Бұл суыт хабарды сейсенбі күні Ерболаттың өзі радиомыздың Астанадағы бюросына телефон арқылы хабарлады.
Ақтөбелік жас жігіт бұл оқиғаны өзінің саяси көзқарасымен байланыстырады.
- Желтоқсанның 23-күні кешкілік белгілі қоғам қайраткері Айсұлы Қадырбаеваның үйінен жұмысқа кетіп бара жатқанымда қалтарыс көшеде белгісіз 5-6 адам маған тарпа бас салды. Олар жалғыз келе жатқан мені қоршап алып, тепкінің астына алмақ болды. Әлгілердің біреуі қолындағы затпен мені құлаштап ұрмақ болып еді, абырой болғанда мен оның соққысынан жалтарып үлгердім. Дегенмен қыс-қағым сәтте қол тигізіп үлгерді. Бір кезде сәтін тауып, сытылып шығып, қашып құтылдым. Әлгілердің барлығы мені оңаша жерден аңдып қарсы алғаны және бірден соққының астына алуы бұл оқиға көшедегі бұзақылардың ісі емес, бәлкім жергілікті билікке жақын адамдардың маған қарсы әдейі ұйымдастырғаны деп түсінемін. Олар осылайша мені қорқытып, сескендірмек болған шығар, Бірақ, мен бәрібір өз пікірімнен қайтпаймын, - дейді 22-жастағы қазақ жігіті Ерболат Сатыбалды.
Ерболат Ақтөбедегі университетте Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы бола жүріп, сондағы білім алып жатқан студент жастардың басын біріктіретін «Мұрагер» клубын ұйымдастарғанын, ал биылғы жыл басында Қазақстан қоғамында жер мәселесі төңірегінде қызу айтыс-тартыс туған кезде Ақтөбе қаласында өзімен пікірлестерден жерді жеке меншікке беруге қарсы қол жинаумен айнысқанын және кейіннен бұл азаматтың жергілікті билік тарапынан қудалауға түскенін кезінде «Азаттық» радиосы хабарлаған болатын. Содан бергі өткен уақыт ішінде Ерболат заңды тәртібімен тіркелмеген ұйым басқарғаны үшін сотқа тартылды, еңбек келісімінің мерзімі бітті деген желеумен университеттегі оқытушылық қызметінен де шеттелді. Әйтседе ол қоғамдық қызметтен қол үзген жоқ. Ерболат жақында Астанда өткен Қазақстанның отаншыл жастар одағы ұйымының жиынына қатысып, енді осы ұйымның жұмысын Ақтөбе жерінде жандандыруға ниеті барын айтып кеткен болатын.