«Украинская правда» веб-сайтының негізін қалаған журналист Георгий Гонгадзе жоғары биліктегі ұйымдасқан жемқорлықты әшкерелеп жазған мақалаларымен кең танымал болған еді. 2000 жылы Гонгадзе әуелі із-түссіз жоғалып кетіп, арада бір ай өткенде оның бассыз денесінің табылуы - президент Леонид Кучма журналистің өліміне қатысы бар деген оппозицияның айыптауларымен, Украинада наразылық толқынын туғызған болатын.
Виктор Ющенко қаңтар айында президенттік қызметке кіріскенде журналист Гонгадзенің ісін шешу өзінің басты бағыттарының бірі болатындығына уәде берген еді. Сейсенбі күнгі оның Гонгадзеге қастандық жасады деп күдіктелгендердің ұсталғаны туралы мәлімдеуі президенттің өз уәдесін рекордтық қысқа мерзімде орындағанын көрсетті. Президент кімдер тұтқындалғанын және қанша адам екенін нақты атамаса да, күдіктілердің бұрынғы әкімшілікпен байланысы болғанын айтады.
- Біз бүгін журналист Георгий Гонгадзенің өліміне байланысты іс шешілді деп айта аламыз. Оны өлтіргендер ұсталды. Олардан қазір жауап алынуда. Кеше біз қимыл-әрекеттерді талқылаған кезде мен Гонгадзенің өткен өмірінің кейбір сәттерін білдім. Оның өлімі жантүршігерліктей болған деп айта аламын сіздерге, бұл жауап берушілердің айтқандарымен дәлелденді. Мемлекеттік шенеуніктер ішінде осындай айуандық әрекеттерге баратындардың болғанына сенудің өзі қиын, - деді В.Ющенко.
Ендігі ең маңыздысы - Гонгадзені өлтіруге кімнің тапсырыс бергенін білу деп атап көрсетті президент Ющенко:
- Менің бүгінгі басты мақсатым - тергеп-тексеру агенттіктерімен бірге ең басты сұраққа жауап табу болады. Ол - бұл өлімді кім ұйымдастырды және оны жүзеге асырған кім деген сұрақ. Тергеулер міне осы деңгейге жетті. Менің ойымша төрт жарым жылдан бері шешілмей келе жатқан өлім себептерінің жаңа әкімшілік кезінде бірер аптада ашылуының өзі - бұрынғы биліктің мұны ашуға саяси шешімінің жетпеуі және солай жасауға құлқының болмағандығы, бұрынғы әкімшілік кісі өлтірушілерді көлеңкелеп келді деп айтуға негіз береді.
Президент Ющенконың бұл сөздерімен көптеген украиндықтар келіседі. Төрт жарым жылдан бері бұрынғы президент Кучманың үкіметі журналист өлімінің себептерін зерттеуде айқын күдіктердің болғанына қарамастан, бұл істе мүлде алға жылжымаған болатын. Кучманың жеке күзетшісінің бірі болған Мельниченконың таспасы деген аудиотаспаға жазылған сөздер парламентте тыңдалған болатын.
Онда президент Кучманың даусына ұқсас дауыс ішкі істер министріне ұқсайды деп болжалған адамға Гонгадзенің көзін жойып, оны шешендерге қарай тастау керек деп айтып жатқаны жазылған-ды. Президент Кучма бұл таспа қолдан жасалған, жалған деп мәлімдеп келген болатын. Бірақ, одан кейін Гонгадзе ісі жабулы күйінде қалғаны Кучма әкімшілігінің журналисті өлтірушілерді іздеп, табуға онша құштар болмағандығын көрсеткен еді.
Бір ғана мысал келтіруге болады, 2003 жылдың күзінде Бас прокурор Святослав Пискун Гонгадзе ісін алты айдың ішінде ашуға ант еткен болатын. İшкі істер министрлігінің жоғары лауазымды адамдарын тергегеннен кейін ол, ішкі істер министрлігінің генералы Олексий Пукачты журналист өліміне қатысы бар деп тұтқындауға тапсырыс береді. Осы тұтқындаудан кейін Кучма Пискунды Бас прокурорлықтан босатып, Ұлттық қорғаныс және Қауіпсіздік кеңесіне жіберген еді. Мұнан соң Геннадий Васильев Бас прокурорлыққа тағайындалды да, Гонгадзе ісіндегі тергеу-тексеру тоқтап қалған болатын.
Қастандықпен өлтірілген журналист Гонгадзенің әйелі Мирослава Гонгадзені 2001 жылы АҚШ босқын ретінде баспаналатқан болатын. Азаттық радиосына берген сұхбатында журналистің жесірі істің шешілу түйіні жақын, бірақ күйеумді өлтіргендер ғана емес, оны өлтіруге кімдер тапсырыс бергені анықталмай, бұл іс аяғына жетті деп ойламаймын деп президент Ющенконың сөздерін қайталаған.