Астана тұрғыны Әсемгүл Жарылғапова «Ай, балалар» отбасылық жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ресми тіркетіп, жарғы бойынша жетім балаларды тәрбиелеуге әлдеқашан кіріспек болыпты. Бірақ, шенеуніктердің шырғалаңынан жұмысы алға жылжымай қойғанын айтады.
- Әкімдік қала шетіндегі Көктал кентінен балалар үйін көкөніспен қамтамасыз ететін бау-бақша салуға жер бөліп, баспананы қаланың ішінен беруге уәде етіп еді. Бірақ, әкімдік кейіннен балалар үйін де Көктал кентінен бөлінген жерден тұрғызып алыңдар дегенге мегзеп отыр. Мен оған келіспеймін, өйткені, онда құбыр тартылмаған, ауыз су жоқ, - дейді ол.
Әсемгүл Астана қалалық білім департаментінің балаларды асырап алу жөніндегі бөліміне арнайы құжаттар дайындап, алпысқа жуық баланы өсіріп, бағып-қағуға тәуекел етіп отырғанын айтады.
- Шамалғанда әкесі аяқ астынан қаза болғанда шиеттей жеті бала жетім қалды. Соларды да Астанаға алдыртпақпын, - дейді Әсемгүл.
Ал, Астанадағы сәбилер үйінің директоры Алма Бергенова соңғы кездері Астананың өзінде де мектеп жасындағы және кәмелетке жетпеген жетім балалардың көбейіп бара жатқанын айтады. Соған орай жетім балаларды паналатып, оларға тәрбие беретін орталық ашу қажет деген пікірде. Осы хабарды дайындау барысында Әсемгүл Жарылғаповадан қаланың шетіндегі «Кірпіш зауыты» деп аталатын шағын аудандағы бір жертөледе жетім балалардың тұрағы бар екенін естідік. Бұл жайтқа қатысты «Азаттық» радиосы хабарласқан әлгі шағын ауданның учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қарлыға Исламова, сол маңдағы уақытша паналататын мекемеге симай, кезегін күтіп, көп қабатты үйлердің жертөлесіне түнеп жүрген балалардың саны жиырмадан асып кеткенін айтты.
«Ай, балалар» отбасылық жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Әсемгүл Жарылғапова өзінің ойға алған ісін жүргізуге кедергі келтіріп отырғандардың көпшілігі мұны пайда көздеп жүрген жан деп есептейтінін айтады:
- Мен өзім жеті ағайынды әулеттен қалған жетім қызбын. Фамилиямыз жоғалып кете ме деп қорқамын. Сондықтан, осы іске бел шешіп кірісіп отырмын. Артымда жылы сөз айтар тұяқ қалса деп тілеймін.
Осы хабарды жасау барысында «Азаттық» радиосының Астанадағы тілшілері, Әсемгүл секілді жетім балаларды қамқорлығына алып, тәрбиелеуге ынта білдерген адамдарға мемлекет тарапынан баспана бөлу жайына тұщымды жауап алмақ болып, Қазақстанның бас қаласында осы салаға қатысы бар деген жеті бірдей мемлекеттік мекеменің басшылары мен бас мамандарына хабарласқан еді. Бірақ, олар бір-біріне сілтеумен болды. Тек қалалық коммуналдық меншік департаментінің бас маманы Дулат Смағұлов қана үкіметтік мекемелер Есілдің сол жағалауына көшкен соң ғана ғимараттары босауы мүмкін екендігін айтты.
- Балалар үйін тезірек ашу үшін Парламент Мәжілісінің депутаттығына Астанадан сайланған Төлеген Мұхамеджанов пен «Асар» партиясының төрайымы, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаевадан көмек сұрайын десем, олардың көмекшілері әртүрлі сылтау айтып жолатар емес, - дейді Әсемгүл Жарылғапова.
Осыдан он үш жыл бұрын Қазақстанда жетім балаларға қамқорлық жасау мақсатында құрылған «Бөбек» атты қайырымдылық қорын сол кезден бері республика президенті Н.Назарбаевтың зайыбы Сара Алпысқызы басқарып келеді. Ал президенттің өзі жыл сайын жаңа жыл қарсаңында жетім және кедей отбасының балаларын жинап, олар үшін «Президент шыршасы» мерекесін ұйымдастыруы дәстүрге айналған.