Accessibility links

АҚШ-та Өзбекстан үкіметіне сын күшейе түсті


Өзбекстанда адам құқықтары бұзылып жатқанына қарамастан АҚШ 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуылдардан соң Өзбекстанмен тығыз қатынаста болатын. Бірақ, қазіргі жағдайда Буштың жақтаушылары Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовті жөнге келтіретін уақыт келді, ол тым шектен шығып кетті деп жатыр.

Ислам Кәрімовке аса қатаң талап қоятын уақыт келді деп үндеу айтатындардың бірі – Конгресс депутаты, Буштың партиялас серігі Дейн Роурбачер. Ол ойын бірнеше сұхбаттарында, таяуда жарияланған мақаласында айтты.

Депутат кеңсесі бастығының орынбасары Дональд Ернсбергер Азаттық радиосына сипаттама бергендей, мұндай ұстанымға ең алдымен Өзбекстанда орнаған қанаушы билік себеп болды. Дейн Роурбачер АҚШ әкімшілігінің Өзбекстанға қатысты қимылдарында екіжүзді өлшем байқалып келді, мұны тоқтату керек деп біледі.

Нақты мысал келтірсек, адам құқықтарын қорғаушы ұйымдарының сыни баяндамаларынан соң, былтыр АҚШ сыртқы істер министрлігі Өзбекстанға беріледі делінген 18 миллион доллар көмегін тоқтатқан болатын. Алайда, бұдан соң санаулы апта өтпей жатып, Америка Құрама Штаттары Өзбекстанға 18 миллион доллардан әлдеқайда көп ақша бөлді.

АҚШ сыртқы істер министрлігі Кәрімовтің үкіметі совет заманынан қалған биологиялық қаруды залалсыздандырады деп Ташкентке 21 миллион доллар берді. Өзбекстанға осы кезде барған АҚШ Орталық қолбасшылығының бастығы генерал Ричард Майерс Өзбекстанға көмек беру керек, Кәрімовтің үкіметі АҚШ қорғаныс министрлігімен жақсы жұмыс істеп отыр деп мақтау айтты.

Дейн Роурбачердің көзқарасын радиомызға білдірген көмекшілерінің бірі Дональд Ернсбергер АҚШ әкімшілігі ең алдымен кемінде сыни көзқарасқа көшу керек дейді. Ернсбергер АҚШ-тың Өзбекстанға қатысты саясатының бір шетінде одақтас мұқтаждығы, екінші шетінде - авторитарлық үкіметті сынау қажеттілігі жатыр дейді:

- Дейнның пайымдауынша, біз бұл таяқтың жеке құндылықтары, демократия құндылықтары жатқан шетіне жылжығанымыз жөн. Сыртқы қатынастарымызда таяқтың екі шеті де маңызды десек те Өзбекстанда орын алып жатқан оқиғалардағы қимылдарға әлдеқайда сыни көзқарас танытсақ жөн.

Әндіжанда орын алған қантөгістен соң Ресей де, Қытай да Өзбекстан үкіметіне қолдау танытқаны ерекше көрінді. Вашингтонда орналасқан "Кето" институтының қорғаныс сарапшысы Чарльз Пейния Ресей мен Қытайға қатысты өлшемдерге бола Өзбекстанды қолпаштаудың қажеті жоқ дейді.

Ресей мен АҚШ-тың қатынастары қазір жақсы, сондықтан Мәскеумен ренжіспеу керек. Қытаймен қатынас төмендеу болса да, Қытаймен де тіл табысқан жөн. Бірақ, өз мұсылман халқын қорлап отырған өзбек үкіметін қолдау - ең нашар шаруа болады, Кәрімовтің үкіметінен енді аулақ болған жөн дейді Чарльз Пейния:

- Кәрімовтің билігі АҚШ-тың стратегиялық мүдделеріне және АҚШ-тың ислам әлемімен қатынастарына қауіп төндіретін жолға түссе – Америка Құрама Штаттары Өзбекстанмен қатынасты алшақтау жүргізуге дайын болу керек деп ойлаймын. Өзбекстандағы жағдайдың барысына қарамастан біз бәрібір осы бағытқа көшуіміз керек. Мұның бір себебі – Буш әкімшілігі әлемде демократиялық құндылықтарын орнату саясатына, әсіресе, мұсылман әлеміне демократия әкелу саясатына басымдылық беріп отыр.

Сарапшы Ч.Пейния АҚШ қазір шапшаң қимылдамаса – жетекшіліктен адастық деп өкінген тағы да көптеген мұсылманның көңілі Осама Бин Ладенге ауып кетеді дейді.
XS
SM
MD
LG