Accessibility links

АҚШ президенті бұл жолдауында Таяу шығыстағы демократияға айрықша көңіл бөлді


Президент Дж. Буш биылғы жолдауында АҚШ-тың қарсыластарына да, Таяу шығыстағы одақтастарына да бірқатар қатқыл сөздер арнады.

Ақ үй жетекшісі Иран мен Сирияны "террормен байланысты" деп айыптап, екеуінен де бағыттарын өзгертуді талап етті. Әйткенмен Дж. Буш олардың қай-қайсысына да соғыс қимылын жасайтындығы жөнінде анық ескертті.

Ал "Таяу шығыстағы демократиялық реформа - Американың күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе" деп айтқанымен, оның бұл мақсатқа қалай жеткісі келетіні әлі айқын емес болып отыр.

АҚШ президенттері әдетте өздерінің жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларында болашақ саясаттарын айқындап, сол жөнінде ойларын ортаға салады. Сәрсенбідегі Буштың жолдауы да міне осы бағыт, мазмұннан алыс кеткен жоқ. Талдаушылар Таяу шығыстағы демократиялық реформа Буштың екінші мерзімдегі саясатының басты бағытына айналғандай дейді. 40 минуттық сөзін қорытындылай келе Буш "Америка әрқашан да еркіндік, азаттыққа шақырып келеді" деп атап өтті.

- АҚШ-та ол 1863 жылы жүзеге асқанша, құлдықты жою арман болып келген еді. Европаны фашизмнен азат ету де, ол орындалғанша арман болып келді. Империялық коммунизмнің жойылуы да, бір күні ол жүзеге асқанға дейін арман болды. Біздің ұрпақтың да өз армандары бар, біз сол сеніммен алға басып келеміз. Тағдыр жолы тегіс емес және ертең не болатынын ешқашан білмейсіз, сонда да біз оның қайда бастайтынын білеміз. Ол азаттыққа апарады. Рахмет, Құдайым Американы қолдасын! - деп аяқтады президент Буш өз сөзін.

Америка шенеуніктері жақында Ауғанстан мен Ирақта, Палестинада өткен сайлаулар бүкіл мұсылман едлеріндегі демократиялық жайттарға оң ықпал етеді деп үміт артады. Алайда Азаттық радиосының тілшілеріне сұхбат берген талдаушылар Дж. Буштың бұл айтылған мақсатқа қандай жолмен жеткісі келетін жоспары айқын еместігін атап көрсетеді.

Буш Иранды "террорға әлемдік қолдау көрсетіп отырған басты мемлекет" деп атап, "ядролық қару бағдарламасын құпия дамытып отыр" деген айып тағады, бірақ Иран оны жоққа шығарады. Ол сондай-ақ мұнымен бірге Европа дипломаттарының бұл реттегі дағдарысты жою жолында жұмсап жатқан күш-жігерлеріне қолдау білдірді. Терроризм турасындағы сарапшы және британдық автор Майкл Грайффин Буш Иран мен Сирия тұрғысындағы маселелерді ашық қалдырғысы келеді деген ой білдіреді.

- Мен ол әскери күш қолдану жөнінде шынымен меңзеп айтты деп ойламаймын. Менің ойымша, ол сөзінде қатал болғаннан гөрі көбірек үреді. Шынында, менің ойымша, мұндағы қызықтысы оның Египет туралы айтқандарында болса керек. Ол сөзінде "Таяу шығыстағы бейбітшілік жолын көрсеткен Египеттің ұлы және мәртебелі елі енді Таяу шығыстағы демократияға деген жолды көрсете алады" деді. Жақсы, бұл Египет президентінің бұл жөнінде бірінші естігені болуы мүмкін деп ойлаймын, - деді Майкл Грайффин.

Президент Буш АҚШ-тың Таяу шығыстағы одақтастары үшін басқа да қатқыл сөздер арнап, оларды "азаттықтың еркіндеу талаптарына көбірек ұмтылуға" шақырды. Ол мұндай реформалар Бахрейнде, Марокко мен Иорданияда алға басатындығына сенім білдірді. Президент Сауд Арабиясын да болашақты айқындауда адамдардың өздерінің ролін арттыру саласында жетекшілік танытуға шақырды.

Буш азаттық үшін Иран адамдарымен бір жолдан табылуға уәде етті. Бірақ Буштың бұл тұрғыда нақты не істейтіндігі сол күйінде беймәлім қалып отыр дейді Римдегі сыртқы істер институтының сарапшысы Жан Пьер Дарнис.

- Мен бұл ретте Буш қандай да бір нақты жайттарды жариялады деп айта алмас едім. Бұл және Иран жағдайында да ұқсас. Өйткені Иран келешекте екі басты шешім алдында тұр, сіз не солай жүресіз де, олар бомба жасағанға дейін оған соққы бересіз, не болмаса сіз онымен дипломатиялық қарым-қатынаста қаласыз. Сонда да болса, америкалық әкімшілікте бұл ретте қайсысы жақсы шешім болатыны турасында толық көзқарас бар деп сеніммен айта алмаймын, - дейді талдаушы.

Дегенмен де Буштың айтқандары Сирия мен Израиль астаналарында жеткілікті ұғынуға айқын болды деп есептейтін де сарапшы жоқ емес. Лондондағы халықаралық істер жөніндегі патшалық институттың Израиль жөніндегі талдаушысы Иосси Меккелбергтің пікірі төмендегідей:

- Менің ойымша, Дамаск мен Тегеранда бұның бүгінгі оқылатын жолы, онда тікелей қорқыту болған жоқ, сіз және жолдаудан жалғыз ғана нәрсе күтпейсіз, сонымен бірге белгілі бір нұсқау бағытында жылжымайтын болса немесе еш өзгеріс болмаса, бұл міне мүмкіндік.

Буштың айтқандарының ішінде нақтырағы сол - оның Палестинаға көмектесу үшін Конгрестен 350 миллион доллар сұрағаны болды, бұл үлкен жетістік деп атап көрсетеді талдаушы.
XS
SM
MD
LG