Былтыр «Мемлекеттік сатып алу» туралы және басқа да кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізіліп, конкурстық жарнамалар жарияланатын басылымдарды анықтау құзыры қаржы министрлігіне қарасты қаржы бақылауы мен мемлекеттік сатып алу агенттігіне берілген еді. Ал желтоқсанның 31-інде үкіметтің конкурстық жарнамалар жариялау мүмкіндігіне тек «Мемлекеттік сатып алу бюллетені» ие болатындығы жөнінде үкімет қаулысы жарияланды.
- Соның нәтижесінде тепе-теңдік бұзылды, газет рыногында көптеген басылымдарды тақырға отырғызатын жасанды монополист пайда болды, - дейді «Литер Медиа» кәсіпорнының бас директоры Ерлан Бекхожин.
Қазақстан журналистер конгресінің заңгері Тамара Симахина жоғарыда аталған бюллетеннің таралымы аз, таратуы да дұрыс жолға қойылмаған басылым екендігіне назар салады. Оның пікірінше, "100 миллиондаған доллар енді осы белгісіз басылымға кетеді де, басқа барлық газеттер рыноктан лақтырылып тасталып, ақша табу мүмкіндігінен айырылады".
- Сондықтан, саяси себепті айтпағанның өзінде басылымдар екі дүркін экономикалық зардап тартып отыр. Біріншіден, қосымша құн салығына қатысты жағдай, екіншіден, мына бюллетеннен туындайтын мәселе, - дейді Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаев.
Ал мемлекеттік сатып алу басқарма бастығының орынбасары Марат Төлегенұлы кәсіпорындардың енді жарнамаларын бір ғана бюллетеньге беруі қолайлы болады деген уәж айтады.
- Мәселен, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Эксперсс К» газеттеріндегі жарнама үшін берілетін 1 шаршы сантиметрдің бағасы 550 теңге, соның нәтижесінде жарнама беруші 80 мың теңгесін газетке жіберіп отырады. Енді бюджеттік кәсіпорындар өз жарнамаларын толығымен тегін жарияласа, жекеменшік кәсіпорындар да конкурстық жарнамаға аз шығындалмақ, - дейді Марат Төлегенұлы.
Оған қоса конкурстық жарнамалар жариялау бүгінде тек билікке жақын газеттердің бас ауыртар шаруасы екендігін, басылым неғұрлым еркін болған сайын ондай конкурстарға қатысу мүмкіндігі соғұрлым тарыла беретіндігіне меңзейді «Жас алаш» газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек:
- Біз бұған дейін барлық тендерлерге қатысып келдік. Ал былтырғы жылдың соңы мен биылғының басында газетімізге қыр көрсету басталды. «Сендерге тендерден ақша беріп отырғандықтан, еркінси бермеңдер» деген тұрғыда. Билік те бізді осы жолы тендерге қатыстыруға аса құлықты емес. Сондықтан, тендерге «Жас алашты» қатыстырмайтын шығар.
Дегенмен бас редактор өзінің конкурстық жарнамалар жариялау мүмкіндігінен айрылған әріптестеріне қатысты жағдайды қысым деп атады.
- Бүгінгі күні ақапарт құралдарына қысым көрсетіліп жатыр ғой. Сол аяда мен мұны да қысым деп бағалаймын, - деді Жүсіпбек Қорғасбек.
Наразылық білдіріп отырған басылым басшылары Қазақстан президентіне хат жолдады. Олар бұл мәселені тікелей президент шешеді деп үміттенеді.