Қазақстанда былтыр өткен парламент сайлауында депутаттық орынды ұтқан жалғыз оппозициялық ұйым "Ақ жол" партиясы болды. Ондағы дауыс беру барысында бұрмалаушылықтардың болғаны кеңінен сыналып, сайлау нәтижелеріне қоғамдық наразылықтар болып жатты. Одан кейін келесі сайлауда өз мүмкіндіктерін күшейту мақсатында, үш оппозициялық партия бірігіп, Қазақстанның демократиялық күштері үйлестіру кеңесін құрды.
Сонымен қатар, осы айдың соңында өз елдерінде парламенттік сайлауларға қатысатын Қырғызстан мен Тәжікстанның оппозициялық партиялары да билік үшін күресте күш біріктіруді ұйғарды.
Қазақстанның демократиялық күштері үйлестіру кеңесі өкілдерінің айтуынша, өткен аптада құрылған “Әділетті Қазақстан үшін” деп аталатын жаңа ұлттық қозғалыстың жұмыс тобы негізгі идеяларды реттейтін болады. Осы кеңестің мүшесі, "Ақ жол" партиясы тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбайұлының Азаттық радиосына түсініктемесінде Қазақстандағы прогрессивті күштерді жедел біріктіру қажеттігі туындап отырғанын айтты.
- Біріншіден, өзіміздің үйлестіру кеңесін құрдық. Кеңестің басты мақсаты - біздің үлкен бағдарламамызға құжаттар дайындау болған. Кеңес ол құжатты қысқа мерзімнің ішінде жемісті аяқтап шықты. Ол еліміздің жаңа конситуциясының жобасы. Үлкен бағдарламалық құжат дайындаумен қатар негізгі мақсаттардың бірі - демократиялық күштердің қоғамда ықпалы мол болуы үшін ортақ, үлкен бір демократиялық қозғалыс құруды алдымызға қойған болатынбыз, - деді Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Бұл кеңеске "Ақ жол" демократиялық партиясы, Коммунистік партия және "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясы енген. Олардың жетекшілері де 2007 жылы болатын президенттік сайлауда ортақ бір кандидатты таңдауға дайын екендіктерін айтқан.
Лондондағы Африка және Шығыс зерттеулері мектебінде дәріс беретін, Орталық Азия жөніндегі профессор Да Вейдің айтуынша, 27 ақпанда парламенттік сайлаулары өтетін Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінде де оппозициялық топтар күштерін біріктіруге кіріскен.
- Украина да, одан ертерек Грузияда не болғанын көріп, ондағы әрекеттер нақты жүзеге асқан соң, оппозиция барлық ресурстарын біріктіріп, адамдар режимге қарсы күресе бастады. Және ондағы біраз күштер нақты әрекеттер жасап, Қырғызстан мен Тәжікстандағы сайлауға дайындалып жатыр, - деді ортаазиялық маман.
Былтырғы жылдың аяғында Украинада өткен президенттік сайлауда кандидат Виктор Ющенко бастаған украин оппозициясы бейбіт шерулер өткізіп, сайлаудағы заңсыздықтарға қарсы тұрған болатын. Сол сияқты оның алдында, яғни 2003 жылы Грузиядағы қантөгіссіз өткен “Раушан төңкерісі” бұрынғы президент Эдуард Шеварнадзені биліктен құлатқаны мәлім.
Қырғызстанда осы айда өтетін сайлауда оппозиция парламенттен көп орын иеленуді мақсат тұтып отыр. Өйткені олар алдағы қазан айына межеленген президенттік сайлауға конституциялық жағынан қорғалған, қазіргі президент Асқар Ақаевты өткізбеуге әсер етеміз деп үміттенеді. Қырғызстан қоғамында оппозициялық бағытты қалыптастырып келе жатқан елдің саяси сахнасындағы үш блок – Қырғызстанның халықтық қозғалысы, "Жаңа бағыт" және "Атажұрт" партиялары.
Сондай-ақ, Тәжікстанның төрт оппозициялық партиясы да сайлау алдында бірігіп жатыр. Олар "Әділетті және ашық сайлау үшін жаңғыру" партиясы, Әлеуметтік-демократиялық партия, Әлеуметтік партия мен Демократиялық партиялар. Мәселен, Демократиялық партия басшысының орынбасары Рахматуллах Валиев Азаттық радиосына берген сұхбатында былай дейді:
- Қазіргі сайлау заңы еркін және әділетті сайлау процесіне кепілдік бола алмайды. Сондықтан, оппозициялық одақтастар әр сайлау бекеттеріндегі мониторларды құртқылары келеді.
Ал, Орталық Азия жөніндегі сарапшы, профессор Да Вейдің айтуынша, бұл Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы қозғалыстардың тек бастапқы қадамдары. Оның пікірінше, "бұл мемлекеттердегі оппозицияның бірігулері мен одақтастықтары фракциялық бәсекелестік пен ішкі факторларды талап етеді".
- Негізінде, ешкімге жеңістік бермейтін факторлар жүйесі салдарынан Орталық Азияның оппозициялық тұрғыда қалғандары ұсақталып, бөлшектеніп кеткен. Билік жүйесі оппозицияны саналы түрде бөлшектеп жіберген, оларды күштеп, ықпалды адамдарды сатып алу арқылы өз жақтарына шығарып, ал оппозиция жетекшілерінің өмірлерін жалпы қиындатып жіберген, - дейді профессор Да Вей.
Өткен айда ғана Қазақстан соты оппозициялық "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясын конституцияға қарсы әрекеттер жасады деп айыптап жауып тастады. Оның бір жетекшісі Ғалымжан Жақиянов 2002 жылдан бері түрмеде отыр.
Сол сияқты Қырғызстанның ең танымал оппозиционері, "Ар-Намыс" партиясының жетекшісі Феликс Кулов та абақтыда сот жазасын өтеп жатыр.
Жақында ғана қырғыздың бұрынғы бес дипломаты парламент кандидаттығынан айрылып қалды, бұған олардың соңғы бес жылда елде тұрақты тұрмағандығы себеп болған деп хабарланды. Алайда оппозицияны қолдаушылар мұның саяси астары бар деп отыр. Ал, Тәжікстанның демократиялық партиясының жетекшісі Махмадрузи Искандеров өзіне қарсы ашылған қылмыстық істен кейін, алдағы сайлауға тіркеле алмады. Тәжікстан орталық сайлау комиссиясы сонымен бірге, оппозициялық Әлеуметтік партияның кандидаттарын да тіркемей қойған.
Сол сияқты Өзбекстан мен Түркіменстан билігі де толығымен нағыз оппозициялық партиялар мен олардың кандидаттарын тіркеуден бас тартқан болатын.