Қараша айының 2-ші күні ақ президент Эдуард Шеварнадзе ескі сарынға салып, парламенттік сайлауды өз кестелеуімен өткіздіртіп еді үш аптаға созылған жаппай наразылық толқынымен өзі жағаға шығып қалды. Каспий теңізінің бергі бетіндегі бес ортаазиялық мемлекеттің президенттерінің назары Грузиядағы өзгерістің сыртқы көрінісіне ауып отыр. Алайда, Грузиядағы қатаң оқиғалардың түп-тамыры әлде қайда терең. Оның себептері Орталық Азияның барлық елдерінде де шаш етектен. Әділетсіз сайлау, сыбайласқан жемқорлық, саяси шектеулер, жаппай кедейшілік – бұл асқынған мәселелердің барлығы мұнда да шешімін таппай келеді.
Тәжікстан Ислам Өрлеу партиясының басшыларының бірі, оппозициялық қайраткер Хиқматулло Сайфұллазода еліндегі жағдайды былай сипаттайды:
- Тәжікстанда тұрмыс қазір ауыр. Билікті бір қолда шоғырландыру әсіресе соңғы жылдары өсе түсті. Жаңаруды қалайтын азаматтар, барлық топтар Тәжікстандағы сайлауға қатысамын десе текетіреске тап болады.
Қырғызстан Коммунистік партиясының төрағасы Абсамат Масалиевте Грузиядағы жағдай елімізде қайталануы мүмкін дейді.
- Егерде біздің жетекшілік Грузиядағы жағдайдан сабақ алмаса, түсінбесе ондай жағдай бізде де болуы мүмкін.
Орталық Азия президенттері билікті Совет Одағы құлағалы бері қолдарынан шығармай, ел тұрмысын жақсартуға жол ашпай отырғаны белгілі. Түркіменстанда, айталық, бірақ партия бар. Оның өзін президент Сапармұрад Ниязов басқарады. Барлық оппозициялық қайраткерлер не түрмеде жатыр, не шетелдерде жан сауғалап жүр. Грузиядағы жағдайды Түркіменстандағы бірде бір газет жазған жоқ. Тәжікстан басшылығы тарапынан ресми сипаттама айтылмаса да, тәжік газеттері Грузия оқиғасын кеңінен жазды. 1992 жылы Тәжікстанда ұқсас жағдайда билік ауысқанда елде бес жыл бойы азаматтық соғыс оты жанды. Өзбекстанда төрт ақ партия тіркелген, бірақ олардың тамыры биліктің төңірегінде екені айдан анық. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов грузиялық үзеңгілесі, совет заманынан бері қатар келе жатқан әріптесі Эдуард Шеварнадзенің қимылын былай бағалады:
- Оның қимылына бір қане нәрсе мұрындық болды деп ойлаймын. Тұрақтылықты сақтау, бейбітшілікті сақтау, халқын жағдайдың ушығуынан алып қалу мүддесі жатыр мұнда. Әйтпесе тек Грузияда емес, барлық аймақта жағдайдың соңы болжамға көнбей кетуші еді.
Өзбекстан газеттері болса президент Кәрімовтың бұл сипаттамасына қарамақайшы әңгіме таратып жатыр. Грузия парламентін оппозицияны қолдаған халықтың басып алғанын, соңынан Шеварнадзенің өз еркімен кеткенін Өзбекстан газеттері "қара күштердің" ықпалы деп сүреттеп жатыр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев да Шеварнадзенің кеткенін Ислам Кәрімовқа ұқсап сипаттады. Назарбаев Қазақстандағы экономикалық жағдай Грузиянікіне қарағанда жақсы деп көрсетті. Шындыққа жанасатын бұл жайтты айта келе Назарбаев, дегенмен, коррупция мәселесін ауызға алған жоқ. Ал Грузиядағы ескі биліктің құлдырауы негізінен коррупциядан. Президент Назарбаев өз жеке басын американ сотында қаралып жатқан коррупциялық істен, Қазақстанның екі басшысы американ мұнай компанияларынан пара алыпты деген тергеуден аулақ әкетуге күш салып жүргені белгілі.