Ресей парламенті – Мемлекеттік думада 225 орын болса, адамдарын депутаттыққа өткізіп алу үшін партияларға бес пайыз дауыс жинау талабы қойылды. Енді міне, демократиялық бағыттағы "Яблоко" және "Оңшыл күштер одағы" партиясына парламенттен орын табылмады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Ресей парламенттік сайлауын әділетсіз деп тапты. Бұл қортындыны осы ұйымға қарасты парламенттік ассамблеяның президенті Брюс Джордж жариялады:
- Сайлау күнгі тәртіп техникалық жағынан дұрыс өткендіктен сайлау науқанының жалпы барысы елдегі демократиялық құбылысқа нұқсан келтіргені, артқа шегінудің бір көрінісі болғаны одан сайын өкінішті.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы президент Владимир Путинді қолдайтын "Біртұтас Ресей" партиясына барлық жағдай жасалып, демократияшыл партияларға жер жерде кедергі қойылғанын көрсетіп отыр. Президентшіл партияны мемлекеттік газеттер жатып алып нәсихаттады. "Біртұтас Ресей" партиясын жер-көкке сыйғызбай мақтауға мемлекеттік бюджеттің ақшасы шексіз жұмсалды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламенттік ассамблеясының пікірін Еуропа кеңесі де қолдап отыр. Осы екі халықаралық ұйым Ресейдің 19 аймағындағы жағдайды бақылады, олар сол сияқты мемлекеттік телекомпания мен орталық сайлау комиссиясының жұмысын зерттеп отырды. Еуропалық ұйымдар Ресейдің үкіметшіл баспасөз құралдарында "қара ПР" яки жарнамалаудың әдепсіз тәсілдері кеңінен пайдаланылды, саяси қарсыластар еш ұятсыз балағатталды, қорқыту-үркіту кең етек жайды дейді. Башқортастанда, мысалы үшін, "белгісіз біреулер" "Бұлғар" деген жекеменшік радионың антеннасын кесіп кетті. Дәл осы уақытта Башқортастан халқы жұмыстан шығып қалу қаупінен қорқып, жаппай дауыс беруге иірілді. Сайлаушыларға сес көрсету сайлау бөлімшелірінің 3 пайызында орын алды, дейді бақылаушылар. Асылы, Ресей әкімдері сонау Балтық теңізі мен Тынық мұхит арасындағы ұлан байтақ кеңістікте ойына келгенін істеді.
Еуропалық ұйымдардың қортындысына АҚШ әкімшілігі де қосылады, деп мәлімдеді Ақ үй өкілі Скотт МәкКленан:
- Сайлауды бақылаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сайлау науқанының әділдігіне алаңдаушылық танытты. Әсіресе баспасөз саласына және үкімет қорларын пайдалануына қатысты күмән көп айтылды. Бұл алаңдаушылыққа біз де қосыламыз.
Ресей сайлауының қортындылары қазір жер-жерде талқыланып жатыр. Ресейдің өз басында дау үлкен екені сөзсіз. Либералды партиялардың парламенттің шығып қалғанына путиншіл партияның басшыларының бірі, "Біртұтас Ресей" партиясының тең төрағасы, Татарстан президенті Минтимер Шаймиевте өкініш білдірді:
- Оңшыл күштердің бес проценттік шектеуден аса алмағанына өкініп отырмын. Мын шыныда да өкінемін. Демократиялық реформа өтіп жатқан қоғамда оңшыл күштер болу керек деп әрқашан сеніп келемін.
Татарстан президенті Минтимер Шаймиев бұл мәлімдемесін дүйсенбі күні жасады.