Қазақстанның түрмелері мен түзеу орындарында қамауда отырған адамдардың құқықтары мекеме әкімшілігі тарапынан жиі бұзылатындығы жайлы осы кезге дейін қоғамдық ұйымдар талай рет мәселе көтеріп, қамау мекемелеріне қоғамдық бақылау орнату қажеттігін айтып келеді. Қазақстандық адам құқығын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық түрме реформасы ұйымының осы мақсаттағы ұсынысы желтоқсанның 11-күні Астанда өткен жұмысшы топтың алғашқы отырысында талқыланды. Бұл жұмысшы топтың құрамында Қазақстанның әділет министрлігінің лауазымды қызметкерлері, заңгерлер және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.
Кеңес заманынан елдің ішкі істер министрлігінің қарамағында болып келген түзеу мекемелері осыдан екі жыл бұрын республиканың әділет министрлігінің қоластына өткен болатын.
Қазақстанның әділет министрлігінің өкілдері өткен екі жыл ішінде түрмеде отырғандар қатары мен олардың тарапынан жасалатын қылмыс саны недәуір азайғанын айтып, оны елдегі қылмыстық-ақтару жүйесінде жүріп жатқан реформалардың оң нәтижесі деп көрсетеді. Павлодар заң колледжі бастығының орынбасары Бекжан Бекетов бұрынғымен салыстырғанда қазір қамауда отырғандарға бірқатар жеңілдіктер жасалып отырғанын алға тартады.
Бекжан Бекетов, Павлодар заң колледжі бастығының орынбасары: - Қазір жазасын өтеп жатқандарға туыстарымен кездесуге, оларға телефон шалуына, шаш қоюына және қалағанына қарай киім киюіне рұқсат берілген.
Ал, адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның өкілі Жеміс Тұрмағамбетова елдегі қамау орындарындағы адам құқығының жайы әлі оңып кетпегенін айтады.
Ж.Тұрмағамбетова: - Қамау орындарында осы күнге дейін адам құқығын бұзу, ұрып-соғу тыйылмай келеді.
Бұл орайда Қазақстандағы қамау мекемелерінің үстінен қарайтын әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің атына сындар аз айтылып жүрген жоқ. Мәселен, қамау орындарындағы адамдардың түрме әкімшілігі тарапынан зәбір-жапа көргені жайлы жазған арыз-шағымдары мен осындай оқиғаларды тексеру кезінде қоғамдық ұйымдар өкілдері әкімшілік кедергілерге жиі тап болады. Сол себепті көп жағдайда әлгіндей жайттардың анық-қанығына көз жеткізу мүмкін болмайды. Мұның өзі түрме әкімшілігіндегілердің іс-әрекетінің заңды болатындығына күдікті күшейтіп, кейде біржақты байлам жасауға негіз болады.
Кейінгі екі айдың ішінде Астана қаласындағы ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан ондаған адамның өздеріне қол салуы, Арқалық қаласындағы жабық түрмеде Андрей Пашков есімді тұтқын жігіттің қаза болуы секілді төтенше оқиғалар Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесіне қоғамдық бақылау орнату қажеттігін көрсетіп отыр, сондықтан да қоғамдық қадағалаудың болуы әкімшілік тарапынан қамауда отырғандарды кемсіту, ұрып-соғу секілді заңсыздықтарды тиюға жол ашады дейді үкіметтік емес ұйым өкілдері. Ал бұл үшін қолданыстағы заңдарға тиісті өзгерістер енгізсе де жеткілікті дейді адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның өкілі Ж.Тұрмағамбетова.
- Өйткені қазіргі кезде Қазақстанда жаңадан заң қабылдау аз уақыт алмайды. Сондықтан бұл мәселені тым созбай, әлгіндей өзгерістерді енгізіп, жұмысты бастай беру қажет деп санаймын, - дейді Ж.Тұрмағамбетова.
Қазіргі таңда Қазақстандағы түзеу мекемелерінде 50 мыңнан астам адам қамауда жазаларын өтеп жатыр. Алдағы жаңа жылдан бастап тергеу абақтыларын да ішкі істер министрлігінің қарамағынан алып әділет министрлігіне беру белгіленіп отыр.