Халықаралық сенімнің көмескіленіп бара жатқанын атап көрсете келе, БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан мемлекеттерді ядролық қауіп-қатерді азайтатын ядролық жүйе құруға шақырды. Аннан өз сөзінде ядролық қару таратпау жөніндегі 35 жылдық тарихы бар келісімнің бүгінгі таңда ғаламдану мен терроризм және технологияның дамыған заманында үлкен қысым астында қалып отырғанына баса назар аударды. Ол конференцияда ядролық бағдарлама жағдайында, Иран сияқты мемлекеттің аса алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты.
- Ядролық энергияны дамытып, оны бейбіт мақсатта пайдалану жолындағы өз хұқтарын толық жүзеге асырғысы келетін елдер ядролық қару жасау үшін қолданылатын қуаттарды дамыту арқылы ядролық қару жасауға ұмтылмаулары керек. Және ол мемлекеттер ядролық қуаттан отын алу және оны қолдану ісі тек өзінің ішкі шаруасы деп қана ойламаулары қажет, - деді Кофи Аннан.
Аннан сондай-ақ, ядролық отын алу жүйесін өз еріктерімен тоқтату үшін мемлекеттерді ынталандыратындай бір келісімдер болуы керек дегенді алға тартты. Қазіргі таңда осы тұрғыда Европа одағы мен Иран арасында талқыланып жатқан мәселені айтса болады. Бұл ретте ол мұндай келісімдерге келуден бас тарту ядролық қару технологиясын дамытуға деген бәсеке-жарыс туғызған болар еді деп атап көрсетті бас хатшы.
- Егер әрбір мемлекет ядролық қаруға ие болу үшін өз алдына отын өндірудің нәзік жүйесін игеріп және технологияға қол жеткізетіндей болса, жүйе өміршең болмайды және мұндай әрекеттері арқылы әрбір ел тағы бір елдің біз де дәл соны жасауымыз керек деген ұмтылысын тудырады, - дейді Кофи Аннан.
Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы Мохаммед Ел Барадей мемлекеттер басқарудың халықаралық бақылау құралдарының жаңа жүйесіне келісіп жатқан шақта, ядролық отын өндіру циклінің жаңа жабдықтарына уақытша мораторий жариялау туралы ұсынысты қайталап айтты.
- Қолдануға болатын қару үшін ядролық отын өндіру жабдықтарына бақылауды жақсарту қауіпсіздік орнату жолындағы ұзақ жолға ұласады. Біз бейбіт мақсаттағы ядролық технологияны қолдануды кеңейту мен ядролық отын жүйесі үшін қолданылатын циклді тарылту немесе қысудың арасында ешқандай сәйкестік немесе байланыс жоқ екендігі турасында өте айқын болуымыз керек, - дейді Ел Барадей.
Бірақ, Ядролық қару таратпау келісіміне қол қоюшылардың арасында болған айтыс-тартыстар бейбіт мақсаттағы ядролық технология турасында ортақ бір шешімдердің жуық арада болмайтынын байқатады. БҰҰ-ның конференциясы басталардан бірер күн бұрын ғана, Иран шенеуніктері уақытша тоқтатып қойған ядролық энергия жөніндегі құпия бағдарламасын қайта жаңғыртамыз дегенді айтқан болатын.
Иран өкілдері егер аталған ел ядролық отынды байыту қимылдарын тоқтататын болса, оның есесіне Техранға экономикалық ынталандыру шараларын ұсынамыз деген Европа одағының үш елімен жүргізілген келіссөздерде бірқатар алға жылжушылық болуын талап еткен болатын.
АҚШ ресмилері бұл конференцияда президент Джордж Буштың бүкіл әлемдегі ядролық жетекші елдерді басқа мемлекеттердің ядролық отынды игеріп, иеленуіне ол елдердің ядролық отын байыту циклдарын жүргізуден бас тартуына қарай мүмкіндік беру жөніндегі ұсынысының басты назарға алынуына әрекет жасады. Уранды байыта алатын құрал-жабдықтар ядролық қару жасау үшін қолданылатын материал да өндіре алады.