Чешенстандағы қақтығыс бірінші соғыс деп, төртінші жылға кеткен екінші соғыс деп есептелетін болса Мұса Мұрадов осыған ұқсас өлшемді айтады. Яғни майданның алдынғы шебінде ел астанасы "Грозненский рабочий" газетінің редакторы бұрынғы президент Борис Ельцинның заманын баспасөздің "алтын кезеңі" деп сипаттаса, қазіргі басшы Владимир Путин баспасөзге тар құрсау кигізді дейді. Былтыр қазан айында чешен жауынгерлері Мәскеу театрында адамдарды кепілдікке алған соң, Ресей үкіметі соғыс тақырыбы аясындағы баспасөзге бақылауын одан сайын қатаңдатты.
"Грозненский рабочий" газетінің ерекшілігі – ол Ресей үкіметі тарапынанда, чешен көтерілісшілері тарапынанда қысым көреді. "Журналистерді қорғау комитеті" деген американдық ұйым сөз еркіндігіне күресіп жүрген ең таңдаулы журналист деп дүние бойынша төрт маманды атаса, Мұса Мұрадов – солардың бірі. Мұса Мұрадов Борис Ельцинның қысқа заманындағы еркіндік ноқтауланып, енді бұрыңғы совет заманындағы сезім ұялады әр журналистің жүрегінде дейді:
- Ең бастысы – сол кезде әскерилер болсын, мемлекеттік чиновниктер болсын, біз ашық, бетіне сын айтатынбыз деп білемін. Ал қазір қандайда бір ішкі үрей пайда болды, бұл КГБ-ның заманындағы жағдайға ұқсайды.
Ресей үкіметі Чешенстандағы әскери науқанын халықаралық терроризмге қарсы соғыс деп сипаттап отырғаны белгілі. Чешен көтерілісшілері "Әл Қаида" сияқты исламшыл террористермен сыбайлас деген әңгіме Мәскеу тарапынан кеңінен таратылады. Құқыққорғаушы ұйымдар болса Чешенстан халқының басына туған күнді, Чешенстан баспасөзінің ахуалын үнемі сынайды. Ресей үкіметінің саясатын сынайтын батыс үкіметтері соңғы айларда Путинге жасайтын қысымдарын шектей түсті.
Мұса Мұрадов терроризмге қарсы соғыс деген халықаралық науқан журналистердің еркіндігін шектеуге теріс себеп туғызды деп тағы бір қоғамдық мәселені көтерді:
- Америкадағы 11 қыркүйектегі оқиғалардан кейін, Ирақ соғысынан кейін терроризм және терроризмге қарсы соғыс дегендер ғаламдық сипат алды. Бұл да сізге әсер етеді, ішкі үрей туғызды. Қандай да бір әскери операцияны не болмаса әскери науқанды сынайтын болсаң терроризмді қолдаушы болып қабылдануың мүмкін. Батыс әріптестерімде де мұндай сезім бар деп білемін.
"Грозненский рабочий" газетін Мұса Мұрадов бастаған журналистер қазір Мәскеуден шығарғанды жөн көреді. Себебі Грозныйдың соғыс жағдайында бұл мүмкін емес. Чешенстанға мәлімет жинауға барғанда "Грозненский рабочий" газетінің тілшілері журнаслитік құжаттарын бекітіп, қарапайым азамат сияқты қане жүреді. Ресей басшылығы Чешенстандағы жағдай тыныштала басталды деп насихаттасада, "Грозненский рабочий" газеті нақты мәліметті айтып, жасанды сүреттеуді жоққа шығарады.