Accessibility links

Европа Одағының жаңа Конституциясы қиындықтарға кезікті


Жүргізілген сауалнамалар француздардың көпшілігі биылғы жылғы мамырдың 29-ына белгіленген референдумда бұл келісімге жоқ деп жауап беретіндігін көрсеткен.

Европа одағының негізін қалаушы және оның ең белді мүшесі - Францияның мұны қабылдамауы - Европа одағының бұдан былайғы ықпалдастығында өзіндік күмән туғызатын, түсініксіз мәселелер бар екендігін аңғартады. Сондай-ақ, Нидерланды да "жоқ" деп дауыс беруге бейім тәрізді. Сонымен бұл арада нені дұрыс емес деуге болады?

Ең үлкен алаңдаушылық - олар мұндай пікірлер айтады деп мүлде күтпегендіктен болып отыр. Мұндағы әңгіме - Европа одағының жаңа Конституциясын ратификациялау жайында және ол үшін алдағы айда өтеді деп белгіленген референдумда франциялықтардың көбі жаңа Конституцияға қарсы дауыс беруге дайын екендігі таңданыс туғызуда. Ең соңғы өткізілген сауалнамада жаңа Конституцияны қабылдамаймыз деп жауап бергендер саны бұрынғы сұралғандармен салыстырғанда, сәл азайғандығы байқалады, бірақ, бәрібір олардың саны жалпы есеппен алғанда Конституцияны жақтап жауап бергендерден артық.

Европа одағының бұл тұрғыда қатты бағыт ұстанып отырған тағы бір мүшесі - Нидерланды елі. Онда да сұрау салуға қатысқандардың көпшілігі "жоқ" деп жауап бергендер болып шыққан. Сонымен, Европа жобасына не болды деген заңды сауал көлденеңдейді.

Париждегі халықаралық қатынастар институтының аға сарапшысы Филипп Мореу де Фарж француздардың көпшілігі бұл Конституцияда ғаламдастыруды алға жылжытушы ретінде еркін экономикалық пәлсапа жазылған деп түсінеді дейді. Олар бұл дамыған әлемдегі жеңілдіктер мен еңбекақыны азайтатын еркін сауда жүйесі деген көзқарас жағында деп атап көрсетеді талдаушы:

- Мұндағы түсініксіздік, қазір Францияда экономикалық және әлеуметтік жағдай нашар деген шартпен Европа одағы мен ғаламдық экономиканы салыстыруда. Және ең соңғы нәтиже Европаның осы ғаламдасудың транспорты тәрізді көрінуінде.

Мореу де Фарж Франция тұрғындарының жаңа Конституцияға байланысты мүдделілік танытуының басқа да көптеген себептері бар дегенді айтады, оның ішінде Түркияның Европа одағына қосылуы жөніндегі ұсыныс ең соңғы кезекте тұрған жоқ:

- Конституцияны қабылдауға "жоқ" деп қарсы дауыс берудің көптеген себептерін келтіруге болады, әрине, Түркия - соның бірі. Француздардың кейбірі, Конституцияға көз жеткізгендері Түркия алдын-ала дайындықсыз одаққа мүше бола алады деп сенулері мүмкін. Әрине, бұл идея дұрыс емес.

Француздар сонымен қатар ел экономикасының бір орында тұрып қалғаны және иммиграция проблемаларының жалғасып жатқаны үшін премьер-министр Жан Пьер Раффареннің үкіметін жазалауға тырысатындықтарын айтады. Европадағы саясаткерлер Конституцияны қабылдамаймыз деп жауап бермеуге француздардың көздерін жеткізуге тырысып, бұл - қатары 25 мемлекетке ұлғайған блоктағы процедураларды жеңілдетуге бағытталған құжат дегенді алға тартып жатыр.

Құжатты қолдаушылардың бірі - Европа одағының қазіргі сауда комиссары Питер Манделсон Конституцияны қабылдамау Европа одағы құлайды дегенді білдірмейді, бірақ, бұл өзіндік бір бейберекеттікке әкелуі мүмкін дегенді айтады. Бұл жайында Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барнье де қатты ескерткен:

- Бұдан бас тартқан әрбір ел өзін әлсіретеді және басқалардан оқшауланады. Бұл, әсіресе, Франция сияқты негізгі ел үшін тіпті көп болуы мүмкін. Олардың ықпалы зиян шектіруі ықтимал. Сіздер білулеріңіз керек, біздің көптеген ұсыныстарымыз бұл Конституциялық жобаға енгізілді. Бұдан оны осылай қарастырып отырған ел ғана емес, жалпы Европа Одағы әлсірейді.

Дегенмен, талдаушы Морей бұл тұрғыда оптимистік көзқарас ұстанады, ол француздар таңданарлық жандар болуы мүмкін, бірақ, ақыр соңында олар шешім қабылдай алатындай қабілетке ие дегенді айтады. Нидерландының да Францияға жақын көзқараста екендігін соңғы сауалнамалар көрсетті. Ал әзірге Италия мен Испанияны қосқанда, барлығы алты мемлекет жаңа Конституцияны ратификациялаған.
XS
SM
MD
LG