Нүрия Есенбекова өзінің балалар үйін ашқаны, онда 30 жетім бала тәрбиелеп жатқаны туралы ақпар беріп, 2002 жылдан бері Сорос қорынан тұрақты түрде грант алып келген дейді осы қордың Қазақстандағы бөлімшесінің қызметкері Галина Иванова. Оның айтуынша, Шиелідегі «Алақай» қорының жетекшісі Нүрия Есенбекова балалар үйін ашып, оны компьютермен, оқу құралдарымен жабдықтау үшін Сорос қорынан 10 мың 200 доллардың грантын алу жөнінде келісім-шарт жасасады. Нүрия Есенбекова ақша аударыла бастағаннан-ақ, оның қалай ұқсатылып жатқаны жөнінде Сорос қорына есеп беріп тұрған.
- Соростың менеджері Жәмилә Сапарғалиева Шиеліге барып тексеру жүргізгенде, Есенбекованың мәліметтерінде көрсетілген құрал-жабдықтар болмай шықты, - дейді қор өкілі.
Осыдан кейін Сорос қоры Шиелі кентіндегі «Алақай» қорын тексеруді сұрап, Қызылорда облыстық прокуратурасына хат түсіреді. Шиелі ауданының прокуроры Исабек Махшатовтың айтуынша, Сорос қорының арызы негізінде Шиелі аудандық прокуратурасы «Алақай» қорына тексеру жүргізеді. Тексеру барысында біраз жайлар анықталған. Осы істі жүргізіп жатқан Шиелі аудандық прокурорының көмекшісі Мағрипа Әлиеваның айтуынша, прокуратура «Алақай» қорының төрайымы 886 мың теңгені мақсатсыз жұмсағандығын дәлелдеген.
Ал, «Алақай» қорының төрайымы Нүрия Есенбекова болса, балалар үйіне алынған компьютерді және оның жабдықтарын өткен жылғы күзден бері жалға беріп, ақша тауып отырғандығын айтады. Ол өз қызметін Сорос қоры мен прокуратура тексерген кезінде кемшіліктердің болғандығын жасырмайды. Шиелі аудандық прокурорының көмекшісі Мағрипа Әлиева:
- Қор төрайымы Нүрия Есенбекова айтқандай, балабақшада жетім балалар тәрбиеленіп жатқан жоқ, Тәрбиеленушілердің ата-анасы бар, олар балаларды таңертең әкеліп, кешкісін алып кетеді, - дейді.
«Алақай» қорының төрайымы Нүрия Есенбекова болса, прокуратура тексеруді дұрыс жүргізген жоқ. Ол кезде 25 бала тәрбиеленіп жатқан. Прокуратура қызметкерлері 11 баланы ғана көріп, жағдайды солардан ғана сұрады дейді. Ал Шиелі аудандық прокурорының көмекшісі Мағрипа Әлиеваның айтуынша, қазір балалар үйі жабылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.