Екі мемелекеттің демаркация жөніндегі комиссия мүшелері Қазақстанның Сарыағаш ауданында болып сондағы жағдайды өз көздерімен көрді.
Енді наурыздың ортасында Қазақстан мен Өзбекстан аралық үкіметтік комиссиялар Қазақстанның Мақтаарал ауданына бармақшы. Жалпысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 2159 шақырым шекара сызығын белгілеу шарасы заңдық тұрғыда рәсімделіп, бұл жөніндегі келісімге екі мемелекет басшылары 2002 жылдың қыркүйек айында Астанада қол қойды. Осы келісімге сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан арасында дау талас туғызып келген Бағыс ауылы мен Арнасай су қоймасы Қазақстанда қалып, ал түгелдей қазақтар тұратын Түркістан ауылы Өзбекстанға берілді. Онымен қоймай Қызыл-Орда облысынан Нысан-1, Нысан-2 елді мекендері мен Баймұрат ауылы Өзбекстанға берілді.
Қазақстанның демаркациялау комиссиясының мүшесі Бексейіт Дүйсебаебтың айтуынша бүгінгі күні Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара мәселесінде проблема туғызып отырған нәрсе жоқ. Алайда, ол шекара сызығының кейбір ауыл үстінен өтетіндігін де жоққа шығармайды. Бұл ақырындап өз шешімін табатын мәселе дейді ол.
Алайда Қазақстанның Патриоттар партиясының атқару комитетінің мүшесі Орал Сәулебай болса Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара мәселесі әлі өз шешімін тапқан жоқ, шекара сызығы үстінен өтетін қазақ ауылдарының мәселесін шешу керек дейді ол. Өзбек шекарасына тиіп тұрған Бағыс ауылының тұрғыны Азамат Қоңырбекова болса, шекараның аржағында қалған Түркістан секілді қазақ ауылдарындағы туыс туғандарына бару, хабарласу ісі өте қиын іс болды, өзбек шекарашылары мылтықтарын шошаңдатып, оқ атудан да тайынбай отыр, әсіресе өлім жітім кезінде қиын екен дейді.
Біз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара мәселесіне байланысты Алматыдағы Өзбекстан елшілігіне хабарласып, мән-жайды білмек болғанымызда, Өзбекстан елшілігінің екінші хатшысы Акмал Иғамбердиев өзінің уақыты жоқ екендігін айтып, жарты сағаттан кейін хабарласуымызды өтінді. Алайда жарты сағаттан кейін хабарласқан кезімізде, телефон тұтқасын ешкім көтермеді. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе техникалық себептерден туындап отырған уақытша мәселе. «Бұл өз шешімін таяу арада табады» дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.