Пентагонның ресмилері мұндай келісімдердің жасалуы, Америка күштеріне Кабулдың солтүстік жағындағы Баграм әуе базасы сияқты орындарды бұдан былай да пайдалануға беруге Ауғанстанның әзір екендігін байқатты дейді. Бірақ, бұл бірлескен құжатқа екі маңызды мәселе кірмей қалған. Ол - Ауғанстандағы АҚШ күштерінің мәртебесі мен олардың қимыл-әрекеттерінің қаншалықты шектелетіндігі жөнінде.
Қарзай Бушпен дүйсенбіде өткен жеке кездесуінде бірнеше талаптар қойды. Ол өз үкіметіне Ауған жерінде орналасқан АҚШ әскерлеріне көбірек бақылау орната алатындай мүмкіндік беруді және АҚШ заңсыз тұтқындап отырған ауғандықтарды қайтаруды сұрады. Қарзай, сондай-ақ, АҚШ түрмелеріндегі ауған тұтқындарына зорлық-зомбылық көрсетілуіне де алаңдаушылық танытты. Бірақ, бұларға президент Буш ешқандай пікір білдірген жоқ.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай ауған тұтқындарын өз үкіметіне беру туралы Вашингтонға өтініш жасап, солай етуге олардың көзін жеткізуді өзінің осы сапардағы міндеттерінің бірі ретінде қарастырған тәрізді. Президент Буш Қарзайдың Ауғанстан территориясында тұрған АҚШ күштерінің барлық қимыл-әрекеттеріне Кабулдың көбірек бақылау жасауына өкілеттік беру жөніндегі өтінішін үнсіз қалдырып, оған қандай да бір пікір білдіре қоймаған.
Дүйсенбі күні Буш пен Қарзай қол қойған "стратегиялық әріптестік" туралы құжат АҚШ бастаған террорға қарсы күрес коалициясы күштерінің бұған дейін де қолданып келген іс-қимыл әрекеттерін тағы бір рет атап көрсетіп, әскери операциялар жөнінде қайта мәлімдейді. Демек, АҚШ пен коалиция күштерінің алдын-ала келісілген шараларға және ақыл-кеңеске негізделген соғыс операцияларын жүргізудегі қимыл-әрекет еркіндігіне ие болуы бұдан былай да жалғасатын болады.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай ұзақ мерзімдік "стратегиялық әріптестік" құжатының қабылдану себептерін былайша түсіндірді:
- Біз Ауғанстандағы АҚШ ресмилерімен ауған халқының Америкамен ұзақ уақытқа стратегиялық әріптестікте болғысы келетіндігі жөніндегі тілегін сіздің үкіметке қалай жеткізу туралы сөйлескен болатынбыз. Өйткені, 2005 жылдың қыркүйегінде сайлау өткен соң, Бонн процесі аяқталады. Парламент сайлауынан кейін, Бонн процесінің мерзімі біткен соң, бүкіл әлем Ауғанстан бірден аяғынан тік тұрып кетті деп түсінбесе керек. Саяси тұрғыда біз көп нәрсені жүзеге асырдық, бірақ, нақты іс жүзінде Ауғанстанға әлі де көп қолдау қажет болады, - деген Қарзай мұндай құжаттың қабылданғанына өзінің қуанышты екендігін айтқан.
Джорж Буш АҚШ әскерлері тек өздерінің американдық командирлерін тыңдап, солардың бұйрықтарына бағынатын болады деп шешімді түрде кесіп айтты. Ақ үйде Қарзаймен бірге өткізілген баспасөз-мәслихатында Буш былай деп атап көрсеткен:
- Ауған үкіметі біздің қарулы күштер жайында көбірек айта бастаған жағдайда, біздің әріптестік ынтымақтастық пен ақылдасуларға келіп саяды. Әрине, біздің әскерлеріміз американдық қолбасшыларға бағынады. Бірақ, біздің қолбасшыларымыз бен дипломатиялық қызметіміз Ауғанстан үкіметімен ақылдасып - кеңесіп отырады.
Хамид Қарзай АҚШ әскерлері Талибан қалдықтарын немесе Әл-Қайда күдіктілерін іздестіріп, үйлерге рейд жасардың алдында Ауған үкіметімен ақылдасып отыратындықтарына Буштың көз жеткізгенін қалаймын деген еді. Бірақ, дүйсенбідегі екеуара әңгімелесулерден кейін бірлесіп өткізілген баспасөз-маслихатында бұл мәселе турасында Қарзай ешбір пікір білдірген жоқ.
АҚШ күштері 2001 жылы Ауғанстанға кірген уақыттан бері ұсталған ауған тұтқындарын Ауғанстанның өзіне қайтару туралы қойылған талап тұрғысында Буш қандай да бір шешім білдіре қойған жоқ. Барлығы 500-дей ауған тұтқыны АҚШ-тың Кубадағы Гуантанамо базасында, тағы да жүздеген адам Ауғанстанның өз ішіндегі қамау орындарында тұтқында отыр.
Қарзай АҚШ үшін бастапқы уақытта тұтқындарды өздерінің ұстауы дұрыс болған шығар, ал бірақ енді оларды Ауғанстанның өзіне берген жөн болар еді деген. Дүйсенбі күнгі баспасөз-маслихатында Буш тұтқындарды Гуантанамо базасынан басқа жаққа көшіру уақыт алуы мүмкін деп айтты.
- Гуантанамоға қатысты біздің саясат - біріншіден, түрмедегілерді өз отандарына қашан жіберу мәселесі, екіншіден, Ауғанстандағы түрме жағдайы, қауіпсіздік пен ондағы жататын орын мен ішер ас-судың талапқа сай боларына біз көз жеткізгіміз келеді, - деді Дж.Буш.
Президенттердің екеуіне де АҚШ түрмелерінде ауған тұтқындарына қорлық пен азаптау жасалды деген мәселе төңірегінде сұрақтар қойылды. Оның ішінде Баграмда өлімге жеткізген жайт та бар, Пентагон оны кісі өлтіру қылмысы ретінде зерттеп-тексеруде. Осы баспасөз маслихатында Қарзай адам өліміне душар еткен бұл оқиғаны АҚШ үкіметі саясатының нәтижесі деп ойламайтындығын айтқан.
- Түрмелерде тұтқындардың азапталуын басқалардан емес, тек оны өз қолдарымен жасаған жандардан көргіміз келеді. Ауған халқы американдықтарға ырза, мұндай жекелеген келеңсіздіктер үкіметке, қоғамға деген көзқарасты өзгерте алмайды, - деді Қарзай.
Ауғанстан президенті жақында адам өліміне соқтырған шерулердің болуын, Гуантанамо базасында американдық тергеушілер қасиетті Құранның аяқасты болып қорлануына жол берді деген мақала жариялап, соңынан одан бас тартқан американдық ''Newsweek'' журналының ісі деп атады. Мұнымен бірге Қарзай ол шеру-ереуілдер АҚШ пен Ауғанстанның ұзақ мерзімдік стратегиялық әріптестігін көргісі келмейтін адамдардың ұйымдастырған әрекеттері дегенді айтты.
АҚШ-ң жоғары дәрежелі ресмилері, оның ішінде АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд бар, бәрі де бұл мақала кісі өліміне соқтырған шерулердің етек алуына себепкер болды деп айыптады.