Еуропа Одағы Тәжікстанға экономикалық көмек көрсетуге дайынбыз, деп әріптестікті жаңғыртуға бармыз деп мәлімдеді. Еуропа Одағы қарым-қатынастың барысы Тәжікстандағы адам құқықтарының жақсаруына тәуелді болады деп ескертті. Еуропа Одағы бұл жерде Қазақстан мен Қырғызстанның теріс мысалдарын келтіріп отыр.
Еуропа Одағы сегіз бұрынғы советтік республикамен қарым-қатынасты "Ынтымақтастық және әріптестік келісімдері" арқылы жүргізеді. Саяси, экономикалық және сауда қатынастары демократиялық қағидаларды алға қою мен адам құқықтарын сақтауға бағынады делінген бұл келісімдерде. Мұндай шарт Еуропа Одағы мен Қазақстанның арасында да жасалған. Ал оның Қазақстан жағынан орындалмауы - өз алдына жеке әңгіме. Қазақстанда сөз бостандығы мен адам құқытары өрескел бұзылып жатқаны жөнінде Еуропа Одағы бір неше рет мәселе қойды.
Тәжікстан мен Еуропа Одағының әріптестік жөніндегі келісіміне мамыр айында қол қойылады деп күтіліп отыр. Бұл туралы "Азаттық" радиосына Тәжікстан елшісі Шариф Рақымов хабарлады. Еуропа Одағы Тәжікстанға азаматтық соғыстан кейін ізгілік көмек көрсетті, басқа да техникалық жәрдем жасады. Орталық Азиядағы бұл кедей елдің кез-келген экономикалық саласына Еуропа Одағы атсалыса алады. Жыл сайын Тәжікстанға 14 миллион евроға шейін грант, яки қайтарымсыз қаржы көмегі берілуі мүмкін, мысалы үшін. Қол ұшын жалғаған халықаралық демократиялық ұйымдар әдетте көмек ел қамына жұмсалсын деп талап етеді. Себебі демократиясы кемсін кез-келген қоғамда кірістің барлығы дара билеушілер мен олардың шашбауын көтерушілерден аспайды. Қаржыны жеп қойған әкімшіл үкіметтердің қаупі, сөйтіп, бара-бара демократиялық ұйымдар мен демократиялық мемлекетерге салмақ түсіреді.
Тәжікстанға көмек көрсеткенде өте сақ болу керек, Тәжікстанның ішінде нақты экономикалық реформа жасалмаса – онда Еуропа Одағы инвестицияны шектеулі түрде кіргізу керек, дейді Лондонда орналасқан "Экономист интелледжинс юнит" басылымының редакторы Энне Уолкер:
- Тәжікстанның соңғы екі жылда зайырлы қоғам жолына анық түскені – құптарлық жай. Мүмкін бұл инвесторлардың ынтасын өсіре түседі. Дегенмен, инвестициялардың Еуропа Одағы сияқты алыс жақтан келгенше, Қытай, Үндістан және Ресей сияқты жақын көршілерден келгені жөн. Мен әлі де болса осындай ойдамын.
Тәжікстанда алдымен жер реформасы мен жекешелендіру іске асса құба-құп деп осы жылдың басында Еуропа комиссиясының президенті Романо Проди ескерткен болатын. Қол қойылатын келісімде адам құқықтарының тәртібі жөнінде қатаң талап қойса жөн, дейді "Хьюман райтс уотч" ұйымы Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Рейчел Денбер:
- Қазақстан мен Қырғызстандағы жағдай - көңілді қатты қалдырған көріністің бірі. Демократиялық еркіндікті дамыту мақсатында біз Еуропа Одағынан адам құқықтары жөніндегі маңызды мәселелерді көтеруді сұрадық. Еуропа Одағы бұл әңгімені қазақ және қырғыз өкілдерінің алдына ең негізгі мәселе ретінде қоя алмады, бұған біз қатты өкіндік. Ал ең тәуір мысалды келтіретін болсақ – Еуропа Одағы биылғы жылдың барысында нақты реформаларды талап етіп, қаңтар айында өте қатаң мәлімдеме жасады.
Еуропа Одағымен жасалатын келісімді Тәжікстанда адам құқықтарын жақсарту жолдардың бірі ретінде қабылдаған жөн, дейді "Хьюман райтс уотч" ұйымының өкілі Рейчел Денбер.