Қазақстанның Арқалық қаласының құрметіне аталған көше 1970 жылдары салынған. Бұл кез – Арқалықтың дүние жүзіне дүркіреп тұрған кезі еді.
Чехия астанасы Прага қаласының оңтүстік тұсында Аркалыцка көшесінің жанында Байконурска және Космицка көшелері де бар. Сырт көзге бұлар қатардағы чех көшелерінен аумайды: қызыл қыш черепицаларымен жабылған үйлердің кейбір терезелерінен үлкен-үлкен гүлдер салбырап тұр. Көше қиылыстарында кезегін күтіп тұрған кілең «Шкода» машиналары. Ал осы тұстан бірнеше мың шақырым жерде қазақ даласында бір қала, осы еуропалық көшеге атын берген Арқалық қаласы құрып бара жатыр дегенді елестету мүлдем қиын.
Арқалық және Байқоңыр көшелері қатар тұрған соң бұлардың атауларына социалистік елдердің ғарыш әріптестігі әсер еткен шығар деген жорамалды тексеру мақсатында чех маманын табу қиынға соқпады. Екі «таза қазақ көшесінің» маңында Космицка деген көше тағы бар. Бұл атаулар жалғыз ғана чехословак ғарышкері Владимир Ремектің сапарынан соң пайда болған шығар деген де ой келді.
Мен тілдескен Бартон Ержи Прага-11 ауданының тарихымен шұғылданатын маман. Прага қаласында әр ауданның өз тарихи кітаптары жазылған, чехтар өз елінің тарихын ерекше қастерлейді. Чехия болмысындағы тағы бір қызық жайт – социалистік кешегі өмірді белгілейтін көше, алаң атауларын жаппай өзгерту мұнда болған жоқ. Арқалық көшесі – чехтар еске алуды ұнатата қоймайтын кешегі коммунистік кезеңнің бір таңбасы.
Бартон Ержи Арқалық көшесінің пайда болуы Совет одағының ғарыш жетістіктерін насихаттаумен тікелей байланысты шығар деген жорамалымды дәл деп тапты:
- Арқалық көшесі негізі Қазақстандағы Арқалық қаласының құрметіне аталған. Бұл жерге ғарыш кемелерінің тиісті бөлшектері жиі-жиі қайтып келеді. Бұл көше 1970 жылдары салынған.
Арқалық және Байқоңыр қалалары – бұрынғы Совет одағынан қалған ғарыш бекеттері. Байқоңыр қазір Ресей Федерациясына ұзақ жылдарға жалға берілген, келісім шарттары анда-санда Қазақстанда қатты сынға ұшырайтыны аян. Байқоңырдан ғарыш кемелері мен зымыран-тасығыштар ұшады. Жерге оралатын ғарышкерлердің капсуласы Торғай даласына қонады.
Торғай даласының көлемі – 80 мың шаршы километр, бұл Чехия жер көлемінен небәрі бір жарым есе кем. Торғай даласында елді мекен мүлдем аз, табиғаты аса қатаң келетін сахарада оның үстіне ауыз су тапшы. Ғарышкерлер отырған капсула қай жерге топ ете түссе де – алақандай ашық қазақ жерінде ешкімге зиян келтірмейді. Ғарышкерлер әдетте тікұшақпен Арқалық қаласына жеткізіледі, сосын дереу ұшақпен Москва түбіндегі Жұлдызды қалашығына әкетіледі. Бірақ соңғы бес-алты жылда бұл салт бұзылған, ғарышкерлер бірден Қостанайға әкетіледі. Арқалық облыс орталығы мәртебесінен айырылған соң – мұндағы әуежай да қаңырап бос қалды.
Прага қаласындағы Арқалық көшесі сияқты – Арқалық қаласы социалистік дәуірдің туындысы. Боксит кең орны кеңінен игеріле басталған соң Арқалыққа қала дәрежесі берілді. Арқалық екі рет облыс орталығы болды, Торғай облысы екі рет таратылған сайын оның арты әлеуметтік және экономикалық соққыға әкеліп тұрды.
Қарама-қайшы әкімшілік реформалардың 1997 жылғы құйыны Торғай облысын Қазақстан картасынан біржолата өшіргендей. Ал егеменді Қазақстанның бір ерекшелігі – жаппай экономикалық дағдарыс жағдайында әкімшіліктердің қысқаруынан жекеменшік кәсіпорындардың өркені өсе қоймайды екен. Арқалықта 1997 жылға дейін «Арна» радиоқұрастыру зауытында автокөлік магнитолалары жасап шығарылатын, Арқалық қаласында автомашина құрастыру зауыты, керамика өнімдері фабрикасы, екі асфальт зауыты, 20 шақты автокөлік базасы, он шақты құрылыс кәсіпорны, сүт, ет, нан комбинаттары, құс фабрикасы, сусын зауыты болды.
"Осы кәсіпорындардың көбі айналдырған бір-екі жылдың ішінде ізім-ғайым жоқ болды" деп жазады жергілікті журналист Жұмат Әнесұлы «Жас Алаш» газетінің былтырғы 28 қазандағы санында. Қазақстан экономикалық дағдарысы кезінде Жаңатас, Қаратау, Шахтинск, Абай, Саран сияқты шағын өнеркәсіп қалалары, ондаған жұмысшы поселкелері де қаңырап қалғандары аян.
