Accessibility links

Адам құқын қоршаушы ұйымдар Қытайда исламға қысым көрсетілетіндігін айтады


Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар Қытай билігін сол елдегі eң үлкен этникалық топ - мұсылман ұйғыр қауымдастығын төмендетіп, қытай заңдарын оларға әділетті қолданбай отыр деп айыптады.

АҚШ-та орналасқан адам құқықтарын қорғау ұйымы мен Қытайдағы адам құқықтары ұйымының бірлескен хабарламасында Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында дініне қатысты репрессия жүйелі түрде, "ойластырылған мемлекеттік саясат" тұрғысында жалғасуда деп жазылған. Аталған хабарламаға Қытай конститутцияға сәйкес Шыңжаңда барлық топтардың діни еркіндігі қамтамасыз етілген деп жауап берген.

Адам құқықтары ұйымының Азия директоры және осы баяндаманы жазған авторлардың бірі Брэд Адамс бұл хабарлама Коммунистік партия мен үкіметтік құжаттарға және ресми баспасөзде жарияланған мақалалар мен жергілікті нұсқауларға, Шыңжаңда жинақталған түрлі интервьюлерге негізделген дейді. Оның айтуынша бұл зерттеулер Қытай заңдарында бұрын байқалмай келген діни еркіндікті шектеу мақсаттарын айқындап берген.

- Біздің сараптамаларымыз бұл заңдар мен нұсқаулар ұйғырлардың өз алдына жеке мемлекет, Шыңжаңның бөлек аймақ болуға деген талпынысына қысым көрсетіп, басып- жаншуға бағытталғанын көрсетті. Бұған енді мұсылманға қарсы жаулық пиғыл да қосылған. Мұнда Қытай үкіметінің ішінде кейбір адамдар, олар мұсылман болғандықтан да нысананаға алынуы мүмкін, кейбір адамдар Ислам дінінде болғандықтан, олар бөлектенуді қалайды деп те нысанаға алынады. Бұл жерде міне осындай түрлі себептер бар, - дейді талдаушы.

Ұйғырлар қытайдағы түркі тілдес, жалпы саны 8 миллиондай болатын ұлттық азшылық, олардың дәстүрлі отаны - Қытайдың мұнайға бай әдетте Шыңжаң ұйғыр автономиялық облысы деп аталатын солтүстік батыс аймағы. Бұл аймақта мыңдаған адам жыл сайын заңсыз діни ұстанымдары үшін ұсталады деп пайымдауға болады. Қытай ұйғыр сепаратизмі белсенділерінен оларды Ислам терористері деп қорқады.

- Олар Исламның саяси ойлау күші бар ұйым болғанын қаламайды. Менің ойымша бұны шектеулі нәрсе деп ұғуға болады. Мұндағы басты қауіп, мұсылмандық діндегі адамдардың бірігіп кетуінен қорқуда жатыр. Бұл Қытай үкіметі ойлағандай радикалды Ислам емес, бұл кәдімгі қалыпты мұсылмандық діни наным -сенім турасында, - дейді сарапшы Брэд Адамс.

Адам құқықтары ұйымы Қытай Шыңжаңда жекелеген діни және мәдени бейбіт шақырулардың таралуын террор деп бағалап, 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі қалыптасқан жайды соған қарсы пайдаланып отыр дегенді айтады. Бұл ұйым Бейжін 2002 жылы Шығыс Түркістан Ислам қозғалысын БҰҰ-ң террорлық ұйымдар тізіміне енгізу тұрғысындағы өзінің күш-жігеріне Вашингтонның табысты қолдау танытуын да қамтамасыз етуге тырысты деп атап көрсетеді.

Адам құқықтары ұйымы Шыңжаңда сепаратистік пиғылдар бар екендігін жоққа шығармайды жане кейбір ұйғыр экстремистері Қытайдың бірқатар ережелерінің жойылғанын қалайды дегенді айтады. Қытай сыртқы істер министрінің өкілі Қин Ганг сейсенбі күні өткен баспасөз-мәслихатында бұл айыптауларға былайша жауап берген:

- Шыңжаңдағы барлық этникалық топтардың Конститутцияға сәйкес діни еркіндіктері қамтамасыз етілген. Мұндағы барлық ұлыстардың толық азаматтық құқықтары бар, оның ішіне діни наным-сенім де кіреді. Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы халықаралық террорлық ұйымдармен бірге жұмыс істеп, Қытайдың өз ішінде және сырт жерде де террорлық қимылдарды жүзеге асыра бастады. Бұл тек Қытай үшін ғана қауіпті емес, көршілерге де, әлемге және жалпы тұрақтылыққа қатер төндірер еді. Шығыс Түркістан Ислам қозғалысын талқандау террорға қарсы ғаламдық күрестің маңызды бір бөлігі. Біз бұл діни және этникалық мәселе деп қынжылмауымыз керек, - деп атап көрсетеді.

Адам құқықтарын бақылау және Қытайдағы адам құқықтары ұйымы егер Қытай мемлекеті өзін әлемдік қауымдастықтың белді бір өкілі деп есептейтін болса, БҰҰ-ың Адам құқықтары тобының өкілдеріне Шыңжаңға баруға рұхсат етуі керек дейді.

Брэд Адамс сөз болып отырған зерттеулер Қытайдың мүдделеріне сай келеді, бұл Шыңжаң аймағында ымырашыл күштердің тууына ықпал етер еді дегенді айтады. Оның айтуынша, Шыңжаңдағы қазіргі жағдай сын көтермейді. Ал бірақ Бейжіннің бұндай ескерту- бақылауларға берген жауабы қарама-қарсы болды.
XS
SM
MD
LG