Accessibility links

Ресей әлемде жоқ жаңа ядролық қаруға ие болатынын мәлімдеді


Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов таяу арада Мәскеудің әлем елдерінде жоқ жаңа ядролық қару кешеніне ие болатыны туралы мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов әлемдегі басқа елдерде жоқ бұл жаңа ядролық зымыран жүйесін айналымға Ресей таяуда жіберетінін айтты. Ол бұл мәлімдемесін жексенбі күні Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында жасаған.

- Біз расында да қазір көріп тұрмыз және мұның әлемдегі қару-жарақпен қамтамасыз етілген елдердің ешбірінде жоқ, қайталанбайтын кешен екеніне сенуімізге барлық негіз бар, - деді Ресей қорғаныс министрі.

Бірақ, Сергей Иванов бұл жаңа қару түрінің қайталанбайтынын қалай мойындауға болады дегенге жауап бермеді. Министр тек қана бұл жаңа жүйенің ешқандай да жеке бір елдерге бағытталмай, қазіргі төніп тұрған немесе келешекте болуы мүмкін қандай да бір қауіпке тосқауыл болатындай, Ресей қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған деді.

Қараша айында Ресей президенті Владимир Путинде бұл жаңа қару түрі туралы айтқан болатын, бірақ әскери сарапшылар Ресей жетекшілерінің қандай қару түрі жайында айтып жүргенін әзірге тек топшылай алады. “Джейн зымырандары” журналының бас сарашысы Дуг Ричардсонның Азаттық радиосына айтуынша, министр Ивановтың нақты нені меңзеп тұрғаны түсініксіз.

- Онда бірнеше мүмкіндіктер бар. Мүмкін әрқайсысы жаңа “Булава” су астынан жіберілетін баллистикалық зымырандарға қатысты болар, алайда, дәл қазір бұл даму бағдарламасының ең басында тұр. Және ол, бәлки орыстардың баллистикалық зымыран үшін күшейтілген қайта пайдалануға мүмкіндігі бар көлігін ұшу сынағынан өткізгендігіне сілтеме жасап отыруы мүмкін, - деген пікір айтты ол.

Баллистикалық зымыран атмосфераға қайта жіберілген кезде, оқтұмсық басқаруға ұзақ бағынбайды. Сол кезде ол зеңбірек шеңберіне ұқсайды. Бірақ, қайта қолдануға мүмкіндігі бар күшейтілген көлікпен әуе реактивті қозғағышы бар двигатель бірігеді және оқтұмсықтың ауысу жолын реттеп әуедегі қорғаныс жүйесінен қорғануға көмектеседі. Сол сияқты Ресейдің тәуелсіз қорғаныс сарапшысы Павел Фелгенауердің Азаттық радиосына айтуынша, өткен қараша айында Ресейде жаңа зымыранның маневрлік оқтұмсығы болады делінген.

Оның сөзіне қарағанда, Hесей өкілдері 1980 жылдардан қалған Совет кезеңіндегі ғылыми зерттеулер туралы айтып, сол жылдары АҚШ президенті Рональд Рейганның стратегиялық қорғаныс бастамасымен белгілі болған “ассиметриялық үндесу” дегенді құруы мүмкін. Сонымен қатар, Ресейдің тәуелсіз қорғаныс сарапшысы Павел Фелгенауер, стратегиялық құрлықаралық ядролық оқтұмсықтарды жасаудың әртүрлі жолдары бар дейді.

- Ресей осындай технологияларды дамыта алатын жалғыз ел болған. Дегенмен, АҚШ мұндай маневрлік оқтұмсықтарды дамытудың қажеттілігін сезінбейді, өйткені басқа ешбір ел заман талабына сай зымырандық қорғаныс жүйесін жасамаған, - дейді ресейлік сарапшы.

Ресей қорғаныс министрі Ивановтың Ресейді аса күшті әскери мәртебеге жақындатам деген уәдесіне, Дуг Ричардсон Ресейдің ядролық қару түрін жасайтын мүмкіндіктеріне сенімсіздік танытты.

- Ол үшін қаржыны кім төлейді дегенге менің тікелей жауабым – Ресей қорғаныс саласындағы бюджетімен олар келесі жылы алты баллистикалық зымыран сатып ала алады. Бұрын олар қырғи-қабақ соғыс кезінде баллистикалық зымыранның әртүрінен 50-ін сатып алып жүрді. Енді олар бір моделінен ғана аздағанын сатып ала алады, - дейді Ричардсон.

Және оның пікірінше, Ресейдің мұндай баллистикалық зымыран шығаратын бағдарламаны қаржыландыруға ешқандай қаражаты жоқ. Десек те, Ресей АҚШ-тың әскери мүмкіндігіне сай келе алатын Совет дәуірінен қалған ядролық қарудың үлкен кешеніне мұрагер екенін мақтанышпен айтады. Ал, Ричардсон Ресейдің көп салада әсіресе әскери жағынан Америкадан артта қалғанын айтады.

Өз тарапынан Вашингтон Ресейдің таяудағы ядролық қару жасау мәлімдемесіне аса алаңдаушылық танытпады. Бірнеше ай бұрын мемлекеттік департаменттің өкілі Адам Ерели бұл Ресей мен Америка арасындағы келісім аясында болғандықтан, АҚШ Ресейдің осы заманғы ядролық қару жасау бағдарламасына қауіптене қарап отырған жоқ деген.

Сол сияқты сарапшылар да Ресейге мықты баллистикалық зымыран шығарудың аса қажеті жоқ, себебі оның бәсекелесі болған Америка қазір Мәскеуге қырын қарап отырған жоқ және терроризммен күресте мұндай зымырандар мәселені шешпейді деген пікірде.
XS
SM
MD
LG