Accessibility links

Қазақстанның ішкі істер құрамы сәрсенбіден бастап күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді


Жаңа жылдық мереке күндеріне орай Қазақстанның ішкі істер құрамы желтоқсанның 31-інен бастап күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қаңтар айының 5-іне дейін жалғасатын бұл шараға ішкі істер құрамындағы қызметкерлердің 65-ы пайызы жұмылдырылғалы отыр.

Қазақстан жұртшылығы 2004 жылғы қаңтар айының алғашқы төрт күні бойында демалады. Осыған байланысты елдің ішкі істер министрі мереке күндері республика көлемінде қоғамдық тәртіптің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында желтоқсанның 31-нен бастап жеке құрамды күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіру туралы бұйрық шығарды. Бұл туралы желтоқсанның соңғы күні радиомыздың тілшісіне Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қазымбек Алпысбаев хабарлады:

- Қазақстан ІІМ министрінің бұйрығына сәйкес көшелерде кезекшілік атқаратын ішкі істер қызметкерлерінің саны көбейтіліп, олар мерекелік шаралар өтетін қоғамдық орындарды ерекше бақылауға алады. Бұған ішкі істер органдары мен ішкі істер әскери бөлімше қызметкерлері және министрлікке қарайтын оқу орындарының курсанттары жұмылдырылады. Бүкіл республика көлемінде аудан, қалалардың ішкі істер органдары осы мереке күндері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілетін болады. Жалпы бұл шараға жеке құрамның 65-пайызы қамтылады.

Әдеттегідей, жылдың соңғы түнін келер жылдың алғашқы таңына ұрып өткізетін жұртшылық үшін Астанада биыл да бірнеше жерден арнайы мұз қалашықтары мен көпшілік сауық орындары орнатылған. Бұл күні қаладағы қоғамдық көлік түн ортасы ауғанша жұмыс істемек. Желтоқсанның күнгі кешкі сағат 9-дан бастап Астанадағы бірқатар орталық көшелерде қоғамдық көліктен басқа көлік түрлерінің жүруіне уақытша шектеу енгізіледі. Көлік саны жыл сайын артып, қазіргі таңда 65 мыңға жеткен Астанада аяқталып отырған жылы көшедегі жол апаттарынан 65 адам қаза тауып, бір жарым мыңнан астам адам әтүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алыпты.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG