Accessibility links

Қазақстанда өлім жазасының орнына жыл басынан бері өмірлік түрмеге жабу жазасы еңгізілді


Қазақстанда өлім жазасының орнына жыл басынан бері өмірлік түрмеге жабу жазасы еңгізілді. Сөйтіп, Қазақстан Еуропадағы ынтымақтастық және әріптестік ұйымының талабына көнді. Орталық Азияда мұндай игі қадамға алдымен Қырғызстан барды. Ал Тәжікстан мен Өзбекстан үкіметтері өлім жазасынан әлі бас тартқан жоқ.

Өткен жылдың қазан айында қане президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қоғымы бұл өзгеріске дайын емес деп, өлім жазасының тоқтатылуына жылы қабақ танытпады. Енді міне Қазақстан басшылығы көзқарасын тез арада өзгертіп, еуропалық ортақ ұйымның байырғы талабына көнді. Еуропа Одағы Парламент ассамблеясының президенті Питер Шайдер Қазақстанның шешімін жылы қабылдады, бұл парламенттік демократияны, заң мәртебесін және адам құқықтарын арттырудағы маңызды қимыл деп сипаттады.

Дегенмен, Қазақстан парламентінің депутаты Рамазан Сарпеков мораторий яки уақытша шектеудің еңгізілуінен өлім үкімдерін шығару бірден тоқтатылмайды деп сипаттап отыр.

Өмірлік абақтыға кесілгендерге арнап Павлодар қаласының маңайында аса қатаң абақты салынбақ. Қазақстан әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов "Интерфакс" агенттігіне айтқандай, биыл өмірлік абақтыға 30-40 азамат кесілуі мүмкін. Олар не бір адамға, не төрт адамға арналған камераларға отырғызылады. Жұмысқа тартылмайды. Күніне бір сағат таза ауа жұту мүмкіншілігі қарастырылған.

Қазақстанда қанша азамат өлім жазасына кесілгені 1998 жылдан бері ресми жарияланбады. Дегенмен, өлім жазасын қолдану жылдан жылға азайып келгені айтылды, деп хабарлайды "Амнести интернешнл" құқыққорғау ұйымы. 2001 жылы 39 азамат атылса, 2002 жылы 18 азамат өліммен жазаланды. Еуропа қауымдастығының өлім жазасын тоқтату ұмтылысында адам өміріне тек жаратқан әмірші, өлім жазасына кесу қылмыскерлікті қысқартпайды деген түсінік жатыр.

Еуропадағы ынтымақтастық және әріптестік ұйымының өкілі Энн Крауфорд Қазақстан үкіметінің шешімін ұйым мүшелігіндегі міндеттемесін орындағаны деп қабылдаймыз деді:

- Өлім жазасына мораторий енгізу жөніндегі Қазақстанның қадамы өлім жазасын тоқтату жөніндегі жалпы мақсатымызға сәйкес. Еуропадағы ынтымақтастық және әріптестік ұйымына мүше елдердің бірең сараңы қане өлім үкімін шығаруды және өлім жазасын іске асыруды тоқтатпай отыр. Бұлар – Беларус, Тәжікстан, Өзбекстан және Америка Құрама Штаттары.

Орталық Азияда өлім жазасын алдымен Қырғызстан тоқтатқан. Тәжікстан мен Өзбекстан үкіметтері өлім жазасынан әлі бас тартқан жоқ, өлім үкіміне негіз болатын қылмыстардың тізімін қане қысқартты. Тәжікстанда, сондай ақ, әйелдер өлім жазасынан босатылды.

Түркіменстан өлім жазасын 1999 жылы тоқтатты. Бірақ, 2002 жылы өмірлік абақтыға кесілген Борис Шихмұрадов бастаған оппозиция серкелерінің аман саулығынан нақты хабар әлі жоқ, мысалы үшін. Түркіменстанда өмірлік абақты дегеннің өзі жоқ болатын, баяғы сол "халықтың сұрауы" деген желеумен авторитарлық президент Сапармұрад Ниязов өзіне қажет болғанда кез-келген заңды қайта жазғыза салады.
XS
SM
MD
LG