АҚШ азаматы Нейл Буш қазақ жеріне бұл сапарында «Ignite» деп аталатын жеке меншік корпорацияның басшысы ретінде келіп отырғанын айтады. Бұл корпорация білім беру саласында қызмет атқарады.
Қазақстандықтармен кездесулерде сөйлеген сөзінде Н.Буш саясаттан өзінің аулақ екенін үнемі айтумен болды. Әйткенмен де Қазақстанның ақпарат құралдары бұл адамның көлденең көк атты кісі емес, АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі президенттерінің етжақын туысы екендігін жұртшылыққа кеңінен жария етіп жатыр. Н.Буш мырзамен кездескен қазақстандықтар бірнеше саясаткер шыққан отбасының мүшесіне үлкен саясат жайлы да сұрақтар қойды.
Сәрсенбі күні Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде өткен кездесуде студенттер алдында американдық мейман өз ағасы, АҚШ-тың қазіргі президенті Дж. Буштың екінші мәрте президент сайлауына түсетіні жайлы қойылған сауалдарға жауап берді.
- Менің ағамның екінші мерзімге сайлауға түсетіні сөзсіз. Ал мен оның осы сайлауда жеңіске жетуіне мүмкіндік мол деп санаймын. Оның екі себебі бар: біріншіден, АҚШ экономикасы көтеріліп келеді, екіншіден сайлау кезінде қатардағы сайлаушының қалтасында ақша сылдыры жақсы естілсе, ол сол ақшаны табуға жағдай жасаған адамға өз дауысын береді, - дейді АҚШ президентінің інісі.
- Тіпті, АҚШ экономикасының жағдайы онша болмай жатса да, американдықтар оған өз дауысын береді, себебі ол американдықтардың көңілінен шығатын тұлға, - деп өз ағасына баға берді Н.Буш.
Осы жолғы сапар кезінде қазақстандық «Хабар» агенттігіне берген сұқбатында Н.Буш жақын келешекте өз отбасынан мемлекет басқаратын тағы бір адам шығатыны ықтимал екенін айтты. Яғни, АҚШ-та 2008 жылы өтетін президент сайлауына Джон Эллес Буш түсуі мүмкін екені айтылды. Ол бұған дейін Флорида штатының губернаторы болған адам.
Бір әулеттен мемлекет басқарған бірнеше адамның шығуы қазір тек АҚШ-қа ғана тән құбылыс емес. Оның өзіндік нұсқасы өткен жылы ТМД елдері арасында Әзірбайжанда жүзеге асып, президенттік қызмет әкеден балаға ауысқан болатын. Кеңестік билік тұсында Әзірбайжанды ұзақ жылдар басқарған, одан кейін, азғана үзілістен соң, тәуелсіздік кезеңде қайтадан билік басына келген Гейдар Әлиевтің дәурені 2003 жылы аяқталып, ол өз орнына баласы Ильхамды қойып кетті. Сарапшылар әзірбайжандық бұл тәжірибенің сәл ғана өзгертіліп ортаазиялық өзге елдерде қолданылуы мүмкін екенін айтады. Мысалы, Қазақстанды соңғы 14 жылдан астам уақыт басқарып келе жатқан елдің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева өткен жылдың соңында «Асар» атты саяси партия құрып, өзі сол партияның жетекшісі болып сайланды. Аз ғана уақыттың ішінде әділет министрлігінің лауазымды адамдарының қолынан тіркеу құжатын алған бұл партия Қазақстанда биыл күзде өтетін парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеп үлгерді.