Зауытбек Тұрысбеков Қазақстанның ішкі істер министрі қызметіне келген үш айдың ішінде осы сала бірқатар жаңа өзгерістерді өткерді. Мәселен, елдегі 5 мыңнан астам учаскелік сақшылардың мәртебесін күшейтіп, жалақысын көтеруді жаңа министр парламент пен үкіметтің алдына қойды. Бас полицей бұл мақсатқа қажетті ақшаны министрлікке келесі жылға бөлінген қаржыдан табуға мүмкіндік бар екенін дәлелдеп, нәтижесінде алдағы жылдан бастап елдегі сақшылар кемінде 40 мың теңге айлық алатын болып отыр дейді министр З.Тұрысбеков. Ол өзі басқаратын министрлікте әлі де өзгерістердің жалғасатынын айтады.
Зауытбек Тұрысбеков, Қазақстанның ішкі істер министрі:
- Қазір республика бойынша жол полициясында бес мың қызметкер бар. Биылғы қыркүйек айынынан бері 0,5 пайыз ғана бос орын болды. Жол полициясы қызметкерлері арасындағы парақорлық мәселесі кеңес замаынан бері мәлім жайт. Алдағы уақытта жол полициясына қызметкерлерді тек қана конкурс арқылы қабылдау тәртібін енгізетін боламыз. Оған кез-келген азамат тілек білдіре алады, олар министрліктен тиісті емтиханнан өткеннен кейін, арнайы үш айлық курстарға оқуға жібереміз. Содан соң барып жол полициясына қызмет атқаруға жолдама алады. Тағы бір мәселе – жол полициясы бекеттері. Мен қызметке келгелі үлкен жолдың бойындағы жол полициясы бекеттерінің санын 69-дан 31-ге дейін қысқарттық. Алайда, бұған қарсы дау айтқандар болды. Олар әлгі жолда апат оқиғалары мен өлім көбейеді деп байбалам салды. Бірақ, статистиканы алып қарасақ, үлкен жол бойында тіркелген апаттарда қазамен аяқталған оқиғалардың үлесі небары 3 пайыз болған. Себебі, жаңағыдай бекеттердің жанынан ешкім жылдамдықты асырып өтпейді. Гәп мынада: жол бойында көлік жүргізушілерінен пара алумен көбінесе әлгіндей бекеттерде тұратын жол полициясы қызметкерлері айналысатын. Олар алған ақшасымен өздерінен жоғары тұрған басшы адамдармен бөліске салып келгені де жасырын емес. Сондықтан біз әлгі бекеттердің санын қысқартып, тек кейбір маңызды деген тұстарда қалдырдық.
Сонымен бірге министр З.Тұрысбеков жол тәртібін бұзған көлік жүргізушілеріне айыппұл мөлшерін көтерген дұрыс деп санайды:
- Қазір барлық айып салынғандардың тек 38 пайызы ғана айыппұл төлейді. Қалғандары тіпті бармайды да. Себебі, айыппұл мөлшері аз – бар болғаны 860 теңге ($1=145 теңге), сондықтан айыппұл деңгейін ұлғайту қажет және азаматтарға оны дер кезінде төлемегені үшін де қосымша ақшалай үстеме төлету тәртібін енгізген дұрыс деп санаймыз. Сондай-ақ, жол ережесін өрескел немесе үнемі бұзатындарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу керек, – дейді министр З.Тұрысбеков.
З.Тұрысбеков өзі басқаратын министрліктің орталық аппаратының штат санында 1250 адамның болуы тым көп деген пікір айтады. Алдағы уақытта олардың мөлшері 30 пайызға кемитін болады дейді Қазақстанның ішкі істер министрі.