Былтыр күзде өткен парламент сайлауының ресми нәтижелеріне келіспейтін «Ақ жол» партиясы енді Орталық сайлау комиссиясының үстінен Жоғарғы сотқа жүгінбекші.
- Қазан айының 29-да парламент мәжілісі сайлауының нәтижелеріне орай «Ақ жол» партиясының кезекті съезінде мен депутаттық мандаттан бас тарттым. Ал қарашаның 2-де бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясына арызымды бердім. Олар арызды қабылдап алды. Қабылдап алғандығы жөнінде құжат бар. Яғни, қарашаның 4-і күні олар хаттамаға басым көпшілігі қол қойған, бірақ төраға қол қоймаған, - деді «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Әлихан Бәйменов дүйсенбі күні журналистерге.
Алайда, оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы 2,5 ай бойы тиісті шешім шығармаған.
- Осыған сәйкес Жоғарғы сотқа өтініш жасап, одан шешімді талап еткіміз келді. Сол кезде кенеттен қаңтардың 14-де мені тіркеу жөнінде шешім шығады. Бұл ешқандай қисынға - заңға да, Конституцияға да сәйкес келмейді, - деді Әлихан Бәйменов.
Ол бұны "әдейі жасалып отырған саяси қадам" деп атады.
- Үш жыл партия басқарып келе жатқанда үйреніп қалдым: биліктен тыс кейбір күштер мені билікпен астыртын ойын ойнап жүрген саяси қайраткер ретінде көрсеткісі келетін сияқты. Мен бұл қадамды сондай саяси күштердің әрекеті деп санаймын.
Ал Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қуандық Тұрғанқұлов өздерінің қаңтардың 14-і күні Әлихан Байменовті депутат ретінде тіркеу туралы шығарған қаулыда "ешқандай саяси астар жоқ" деп мәлімдеді.
- Өздері өтініш жасады "мәселені шешіңіздер" деп. Негізінен бұл бұрын да шешіліп отырған мәселе. Заң бойынша партиялық тізіммен Бәйменов мырза депутат болып тіркелуі керек болатын, - деді Қуандық Тұрғанқұлов.
Бірақ бұған дейін «Ақ жол» партиясы атынан ешкімді тіркемегендерінің себебін ол былай түсіндірді:
- Олар өздері баспасөзде: «Мына сайлау заңсыз. Депутат болмаймыз» деді. Сондықтан біз кішкене тоқтаттық.
Орталық сайлау комиссиясының шешімін заңсыз деп отырған Әлихан Байменов енді өздерінің Жоғарғы сотқа дейін шағымданып, әділетті шешімге қол жеткізу үшін күресетіндіктерін мәлімдеді:
- Бір ғана дұрыс жол - мандаттан бас тарту туралы арызымды қанағаттандырып, ол мандатты келесі адамға беру.
Ал «Ақ жол» партиясының партиялық тізім бойынша тіркелген келесі өкілі теңтөраға Алтынбек Сәрсенбайұлы болса, мандаттан бас тартатындығын алдын-ала мәлімдеп отыр.
- Мен сайлаудың әділетсіз өткендігі үшін министр қызметінен де бас тарттым. Егер парламентқа барып, сайлауды дұрыс өткенін көз жеткізгендей болсам, түсініксіз болар еді, - деді Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Сонымен, «Ақ жол» партиясының депутаттық мандаты кімге бұйырады? Әлихан Байменов бұл сауалға жауапты партия съезі береді деп отыр:
- Оны таяуда болатын съезде шешеміз.
Алтынбек Сәрсенбайұлының пікірінше, мандат мәселесі съезде қаралуы мүмкін, бірақ бұл – ең алдымен партиялық тізім бойынша тіркелген он үш адамның құзырындағы жеке мәселе.
- Съезд емес, партиялық тізімге кірген әр адам өзінің ар-ұяты мен көзқарасына салып шешуі керек. Орталық сайлау комиссиясының үстінен шағымдану арқылы біз партиялық принциптің орындалуын ғана емес, "Сайлау туралы" заң мен Конституцияның орындалғанын талап етіп отырмыз, - дейді Алтынбек Сәрсенбайұлы.