Рихтер бағаны бойынша 8.7 балдық жер сілкінісі дүйсенбі күні Индонезияның Суматра аралында орын алған. Сейсенбі күні Индонезияның вице-президенті осы зілзала зардабынан қаза тапқандар саны 2 мыңға жетуі мүмкін деді. Бірақ, соңғы мәліметтерге қарағанда, Индонезияның төтенше оқиғалар орталығы Ниас аралында кемінде 1000 адам опат болып, ғимараттардың 70-проценті қираған деп хабарлады.
Индонезияның Ақпарат министрлігі Гунунг Ситоли қаласындағы жалғыз әуежайы бұзылғандықтан, төтенше жағдайда көрсетілетін көмек әскери тікұшақтар арқылы жеткізілуі тиіс деді.
Индонезия президентінің Ниас аралындағы арнайы өкілі Ти Би Силалахинның мәлімдеуінше, Ниас аралы айтарлықтай үлкен емес:
- Бұл жерде тек 700000 адам тұрады. Дегенмен, бұл аймаққа шетел көмегі керек болады.
Журналистердің хабарлауынша, жер сілкінісі туралы мәлім болысымен мыңдаған адам дүрбелеңге түсіп, түнімен биіктеу жерге баруға тырысып, көшеге шыққан.
Бұл зілзала осыдан үш ай бұрын сұрапыл цунами апатын тудырған зілзала болған жерде орын алған екен. Желтоқсандағы цунами апатынан 300000-дай адам көз жұмған болатын.
- Біз бұл зілзала мен 26-шы желтоқсандағы жер сілкінісі арасындағы байланыстарды талқылап көруіміз керек. Зілзала өте күшті болғандықтан, оның механизмі де күрделі. Менің ойымша адамдардың теңізге барып жұмыс істеуі әлі ерте, өйткені Үнді мұхиттің барлық кемейжайларында теңіз ағыны өте жылдам, - деді Жапонияның метеорология агенттігінің зілзала және цунами мәселелері бойынша маманы Масахиро Ямамото.
Үнді мұхитының жағалауы бойындағы мыңдаған адам зілзала цунами апатына алып келуі мүмкін деген хабарды естіп, сейсенбі күні өз үйлеріне қайтып кетті. Бірақ, цунами апаты болды деген хабар әзір түскен жоқ.
Хабарларға қарағанда, зілзала орын алған Ниас аралына алғашқы көмек тобы ұшып кеткен. Индонезияның Қызыл крест қоғамының өкілі осы топтың Ниас және оның жанындағы аралға барып қонғанын хабарлады.