Бұл жиынға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше отызға жуық елден және де БҰҰ, Халықаралық көші-қон ұйымы, Халықаралық қызыл жарты ай сияқты бірқатар халықаралық ұйымдардан 100-ден астам өкілдер қатысып отыр.
Жиынды ұйымдастырушы ЕҚЫҰ-ның Венадағы орталық штаб пәтерінде экономика және экология мәселелеріне жауапты үйлестірушінің орынбасары Марк Балтестің айтуынша, халықаралық көші-қон мәселесі ең күрделі, ең өзекті мәселенің бірі болып қалып отыр. Сондықтан да осы жылдың мамыр айында Чехия астанасы Прага қаласында өтетін ЕҚЫҰ-ның экономикалық форумының басты тақырыбы осы көші-қон мәселесі болмақ.
Халықаралық сарапшылар көші-қон мәселесін талқылаған кезде оның экономикалық және қауіпсіздік, сондай-ақ экологиялық себеп-салдарын жақсылап талқылау керектігін айтады. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон жөніндегі комитеті төрағасы Жазбек Әбдиевтің айтуынша, Қазақстанда қазір экономикалық және экологиялық миграция жүріп жатыр.
- Бұрынғы совет одағы ыдыраған соң экономикасы басқаларға қарағанда тәуірірек екі мемлекет - Ресей мен Қазақстанға қарай көршілес елдерден заңсыз мигранттар ағыла бастады, оған қарсы тосқауыл қою өте қиын болып отыр. Қазақстанда көші-қон мәселесін реттейтін көші-қон заңы деген бар. Бірақ бұл заңға біраз өзгертулер жасау керек болып отыр. Ол үшін халықаралық ұйымдардың осы көші-қон саласындағы тәжірибелері өте маңызды болмақ, - дейді ол.
Ал осы көші-қон комитетінің еңбек көші-қоны бөлімінің бастығы Сымбат Нұрсейітованың айтуынша, Қазақстан жыл сайын шетелдерден 10 мыңдаған маманды жұмыс істеуге шақырады. Оның айтуынша, бұндай мамандар елде жоқ болғандықтан шақырылады. Көбінесе Түркия, Қытай, Британиядан келеді.
Алайда Қазақстанда дәл бүгінгі күні қанша заңсыз мигрант жүргенін айту өте қиын дейді ол.