Еуропа одағы мен Украина өкілдері сейсенбі күні іс-қимыл жоспарына қол қою рәсімі кезінде қазіргі бар мүмкіндікті пайдалана отырып, күрделі мәселелерді кейінгі күндерге қалдырды. Еуропа одағының бүгінгі төрағасы Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Асселборн, одақ Украина президенті Виктор Ющенконың әкімшілігінің саяси және экономикалық реформалар жөніндегі негізгі бағдарламасына қолдау танытады деген.
Асселборнның айтуынша, реформалар Еуропа одағының Украинамен қарым-қатынасында жаңа перспективалар ашатын болады. Ол Еуропа одағының Украинаға тікелей қолдауын ұсынатынын, бірақ оның "болашақ мүшелікке кіру емес, одақпен көршілес саясат шеңберінде" екенін атап өткен.
- Еуропа одағы Украинаға дәл қазіргі таңда, оның тарихындағы нағыз шешуші кезеңде қолдау көрсететін міндеттеме алып отыр. Біз Еуропаның көршілес саясаты негізінде Украинаны Еуроодақтың іс-қимыл жоспарына қабылдадық. Бұл жоспарды жүзеге асыру тез арада басталуы керек, - деді Жан Асселборн.
Жан Асселборн мен одақтың басқа да мүшелері Украинаның одаққа қашан қосыла алатыны жайындағы мәселені айналып өткен. Олар алдымен іс-қимыл жоспарының жүзеге асқанын көргісі келетіндерін бірнеше мәрте қайталаған. Ол жоспар үш жылға бағытталған, Еуропа одағы оның бір жолда тұрып қалмауы тиіс екенін қадап айтқан.
Президент Ющенко мен Украинаның басқа да ресми өкілдері өткен апталарда Украина Еуропа одағымен тығызырақ байланыс келіссөздерін бастап, шамамен 2007 жылы Еуропа одағына мүше болудан үміттенеді деп мәлімдеп жүрген еді.
Сейсенбі күні Брюссельде өткен іс-қимыл жоспарының қол қою рәсімінде Украина премьер-министрінің орынбасары Олех Рыбачук төрағалық етушілердің сезімдеріне нұқсан келтірмейін деп, Украинаның мүшелікке енгісі келетін уақытты нақты айтпады. Рыбачук дүйсенбі күні ол достастықпен күлімсіреп отырғандарды мадақтай отырып, жаңа үкіметтің реформасына түсініктеме беруден өзін шектеді.
- Брюссельге келе жатқандағы бір хабарламамызды сіздерге айтып өтейін, қазір сіздер жауапкершілікті Украина үкіметін көріп отырсыздар. Және өте жауапты әріптеске иесіздер. Егер біз бір нәрсеге өз қолтаңбамызды қойған болсақ, онда біз оны міндетті түрде орындаймыз. Сондықтан, тағы да бір рет қайталаймын, бұл іс-қимыл жоспарына байланысты міндеттемені алып отырмыз, - деді Украина үкімет басшысының орынбасары.
Рыбачуктың айтуынша, "егер Украина өз-өзін дәлелдесе тағы көптеген нақты ұсыныстарды қабылдай алады". Сонымен қатар ол "тез әрекет етеміз" деп өзіннің Еуропа одағымен қарым-қатынасын нашарлатқысы келмейтінін де айтып қалды. Сол одақтағы кездесуден кейін бейресми жағдайда Еуропа одағының бір өкілі Рыбачуктің мұндай қадамына одақтың өте қанағаттанарлық танытқанын айтты.
Дипломаттардың сөзіне қарағанда, Украинаның Еуропа одағына мүшелігі туралы әңгімені қозғау одаққа мүше 25 елге үлкен мәселе емес. Тек дүйсенбі күнгі одақ мүшелерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде, Венгрия, Польша, Литва - Украинаның мүшелікке кіру мәлімдемесіне аса мән беріп күрескенінен ештеңе шықпады. Ондағы айтылған хабарламада, Еуропа одағы Украинаның одаққа кіруге ұмтылуын түсінеді әрі оң қабылдайды делінген.
Дүйсенбі күні одаққа мүше сыртқы істер министрлер Украинаға іс-қимыл жоспарына сәйкес, тізім бойынша 10 шақты жеңілдік беруді мақұлдады. Және бұл елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолдау көрсетуге уәде берді.