деп отыр.
Адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шарттарға Қазақстанның да қосылатыны туралы республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дүйсенбі күні қабылдаған жарлығын елдегі қоғамдық ұйымдар да, мемлекеттік шенеуніктер де мақұлдап, құптап жатыр. Ал республика азаматтары жаңағы құжаттарда қарастырылған өз құқықтары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық деңгейдегі орындарға дейін ізденуге мүмкіндік алуы үшін Қазақстан осы пактілерге қосымша екі құжатты бекітуі шарт. Ол құжаттар – факультативті хаттамалар деп аталады. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері республиканың саяси билігі енді осы хаттамаларды ұзаққа созбай бекітуі тиіс деген пікір айтады.
- Және елде өлім жазасын жойып, республиканың заңдары сол халықаралық құжаттарға сәйкестендірілуі тиіс. Республика азаматтарының бостандықтары мен құқықтарын қорғау үшін аса маңызды халықаралық құжаттарға қосылуды Қазақстанның ресми билігі негізсіз созып келді, - дейді адам құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның Астана қаласындағы бөлімшесінің жетекшісі Анар Ибраева.
Алайда үкіметтік емес ұйым өкілінің бұл пікіріне өзгеше уәж айтқан Қазақстан парламенті сенатының депутаты, Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жабайхан Әбділдин жаңағы хаттамаларды бекіту үшін Қазақстан жұрты әлі де болса пісіп-жетілуі керек деп отыр:
- Менің ойымша пактілерді бекіту көп ұзаққа созылмас, оны мен Қазақстан парламенті сенатының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде айтып отырмын. Ал ана хаттамалардың бекітуі де өз уақытында болар – қай уақытта екенін ешкім айта алмайды. Мәселен, өлім жазасына тиым салу деген – оған халық дайын ба, өзіміз дайынбыз ба деген сауалдармен байланысты. Бұл мәселелер біздің пісіп-жетілуімізге қарай шешіледі деп ойлаймын.
Сенатордың мұндай ұстанымы әйелдердің даму және бейімделу қауымдастығы деп аталатын қоғамдық ұйымның өкілі Гүлзия Нәбиеваның көңілінен шықпайды.
- Бұл хаттамаларды пактілерді бекіткен соң көп ұзатпай, тіпті сол үш күннің қабылдау керек, енді оны созбалауға салу еш ақылға симайды, - дейді Нәбиева.
Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Болат Байқадамов:
- Ең бастысы президент көптен күткен жарлықты қабылдады, ал оның жанында хаттамалар бәлендей маңызды құжат емес. Сондықтан осы жарлықтың қабылданғанына тәубе дейік, хаттамалар да кейін, уақыты жеткенде қабылданар, - дегенді айтады.