Accessibility links

Ресей президентінің сайлауына оппозициялық партиялар тұтас қатыспауы ықтимал


Григорий Явлинский басқаратын "Яблоко" партиясы әділетсіз өтетін науқанға жем болғымыз келмейді деді. "Оңшыл күштер Одағы" да президенттік сайлауға қатыса қоймаймыз деп жатыр.

Коммунистік партия президенттік сайлаудан бойын аулақ әкетуі мүмкін. Ортаазиялық елдердегідей әкімшіл-әміршіл жүйенің оңай орнатылуына бой бермейміз, дейді Ресей оппозициясы.

Оппозициялық партиялар наурыз айына белгіленген сайлауға қатыспай қойса президент Владимир Путин ыңғайсыз жағдайда қалады. "Яблоко" партиясының төрағасы Григорий Явлинский жексенбі күні мәлімдеме жасап, Ресейдің қазіргі саяси жағдайында сайлаудың әділ өтуі мүмкін емес деді. Ресейде бірде-бір тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралы қалмады, заң жүйесінде де тәуелсіздік құрыды, деді Явлинский.

Бас министрдің орынбасары боп істеген, сосын демократиялық бағыттағы партияның басшысы ретінде екі рет президентік сайлауда күш сынасқан Явлинский еркіндік елімізде қайта тұншықты деп біледі. Желтоқсанның басында өткен парламенттік сайлауда "Яблоко" партиясы 5-пайыздық шектеуден аса алмай, Мемлекеттік дума яки парламенттегі өкілеттігінен қағылды. Ал президентшіл бағыттағы "Біртұтас Ресей" партиясы 37 пайыздан бірақ асты. Ресейдегі қоғамдық ахуал қиындағаны осыдан ақ көрініп тұр деді Явлинский:

- Дара партиядан қана тұратын Мемлекеттік думаның құрылуы өте үрейлі жағдай, еліміз үшін оның әсері өте нашар болмақ.

Европадығы қауіпсіздік және ынтымақстастық ұйымы сияқты халықаралық демократиялық мекемелер Ресей парламенттік сайлауы әділ өткен жоқ деп тапты. "Яблоко" партиясының президенттік сайлауға қатыспаймыз дегеніне "Оңшыл күштер Одағы" қосылуға ниет танытты. Григорий Явлинскийдің пайымдауынша, демократиялық бағыттағы партиялар тек біріксе аман қалмақ. "Яблоко" партиясымен "Оңшыл күштер Одағының" арасында бұл жөнінде келіссөз жүріп жатыр. "Мәскеу Карнеги орталығының" талдаушысы Мария Липман бұл бастаманың нәтижесіне күмәндәнәді. Бірігу жөнінде әңгіме соңғы жылдары ара-тұра көтерілгенімен, әсіресе парламенттік сайлаудың қарсаңында көтерілгенімен, нәтиже осы күнге шейін шыққан емес, дейді Мария Липман:

- Путинді қолдамаймын, президентік сайлауға үміткер ретінде қатыспаймын және өз қолдаушыларымның ықылас-ынатасын Путинге бұрмаймын деп Явлинскийдің айтқаны бірлескен демократиялық бағытты танытады. Дегенмен, бұл екі қатарлас партияның бірлескен ұстанымы ретінде қабылдана алмайды.

"Мәскеу Карнеги орталығының" талдаушысы Мария Липманның айтынша, демократиялық партиялар Путинді жақтырмайтындарын енді жасыра алмайды. Осы күнге шейін олар Ресейде Путиннен басқысының барлығын сынайтын, дейді Мария Липман. "Яблоко" партиясына ұқсап президенттік сайлауға Коммунистік партияның қарсылық танытуы әлі белгісіз. Путинмен 2000-шы жылғы сайлауда күш сынасқан Коммунистік партияның төрағасы Геннадий Зюганов қазір түрлі кеңес құрып жатыр. Ал Путинның өз басына келетін болсақ ол наурыз айындағы сайлаудан оңай өтіп, екінші мерзімге қалатын көрінеді. Бірақ демократиялық партиялар сайлаудан аулақ кетсе - Путинның жеңісі қаухарсыз көрінбек, дейді Мария Липман.
XS
SM
MD
LG