Бұдан 30 жыл бұрын ғана Қытайдың әрбір отбасындағы орташа бала саны бесеу болатын. Жер бетіндегі халқы тығыз орналасқан елдердің бірі саналатын Қытай мемлекетінің әр отбасында бір ғана бала болсын деген шектеу саясаты үкімет көздеген нәтиже әкелді, соңғы жылдары Қытайда халық өсімінің тоқтауымен бірге, төмендегені де байқалды.
Қытай ұлттық статистика комитеті 1 миллиард 300 миллионыншы бала шамамен 6 қаңтар күні туады деген болжам жасаған болатын. Міне, олардың сол сәуегейлігі де дәл шықты. Енді Қытайдың ресми билігі 1 миллиард 300 миллионыншы сәбидің туғаны жөнінде жаһанға жар салып жатыр.
Әрине, халқының саны орташа елдерде мұндай деңгейге жетудің өзіндік қиыншылықтары болары айқын. Ал Қытай сияқты мемлекет үшін демографтар мұны тұрғындардың өсу жағдайын реттеп, бақылауға ала білген табыс ретінде сипаттайды. Вашингтондағы арнайы мекеменің демографы Карл Хоб былай дейді:
– 1950 жылы Қытайда әр әйелге алты баладан келетін. 1970 жылдары бұл көрсеткіш беске теңелді. Бұл, әрине, өте жоғары. Ал 1980 жылдары бұл цифр екі есеге қысқарып, 2,5-нан келетін болды, ал бүгінде бұл көрсеткіш 1,8 деңгейде, әрине, мұның өзі ғаламат қысқару деуге болады.
Қытайда әр шаңырақта бір ғана бала болсын деген шектеу саясаты 1979 жылы Қытай коммунистік үкіметі демографиялық жылдам өсудің соңы аштыққа апарып соғады деп қауіптенгеннен кейін басталды. Тек 25 жылдан кейін ғана Қытайда бала туу коэффициенті төмендеді.
Қытайдың Синхуа жаңалықтар агенттігі ел билігінің «бір шаңыраққа – бір бала» саясатының табысы тіпті жоғары болды, ол халық санының 1 миллиард 300 миллионға жету шегін төрт жылға кейінге шегерді деп хабарлады. Мұнымен қатар осы саясат Қытайдағы өзгерістер, экономикалық қарқынды өсу кезеңіне тап келді. Қытай қыздары тұрмыс құрып, ана болудан гөрі жұмыс күшіне көбірек тартылатын болды.
Кейінгі бес жыл бойына Шанхайда тұрып келе жатқан журналист Дэвид Остерхоуттың пікірі мынандай:
– Адамдардың, әсіресе жастардың көпшілігі байып, дәулетті болған сайын Батыстағы сияқты олар да отбасында адам санының көп болғанын қаламайды. Жастар алдымен үй сатып алу үшін және басқа да өмірлік қажеттіліктерге көбірек қаржы жинап алғысы келеді. Шынын айтқанда, мен бір үйде бір баладан артық болмасын деген саясатқа наразылық білдірген қытайды естіген емеспін, олардың көпшілігі үшін сол бір бала жеткілікті көрінеді.
Демографиялық өсудің біршама тежеліп, саябырлауы Қытай экономикасына да өзіндік ықпал етті. Бұл үкіметтің мектепке, бала бақшаға, басқа да әлеуметтік салаға арналған шығындарын екі онжылдық бойына біршама тұрақтандырды. Оның орнына мемлекет елдің индустриалды секторын дамытуға көп-күш жігерін бөлді.
Лондондағы экономика мектебінің Азия зерттеу орталығы директорының орынбасары Ахтар Хұссеиннің пікірі:
– Бір бала саясатының ең үлкен бір оң әсері – мектептегі бала саны қазірде 1982 жылғымен бірдей. Ал экономикасы дамып бара жатқан елде білім беру саласы да өте маңызды болып табылады. Мәселен, біздің білуімізше, оңтүстік Азияда және басқа халық саны артып отырған елдерде мемлекет білім беру саласын да сол деңгейде ұстап тұру үшін оған көп қаржы бөледі. Соның нәтижесіндей Қытайда бір балаға үкімет те, ата-ана да оның оқуына деген қаржыны қарастырады, олар білім сапасын санға айырбастамайды.
1 миллиард 300 миллион тұрғын Қытайдың демографиялық өсу шегіндегі ең жоғары көрсеткіш ретінде қалуы мүмкін. Бір отбасына бір-бір жарым бала саясатымен Қытай халқының саны 1 миллиард 450 миллион болатын деңгейге алдағы үш онжылдықта жетеді.
Ол уақытқа қарай әлемдегі халқының саны ең көп ел – тұрғындары 1 миллиард 600 миллионға жететін Үндістан болады деген болжам бар.