Мамырдың 23-күні түстен кейін Өзбек елшілігінің алдына келген студенттердің арасында өзін Алматыдағы Қазақстан-неміс институтында оқитын өзбекстандық Тимур Мақсұдов деп таныстырған жас азамат өзінің бес серігімен бұл жерге Әндіжандағы қайғылы оқиға туралы толық шындық айтылсын деген талаппен өзбек үкіметіне мәлімдеме жасауға келгенін айтты.
Олар Өзбек үкіметінен қайғылы оқиғаны толық зерттеу үшін елге халықаралық бақылаушылар мен шетелдік журналистер жіберілсін деген талап қойды. Мұнан кейін, олар Өзбекстанда билік басында отырған режимнің барлық құрбандарын, солардың арасында, мамырдың 13-і мен 14-інде Әндіжандағы қаза тапқандардың рухына деп, өздерімен алып келген шырақтарды жағып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шырақ ұстап тұрған Тимур мен оның бес серігіне тағы да жас жігіт-қыздар қосылды. Тимурдың айтуынша, осы шараға бұдан әлдеқайда көп - Алматыда білім алып жатқан өзге де өзбекстандық жастар жиналып келмекші болған екен. Алайда, бұл туралы ақпарат олар білім алып жатқан оқу орындарының басшыларына жетіп, әкімішілік әлгі жастарға елшілік алдында өтпекші шараға бармауға кеңес айтыпты.
- Әйтпесе, алдағы уақытта олардың Қазақстанда қалу-қалмауы екіталай болу мүмкін екенін тұспалдап, ескертті, - дейді Тимур.
Наразылық шарасы болып жатқанда, өзбек елшілігінің адамдары мен осы маңда жүрген жиырмаға жуық қазақстандық полиция қызметкерлері мұның барлығын сырттай бақылап тұрды. Ал жастар шараны өткізіп болып, енді тарай бастағанда, өзбек елшілігінен өз аты-жөнін журналистерге атаудан бас тартқан бір адам шығып, Тимурды ішке кіруге шақырды.
Тимур оған келісім беріп, әлгі адам оны ішке алып кіріп кетті. Ал, олармен бірге елшілікке кіруге сұранған журналистерді жіберген жоқ. Бірақ, Тимурдың өзбек елшілігінен кіруінен шығуы тез болды. Арада бар болғаны 2-3 минут өткенде іштен шыққан Тимурдың бет әлпетінен оның қатты толқығаны байқалды, одан елшілік ішінде не болғанын сұраған Азаттық тілшісіне жас жігіт өзінің әлгі адамға сенбейтіндігін, сондықтан бұл жерден тез арада кету туралы шешімге келгенін айтып, асығыс қоштасып кетіп қалды.
Бұдан кейін Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тұрдықұл Бутаяров сыртта тұрған журналистерді ішке шақырып, олардың сұрағына жауап беруге әзір екенін білдірді. Бірақ, бұл кездесуге Азаттық радиосының тілшісін кіргізген жоқ. Оның ішінде болып шыққан басқа журналистердің айтуынша, елші мырза осыған дейін Өзбекстан үкіметінің Әндіжандағы оқиғаға байланысты жариялаған ресми мәлімдемесін қайталап оқып беріп, "бұл істерге ислам терроршылары айыпты" дегенді айтыпты.
Өзбек үкіметі Әндіжандағы қырғында 169 кісі қаза тапты десе, адам құқықтарын қорғаушы халықаралық ұйымдар мен өзбек оппозициялық топтары қаза болғандар саны кемінде бір мың адам дейді.