Зерттеу бойынша, Қытайда жүздеген қырғыз азаматы кепілдікте отыр, мұндай заңсыз жолмен қарыз алған олардың туыстары істерін жүргізе алмаған. Сөйтіп, бейресми мемлекеттік саудада ақылға сыймайтын жаңа шатақ пайда болды.
Бұрын-соңды елестетуге мүмкін емес мәселе, асылы, Қырғызстан мен Қытай шекарасы советтік тәртіптен кейін ашылып, өз ара сауда басталғаннан кейін пайда болды. Қытай арзан тауарларын мәшиналап-дорбалап таситын қырғыз саудагерлері ақшалары жетпей жатса – туған-туыстарын кепілдікке тастап кетеді. Бұл кез-келген мемлекеттің заңына қайшы. Нарын облысында орналасқан "Теңдеш" ұйымының төрайымы Света Саяқбаева "Соғыс және бейбітшілікті зерттеу институтына" айтқандай, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық республикасы кәсіпкерлерінің қолында жүздеген қырғыз азаматы кепілдікте қалған.
Нарын облысындағы "Тыныштық" ұйымының мәліметіне қарағанда, тауар кепілдігінде Нарын облысының кемінде 50 тұрғыны қалған. "Кепілдіктен шыға алмағанына олардың кейбіреуіне он жыл болды", - дейді ұйым төрайымы Анарқұл Оқошева. Мұрат өзін таныстырған қырғыз саудагері - "Қытайға үнемі барамын, кепілдікте қалған азаматтардың құжаттарын да алып жүремін", - деп айтты. Кепілдікте қалған азаматтар қашып кетпесін деп, олардың құжаттары тартып алынады екен.
"Соғыс және бейбітшілікті зерттеу институты" жазып отырғандай, кейбір қырғыз азаматтары кепілдікте қалған туған-туыстарын кері қайтара біліпті. Мысалы, бір әйел баласын ыдыс-аяқтың қорабына тығып, шекарадан аман-есен өткізіп алған. Бірақ сәтсіздікке ушыраған азаматтар да жеткілікті. Мысалы, Ынтымақ Молдобаев деген жас жігіт төрт тағдырласымен қоса шілде айында Қырғызстанға қайта заңсыз өтпек болған. Олар шекараны жүк мәшинесімен өтіп жатқанда сақшылардың қолына түсті. Ынтымақ Молдобаев мәшиненің запас дөңгелегі тұратын құысына тығылыпты.
Бұл шатақтан соң кепілдікте қалған азаматтардың мәселесі қалың бұқараға жетті. Үлкен шу шыққан соң, ресми мекемелер Қытайда мыңдаған азамат қалыпты-мыс деген өсек-аянды жоққа шығарды. "Кепілдікте 15-20 азаматымыз отыр, және мемлекеттің бұған араласуға құқы жоқ", - деді ішкі істер министрлігінің өкілі Руслан Қазақбаев. Мұндай мәселе жоқ деп Қытай ресми мекемелері де мәлімдеді. "Біздің елшіміз қазан айында Нарын облысында болды, жергілікті басшылар мәселе жөнінде ешқандай шағым айтқан жоқ", - деді Қытай елшілігінің баспасөз өкілі Сюн Дапең.
"Дегенмен, шағым түсірген азаматтар аты-жөндерін жариялағысы келмейді", - дейді "Теңдеш" ұйымының төрайымы Света Саяқбаева. Нарын облысындағы "Тыныштық" ұйымының төрайымы Анарқұл Оқошева айтқандай, бір әйел тауар кепілдігіне тіпті баласын тастап кетіпті. Алайда, саудасы жүрмей қалған соң бұл әйел екінші қарыз алып, кепілдікке екінші баласын тастаған. Екінші қарызынан да түк шықпаған, енді бұл ана екі баласын қалай құтқарарын білмейді. "Мұны қазір ешкім білмейді", - дейді Анарқұл Оқошева.