Украинадағы көтерілісші-жетекшілердің көшедегі наразылықтардан басталған әрекеттері билік басқаруға ауысып жатқан соң, қызғылт-сары төңкерістің жас белсенділері де өздерінің жаңа мақсаттарын қарастыра бастаған.
Владислав Каскив - қыстың қақаған суығына қарамастан алаңға шығып көтерілісті рухтандырған жастардың "Пора" қозғалысы жетекшілерінің бірі. "Пора" қозғалысына Сербия мен Грузия еліндегі авторитарлық режимді құлатуға әсер еткен демократияшыл жастар шабыт берген.
Жастар өкілі Владислав Каскивтің Азаттық радиосына мәлімдеуінше, ол және оның әріптестері өздерінің тәжірбиесін бір бағытқа құратындай, Киевте халықаралық орталық ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Орталық аймақтағы демократияшыл жақтастарына тәжірбиелі ақыл-кеңес беріп, қолдап отырмақ.
- Біз дәл қазір орталықты құру жолындағы өте белсенді кезеңдеміз. Өкінішке қарай, қазір оның ресми атауы жоқ. Бірақ, бұл орталық бас пәтері Киевте болатын халықаралық ұйым ретінде әрекет етеді. Орталықтың басым бағыттары - аймақтағы елдердің, оның ішінде бұрынғы Совет елдерінің мемлекеттеріндегі демократиялық қозғалыстарға қолдау көрсету, - деді Владислав Каскив Азаттық радиосына сұхбатында.
Сонымен бірге ол орталықтың атқаратын мақсат-міндеттеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
- Орталықты жетістікке жеткен демократиялық қозғалыстардың тәжірбиесімен толықтырамыз. Олар - Польшаның әйгілі "Ынтымақтастық" ["Солидарность"] қозғалысы мен Словакияның "ОК 98" ұйымы, Сербияның "Отпор", Грузияның "Кмара" және тағы басқа демократиялық қозғалыстармен жұмыс істейміз. Біз расында бұл ықпалды бақылаушылар кеңесі бар шынайы ұйым болады деп үміттенеміз. Біз мұнда белгілі деген бірқатар демократиялық жетекшілерді, оның ішінде Вацлав Гавел, Лех Валенса сынды, басқа да танымал демократияшыл лидерлерді шақырдық, - деді "Пора" қозғалысы жетекшілерінің бірі.
Владислав Каскив бұл жобаға Украина үкіметі мен халықаралық ұйымдар, мүмкін басқа да шетелдік үкіметтер қаржылай және моральдық қолдау жасайды деген үмітін білдірді.
- Біз Украина үкіметінің қаржылай қолдауына қатты сүйеніп отырмыз. Біздің тіпті осы орталықтың келешектегі дамуы арқылы мемлекеттік құрылым ретінде халықаралық даму жөніндегі Украина агенттігін құрсақ деген үмітіміз де бар. Әрине, бұл өзара байланысты, бірақ екіжақты ерекшелік емес. Сонымен бірге біз алдағы қарым-қатынастар жөнінде бірнеше салмақты деген халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздер жүргіздік. Біз сол сияқты, демократиялық елдер - Европа мен Америка үкіметінің де қолдауынан үміт күтеміз, - дейді Украиналық жастар қозғалысының бір лидері.
Владислав Каскив сондай-ақ, "Пора" қозғалысының белсенділері ТМД елдерінің бірқатар демократияшыл жастарымен байланыс құрып, болашақта құрылатын орталық арқылы көбірек қарым-қатынас жасауға үміттеніп отырғанын айтты.
- Бұл орталықтың өкілдіктері осындай орталыққа қызығушылық танытқан барлық елдерде ашылатын болады, мысалы, Молдова, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан елдерінде, мүмкін Қырғызстанда, егер ол елдерден жақсы әріптес тауып жатсақ біз бірге жұмыс істеуге әзірміз, - дейді ол.
Бұрынғы Совет елдеріндегі үкімет өкілдерінің "Пора" мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар "Батыстың ақыл-айласымен өз елдерінде тұрақсыздық туғызады" деген айыптауларына Владислав Каскив пен оның үзеңгілестері орталықтың жұмысы ашық және халықаралық талапқа сай жүріп жатқанына кепілдік беру үшін өздерінің заңгер мамандардан кеңес алып жатқанын айтады.
- Біз осы елдердің ұлттық заңнамасы негізінде нақты межемен әрі жергілікті әріптестермен алда байланыс құру үшін халықаралық заңдар бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұл елдердің "ішкі істеріне араласты" деген айыптардан аулақ болу үшін біз өзіміздің мақсатымызды анықтап аламыз, - дейді Владислав Кастив өз сөзін аяқтай келе.
Таяуда Қырғыз үкіметінің өз еліндегі сайлауалды науқанға шетелдіктер араласты деген айыптауларына байланысты Владислав Каскив бұл кезде "Пора" белсенділері Қырғызстанда ешбір әрекет жасаған жоқ және осы елдегі демократтармен ешқандай байланысы болған жоқ деп жауап берді.