АҚШ елшісі Карлос Паскуаль өткен жылдың қыркүйек айынан бері Еуропа мен Еуразияға АҚШ тарапынан берілетін жәрдемнің үйлестірушісі болып қызмет атқарады. Жыл сайын 1,1 млрд доллар көлеміндегі бұл көмек осы елдерде нарықты дамыту және саяси реформаларды жүзеге асыруға қолдау таныту мақсатында бөлініп келеді.
Жұма күні Астанада журналистермен өткен кездесуде елші Карлос Паскуаль Қазақстанның экономикалық қуаты мол мемлекет екенін, бұл республиканың әлемдегі дамыған елдердің қатарына кірігуіне өз үкіметінің мүдделі екенін айтты.
- Ал бұл үшін Қазақстан экономикалық реформалармен бірге адам құқықтарын құрметтеуді, әділ сайлау өткізуді, баспасөздің тәуелсіз болуын және саяси партиялардың сайлауға еркін қатысуын қамтамасыз ететіндей демократиялық жаңартуларды жүргізгенін қалаймыз, - деді Карлос Паскуаль.
Өз сөзінде ол Қазақстан қоғамында оппозиция өкілдерінің өз пікірін ашық білдіруге мүмкіндігі болуы тиіс дегенді атап айтты. Мұнан кейін елші К.Паскуаль Қазақстан оппозициясына қатысты қойылған сұраққа берген жауабында Қазақстан сотымен қылмыскер деп танылған журналист Сергей Дуванов пен бұрынғы облысы әкімі, қазірде түрмеде отырған Ғалымжан Жақияновтың сот істеріне байланысты АҚШ үкіметі тарапынан алаңдаушылық білдірілгенін айтты. АҚШ жағы бұл істің саяси астары бар деп санайды.
«Азаттық» радиосы: - Егер Ғ.Жақиянов саяси тұтқын боп танылса, ол ақталуға жата ма, әлде оған қарамастан, қылмыскер деп санала бере ме?
К.Паскуаль: - Қазіргі таңда, ең алдымен, Ғ.Жақияновтың бостандыққа шығуы маңызды, ал екіншіден кез-келген жағдайда сот ісі әділетті түрде жүруі тиіс.
Қазірде Қазақстан парламентінде талқыланып жатқан сайлау туралы заң жобасына қатысты айтқан сөзінде елші Карлос Паскуаль бұл заңда барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын құру мен сайлау тізімін жасау тәртібінің халықаралық талаптарға сәйкес болуының маңыздылығын атап өтті.
- Қазақстанның «БАҚ туралы» заң жобасындағы баптар елдің ақпарат министрлігіне кез-келген ақпарат құралын жауып тастауға мүмкіндік береді, - дейді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі.
Ол өзінің бұл жолғы Астанаға келуінің бір себебі - осы мәселелер төңірегінде Қазақстан үкіметінің өкілдерімен пікір алмасып, талқылау екенін айтты. АҚШ делегациясының бұл жолғы сапар бағдарламасына Қазақстаннан өзге Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдері кіріп отыр.