Түркіменстандағы адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылатынын айыптайтын қаулының шығарыулына Европа Одағының кезекті төрағасы Италия мұрындық болды. Көпшілік дауыспен қабылданған шешімге Ресей де қосылды. Жеке мемлекеттегі адам құқықтарының жағдайын бөлек қарауға өткен аптада қарсы болса да, Ресей көпшіліктен қалыс қалмады.Осыдан бір жыл бұрын президент Сапармұрад Ниязовқа қастандық жасалды дегеннен кейін бүкіл елде жаппай қуғын сүргін кең етек жайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы Түркіменстан басшылығын халықаралық тәртіпті сақтауға шақырған болатын. Онда азаптаулар мен қинауларға, діни және саяси репрессияларға тоқтау салуға үндеу айтылды.
Енді міне жарты жыл өткеннен кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының үндеуі далада қалғаны әбден анық болды. Алайда, Түркіменстан елшісі Ақсолтан Атаева халықаралық құқыққорғаушы ұйымдармен жұмыс істей бастадық, сондықтан Түркіменстан жөнінде сөз қозғау қажет емес деді:
- Егеменді елдердегі өзгерістер мен демократияландыру үрдісін мұндай тәсілмен жеделдету әрекеті қалаған нәтижеге қол жеткізе қоймайды деп ойлаймыз.
Түркіменстан елшісі Ақсолтан Атаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссарын алдағы қаңтар айында техникалық көмек көрсетуге шақырдық, Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен түрлі бағытта жұмыс істеп отырмыз деп алға тартты.
Түркіменстанның ұстанымын бұл жерде бір қатар ислам мемлекеті де қолдады. Бұлар дамушы елдердегі адам құқықтарының жағдайын сынайтын резолюцияларға әдетте қарсы. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының қаулыларында жеке үкіметтерге мақсат-міндет қойылмайды. Бұл қаулылардың саяси сипаттау мағынасы басым.
Түркіменстандағы жағдайды сынайтын қаулыны кіргізген Италия мемлекетінің елшісі Андреа Кавалиери елде тек қуғын-сүргін емес, азаматтық бостандықтарды шектейтін заңдардың қабылданғынына назар аударды. Мәселен, Түркіменстан парламенті 21 қазанда қабылдаған заң азаматтардың еркін жиналуына шектеу қояды, діни ұйымдардың ашық қызметіне кедергі жасайды:
- Тіркелмеген азаматтық ұйымдарға қатысқан азаматтар кемсітуге, қорқыту мен үркітулерге тап болады. Ең көп алаңдаушылық туғызатын жайт – олар бейбіт белсенділігі үшін қылмыс тергеуіне тап болады. Бұл заңдар тек адам құқықтары жөніндегі халықаралық талаптарға емес, Түркіменстан үкіметінің халықаралық міндеттемелеріне қайшы.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы комитетінің дүйсенбі күні қабылдаған қаулысы Түркіменстан үкіметін Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен жұмыс істеп, оның бас өкіліне Түркіменстандағы шағын ұлттық топтардың жағдайымен танысуға рұқсат беруге шақырды. "Халықаралық Қызыл крест" сияқты ұйымдардың өкілдері, адвокаттар мен туған-туыстар түрмеде отырған азаматтардың жағдайымен көзбе-көз танысса жөн деп те айтылды. Түркіменстан үкіметінің әріптестікке нақты қаншалықты барғаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының наурыз айындағы жылдық жиналысында сөз болады.