Рим папасының жерлеуін әлем ақпарат агенттіктері заманауи әлемдегі ең үлкен жерлеу рәсімі деп атап жатыр. Рим папасының мүрдесі салынған, кипарис ағашынан жасалған табыт Әулие Петр шіркеуінен шығарылғанда Рим қаласында самал жел соғып тұрды.
Рим папасының мүрдесі халық қоштасып алсын деп осы шіркеуде соңғы төрт күн бойы қойылған болатын. Жергілікті уақыт бойынша сағат оннан асқанда табытты 12 азамат көтеріп шықты да Әулие Петр алаңында ортаға қойды.
Мұнда соңғы дұғалар оқылғанда миллиондаған халықтың алдында кемінде 200 мемлекет пен үкіметтердің басшылары да қатысып тұрды. АҚШ президенті Джордж Буш, БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан, Иран президенті Мохамад Хаттами, Ауғанстан президенті Хамид Қарзай, Ресей бас министрі Михаил Фрадков, Украина президенті Виктор Ющенко, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтер осы жерде табылды.
Рим қаласының көшелеріне лық толған жүздеген мың халық жерлеу рәсімдерін арнайы қойылған үлкен телеэкрандардан көріп тұрды. Дұғалар оқылып болған соң Рим папасының мүрдесі жатқан табыт қайтадан Әулие Петр шіркеуіне кіргізілді. Рим папасы осы бас шіркеудің ішіне қойылды. Ватиканда өткен қоштасу рәсімін Иоанн Павел Екіншінің жақын серігі, Германия кардиналы, Кардиналдар колледжінің деканы Джосеф Ратцингер басқарды:
- Бүгін біз Иоанн Павел Екіншінің сүйегін жер қойнауына тапсырып отырмыз, бұл мәңгіліктің дәні болсын деген ниет білдіріп отырмыз. Жүректеріміз қайғыға толы, бірақ, жүректеріміз шуақты үміт пен шексіз алғысқа да толы.
Келесі Рим папасының сайлауында осы Германия кардиналы Джосеф Ратцингердің дауысы басым болады, тіпті оның өзі папалықтан үміткер болуы мүмкін. Кардинал Ратцингер Иоанн Павелдің өмір жолын суреттеді, нацистердің терроры кезіндегі үрейлі заманда химиялық зауытта жұмыс бастаған Иоанн Павел Құдай жолына жастайынан түсті деп зейін қойылды. Ратцингер оқыған уағыз кезінде халық бірнеше мәрте қол шапалақтап, ниеттерін білдірді, Иоанн Павелге қазірдің өзінде әулие дәрежесі берілсін деген ұрандар айтылды.
Шіркеу алдындағы алаңда соңғы дұғалар оқылып, соңғы уағыз айтылған соң қара жамылған 12 азамат табытты қайтадан шіркеуге кіргізді. Шіркеудің есігіне кіре бергенде олар сәл кідіріп, табыттың бас жағын елге қаратты да, бір минуттай тұрып, қайта бұрылды, сосын шіркеудің ішіне аяқ басты.
Миллиондаған халық қол шапалақтап қалды, шіркеулерде соққан қоңыраулар бүкіл Рим қаласын жаңғырыққа толтырды. Бұл рәсімдерді тікелей берілген телехабардан бүкіл әлем жұрты көріп отырды. Жерлеудің соңғы рәсімдері Әулие Петр шіркеуінің төлесінде атқарылды. Мұндағы негізгі тәртіп – папаның мүрдесі жатқан, кипарис ағашынан жасалған табыт алдымен мырыш жәшікке, одан соң ол жәшік емен ағашынан жасалған тағы бір табытқа салынды. Сосын ол табыт арнайы жерге қойылды.