Бірнеше оппозиция жетекшісі мен кейбір бұрынғы шенеуніктер өткен аптада, дәлірек айтқанда көкектің 12-сі күні алда болатын Парламент сайлауында көп орынға ие болу үшін жаңа сайлау блогын құрғандары жөнінде жариялады.
Бұл одақ "Иени саясат", қазақша айтқанда Жаңа саясат деп аталады. Оның құрамында Әзірбайжандағы үкіметтік емес қоғамдық ұйымның басшысы және бір кезде Гейдар Әлиевтің кеңесшісі болған Намазов бар. Коалицияның басқа мүшелері - бұрынғы мемлекеттік хатшы және Әзірбайжан еңбек партиясының бұрынғы жетекшісі Ләйлі Шовкет пен Әзірбайжанның ұлттық тәуелсіздік партиясының бұрынғы басшысы Етибар Маммедов.
Намазов Азаттық радиосына берген сұхбатында бұл жаңадан құрылған одақтың алдына қойып отырған негізгі мақсаттары туралы былай деді:
- Бұл блок еркін де әділ сайлаулар өткзіу үшін күресетін болады, оның ішінде президенттік, парламенттік және жергілікті сайлаудың бәрі де бар. Және демократиялық реформаларды тереңдетіп жүргізуді ойлаймыз. Блок тек парламент сайлауына қатысу үшін ғана құрылып отырған жоқ, біздің стратегиялық мақсаттарымыз кеңірек, ол - елдегі сыбайласқан, ұйымдасқан жемқорлықпен күресіп, авторитаризмнің көзін жойып, Әзірбайжанда жаңа демократиялық жүйе құру.
Жаңа саясат блогының негізін қалағандардың Намазовтан басқасы, 2003 жылы президент сайлауына қатысқан, бұрынғы кандидаттар. Ол сайлауда Шовкет өзін тәуелсіз үміткер ретінде ұсынып, 3,3 процент дауыс, ал Маммедов 2,7 процент жинаған болатын.
Жаңа одақ бұрынғы оппозициялық байланыстардан бастау алып отыр. 2003 жылғы сайлау кезінде Маммедов Әзірбайжанның Ұлттық тәулесіз партиясын басқарған, одан кейін ол Халық майданы партиясы реформашылар қанатының төрағасы Әли Керімлимен біріккен еді.
Ал енді Маммедов Ұлттық тәуелсіз партияны тастап, Жаңа саясатқа қосылып отыр. Өз тарапынан Керімли де Мұсават Кембермен және қуғында жүрген оппозиционер Расул Қулиевтің Демократиялық партиясымен біріккен. Керімли Азаттық радиосына берген сұхбатында оппозиция өткен сайлаулардағы қателіктерден өзіндік қорытынды шығаратын қимыл-әрекеттерге кірісекенін айтты:
- Біз үшін сайлау, жай ғана сайлау емес, біз үшін ол - демократия жолындағы күрес. Біз жеке-жеке жүріп, жүйені жеңе алмаймыз. Сондықтан, барлық күшті біріктіру өте маңызды. Біз 2003 жылғы президенттік сайлау мен оның нәтижесін талқылай келе, тағы да жеңіліске ұшырамас үшін, барлық ресурстарды біріктіру керек деп ойладық, сол себепттен сайлауға дайындықты ерте бастау керек деп шештік.
Дегенмен де, Әзірбайжан оппозициясы дәстүрлі бөлшектенуді жеңіп, біржолата біріге ала ма, ол жағы осы кезге дейін айқын емес. Ұлттық тәуелсіздік және Демократиялық партияның көптеген мүшелері қаңтар айында құрылған "Ынтымақтастық және Сенім" деп аталатын үкіметке қарсы үшінші коалицияның қатарында.
Аталған коалицияның жетекшісі Ресей әділет министрлігінің бұрынғы шенеунігі, Ресей-Беларус келісімі авторларының бірі - Илқар Қасимов. Бакудегілердің көпшілігі бұл саяси блок биліктің қолындағы қуыршақ болуы немесе Әзірбайжан саясатына Ресей ықпалын жүргізудің басты жолы болуы мүмкін деп күдіктенеді. Осы Ынтымақтастық және Сенім блогына қарағанда Намазов пен Керімли жетекшілік ететін одақтарды әзірбайжандықтардың көбі батыстық деп қабылдайды.
Жетекшілердің екеуі де демократиялық өзгерістерге тек сайлаулардың көмегі арқылы қол жеткізгіміз келеді дейді. Бірақ, олар жақында Украина мен Қырғызстанда орын алған төңкерістер сияқты оқиғаларға қарсы екендерін айтады.
Алайда, сайлау кезіндегі бұрмалаушылық, сыбайластықтың қандайы болсын ондай қарсылықтар туғызатындығы сөзсіз деген Намазов, 2003 жылы өткен президент сайлауынан кейінгідей кең етек алған наразылық шерулері бұл жолы болмауы да мүмкін дегенді айтады.