Ресей делегациясының төрағасы Александр Алексеев Тұрақты кеңесте өткен аптада сөйлегенде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы екі жүзді саясат жүргізеді деп мәлімдеді. Бұған дәлел – ұйым бұрынғы Совет Одағы елдері мен Балкан елдеріндегі сайлауларды қане бақылайды, Батыс елдеріне бас сұқпайды, деді Александр Алексеев. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері мұны жоққа шығарды, 2002 жылы АҚШ-тың Флорида штатында конгресс сайлауы, желтоқсан айында Британиядағы жергілікті сайлаулар, сол сияқты Франция мен Түркия сайлаулары бақыланғанынан дерек келтірілді.
Ресей өкілі өз айтқанынан қайтпады. Шығыс пен Батыс арасындағы оқиғаларды сараптауда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тепетеңдік сақтамайды деген көзқарастамыз, дейді Ресей өкілі. Батыс елдерінің делегациялары болса Ресей тарапына өз наразылықтарын білдірді, ұзаққа созылған мәселелердің шешілмей жатқанына Ресей жауапты деген сын айтылды. Ресей осыдан төрт жылдан аса бұрын айтылған сөзге қарамай Приднестровье аймағынан және Грузиядан әскерін шегіндірмей отырғаны сыналды. Ресей мен Батыс қауымдастығының бұл мәселелердегі араздығы соншалықты қалың екені желтоқсан айында Голландияда өткен жиында көрінді. Ресей Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ережесіндегі вето құқын пайдаланып, Грузия және Приднестровье мен Молдова мәселелерінде қортынды қаулыны шығартқызбады. Ұйым ережесінде кез-келген ірі шешім тек барлық тараптың бірауызды келісімімен қабылданады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жаңа кезекті төрағасы, Болғария сыртқы істер министрі Соломон Пасси екі арадағы кекілжіңнің баяу шешіліп жатқанын мойындайды. Ұйымның Шешенстандағы өкілеттігінің қайта ашылуы екі талай, Ресей үкіметі өткен жылдың басынан бері өкілеттіктің жұмысына рұқсат бермей отыр. Соломон Пасси шоғырланған мәселелер жақын арада шешілетін емес дейді:
- Молдова және Приднестровье мәселесінде кейбір келісімдерге биыл қол жеткіземіз деген үміттемін. Бірақ дәл биыл бұл мәселеде түбегейлі шешім табамыз деген оптимистік көзқарас таныта алмаймын. Бірақ біз әрекет жасаймыз.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жаңа кезекті төрағасы Соломон Пасси Түркіменстан мен Беларус қақында да батыл қимыл жасаймыз, олардың оқшалануына жол бермейміз деді. Ұйымның жаңа төрағасы терроризмге қарсы соғыс, халықаралық қылмыскерлік, адам саудасы сияқты аса ауыр мәселелерде Біріккен Ұлттар Ұйымы қатарындағы мекемелермен қоян-қолтық жұмыс арттыралады деп сендірді. Антисемитизм яки еврейлерді кемсіту сияқты қоғамдық мәселелерге де баса көңіл бөлеміз, деді Соломон Пасси. Жаңа төраға қырғи қабақ соғысы кезінде ұйым темір пердені бұзуға қалай еңбек сіңірсе, миллиондаған халықтың көңілін қазірде солай ақтаймыз деген сенімде.