Қазақстан үкіметі дағдарыс кезеңінде «шок терапиясы» әдісі қолданылмаса болмайды, жекешелендірілген кәсіпорындардың қожайындары коммуналдық, әлеуметтік және мәдени орындарды асырауға міндетті емес деп түсіндіретін. Жекешелендірілген кәсіпорындар мен әкімшіліктердің қатынастары салық тәртібімен реттеледі деп айтылса да, екі тарапта егемендіктің 13 жылында бір біріне сөгіс айтумен келеді.
Арқалық қаласының ірге тасын боксит кең орны көтерді десек, бұл кәсіпорын қазір тасы өрге домалап тұрған «Қазақстан алюминиі» компаниясына қарайды. Бірақ Арқалық қаласы бұдан көп нәрсе ұтпаса керек. Торғай облысының өз төл кәсібі – ауыл шаруашылық, ауыл көтерем халінен әлі ес жимаған көрінеді.
Арқалық неге күйреді? Жергілікті әкімішілік өкілдері сипаттама беру жайындағы өтінішімді сергелдеңге салғандықтан қазақстандық журналистерден жөн сұрауға тұра келді. Бұл сұрақты мен алдымен Жұмабек Жанділдинге қойып отырмын. Ол Торғай облысында ұзақ жылдары кәсіподақ қызметкері, журналист болған:
- Комбайндердің, комбайндерге қосалқы бөлшектердің болмауынан және олардың Ресейде жасалып, оның қымбатқа түсуінен жер өңдеу, астық жинау мәселелері шешілмей қалды. Совхоздар ыдырап кетті бет-бетімен. Міне сондықтан да бүкіл облыстың ішкі жалпы өнімі әлде қайда төмендеп кетті.
Алматылық журналист Жұмабек Жанділдин Арқалық қаласының қирауы ең алдымен Торғай облысының ауыл шаруашылық қорларын дұрыс реттемеуден болды дейді. Ол Арқалықты жалпы Жезқазғанмен теміржол арқылы қосу керек, олардың арасы қашық емес, сөйтіп Арқалықты тұйықтан алып шығуға болады дейді. Ал Жұмат Әнесұлы деген басқа журналист Арқалықтың күйреу себептері әлде қайда тереңірек жатыр дейді Азаттық радиосына берген сұхбатында:
- Мықты революционерлердің, мықты қазақ зиялыларының туған жері Торғай жері болатын болса, мына үкімет адамдары ХХІ ғасырда да мына қазақ жерінде бір төңкеріс болса – осы Торғай жерінен шығады деген күдік болған. Кейбір азаматтар осылай есептейді.
Жұмат Әнесұлы – «Жас Алаш» газетінде жарияланған атышулы мақаланың авторы. Бұл мақала коррупцияны әшкерелеу сипатта жазылған. Қала әкімі Жомарт Түбекбаев "мақала жеке ар-намысымды қорлайды" деп қабылдады да, журналисті сотқа берді. «Жас Алаш» газеті сотқа тартылған жоқ, айып тек жергілікті тәуелсіз журналистке тағылды.
Әкім журналисті үш жылға түрмеге отырғызуды талап етеді. «Әділ сөз» қоғамдық ұйымы журналистің жазығы жоқ деп, оны қорғауға кірісті. Өткен жылы желтоқсанда басталған сот әлі жүріп жатыр. Журналист Жомарт Әнесұлы "Арқалықтың қазіргі құлдырауы әкім Жомарт Түбекбаевтың солақай басшылығынан, әкім коррупцияға белшесінен батты, қала азабынан өз жеке пайдасын шығарып отыр" дейді. Әкім Түбекбаев болса "журналистің артында менім орныма таласқандар тұр, сондықтан сынды жала деп қабылдаймын" деді Азаттық радиосына берген сұхбатында:
- Мен айтамын, жарайды мен сізді соттатпай-ақ қояйын. Бірақ сен ертең газетке опровержение бер, мынаны қызбалықпен жазып едім деп. Ол кісі менімен алысып, балағаттаған жоқ па? Газет бетінде қаралады ғой. Газет бетінде кешірім сұрасын. Пожалуйста, мен арызымды қайтып аламын.
Жергілікті әкім мен жергілікті тәуелсіз журналист, жігіт ағасы жасындағы екі азамат бір бірімен соттасқан тұста Арқалық қаласының құлдырауы басылатын емес.
Қалада 1997 жылы 57 мың тұрғын болса, олардың жартысына жуығы көшіп кеткен. Тек кәсіпорындар емес, талай тұрғын үй тоналып, жалаңаш қалды. Алыстан қарағанда бұлар жаңадан салынып жатқан үйлерге ұқсайды. Бірақ шын мәнінде – бұлар есік-терезелерінің орындары аңырайып қалған көп қабатты үйлердің қаңқасы ғана.
Мұндай өлі ықшамаудандар Қазақстанның шағын қалаларында көп-ақ. Қазақстандағы Арқалық қаласы мен Прагадағы Арқалық көшесі – екеуі екі басқа дүние, бір біріне мүлдем ұқсамайды. Ал Прага қаласында Арқалықтың сыртында Қазақ, Қырғыз, Өзбек көшелері бар тағы. Олар қатар-қатар тұр.