Әндіжанда мамырдың 13-күні орын алған ереуілдер қару жұмсалып, күшпен басылған уақыттан бері Саджахон Зайнабитдинов халықаралық мерзімді басылымдарда, телерадио арналарда жиі көрініп келген болатын. Жергілікті адам хұқтары тобының басшысы Зайнабитдинов әндіжандықтар ереуілінің күшпен, қантөгіспен басылуын ашық түрде "геноцид" деп атап, ол қақтығыста мерт болғандар саны ресмилер мәлімдеген 169 адамнан әлдеқайда көп екендігін айтқан еді.
Одан соң өткен сенбі күні Зайнабитдинов кенеттен жоқ болып кетті. Екі күннен кейін ғана Саджахонның отбасы не болғанын біледі. Бұл туралы Зайнабитдиновтың ұлы Илхомжон Азаттық тілшісіне былай деген:
- Бұл жөнінде маған оның адвокаты Мавлуда Ахмедова айтты. Оны уақытша тұтқындаған деді. Ол екі күн бұрын Қырғызстанда Ошта болған және сонда тұтқындалған екен. Олар маған ертең, демек мамырдың 24-күні сағат 9-да кел деді. Мен олардан әкемді қамаудың себебін сұрап едім, олар жауап бере алған жоқ, - дейді Зайнабитдиновтың ұлы.
Саджахон Зайнабитдинов Әндіжандағы қақтығыстардың ізін ала тұтқындалған Өзбекстандағы белгілі деген адам хұқтары белсенділерінің бірі. Бірақ, ол тұтқындалған жалғыз адам емес. Жергілікті және халықаралық адам хұқтары ұйымдары белсенділерінің мәлімдеулеріне сәйкес, бүгінгі таңда Өзбекстанда Зайнабитдиновтың ісі ең алдыңғы қатарға шығып тұр. HRW халықаралық ұйымының өкілі Александр Петровтың бізге айтқаны мынандай:
- Біз адам хұқтарының белсенділері жөнінде оларды ұстаған, ұрып-соққан, жауап алған деген және тағы да басқа мәлімдеулер алудамыз.
Ол Әндіжаннан жақында алынған жаңа бір мысалды келтіреді. ''Езгулик'' адам хұқтары тобының екі мүшесі мамырдың 13-күнгі қақтығыстардың куәлары ретінде сұхбат беруге бара жатқан жолда соққыға жығылған деп хабарланған. Петров бұл және басқа да әрекеттер биліктің адам хұқтарын қорғау белсенділерін қорқытып-үркіту мақсаты деп атап көрсетеді.
- Өзбекстанда, әсіресе Ферғана жазығында, қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайда билік, әрине, бұл аймақтан ешқандай ақпараттың сыртқа шықпауына бар күш-жігерлерін салуда және халықаралық қауымдастықтың назарын мамырдың 13-інде қаза тапқан кінәсіз жандардан басқа жаққа аударуға тырысуда. Сондықтан да халықаралық журналистерге, халықаралық қауымдастыққа жақында болған жайттар жөнінде нақты дерек-мәліметтер бергісі келген адам хұқтары белсенділері тұтқындалып, қудаланып отыр, - дейді Петров.
Өзбекстанның басқа аймақтарынан да осыған ұқсас хабарлар жетуде. Хабарларға қарағанда, Жизақта билік жергілікті бірнеше белсендіні, оның ішінде қаланың бас прокуроры бар, бәрін ресмилермен кездесуге шақырып алған. Өзбекстанның адам хұқтары жөніндегі тәуелсіз ұйымының жергілікті жетекшісі Октам Пардаев осы кездесуге қатысқандардың бірі ретінде, оның қалай өткенін былайша суреттейді:
- Олар мені қорқытып, өз отбасың туралы ойла, сен әлі жассың деп айтты. Сен өліп қалған соң ешкімге де көмектесе алмайсың деді.
Ал Наманганда жергілікті адам хұқтары тобының белсендісі Собитхон Ұстабаев жексенбі күні тұтқындалған. Билік Әндіжандағы оқиғаларға халықаралық тексеру жүргізуге рұхсат бермеген соң, Ұстабаев оған наразылық ретінде аштық жариялаймын дегеннен кейін оны қамап тастаған.
- Өзбек үкіметі экономикалық реформаларды алға жылжытудың орнына тағы да репрессия бастады. Өз ойларын айтқан адамның бәрін тұтқындауда. Егер біз бұған көне беретін болсақ, репрессия бұдан әрі өрши түседі, - дейді Намангандағы тағы бір белсенді Олимжон Юнусов.
HRW ұйымы Зайнабитдиновтың қауіпсіздігіне алаңдап, өзбек үкіметін оны тез арада босатуға шақырып жатыр. Ұйым сондай-ақ, халықаралық қауымдастық та адам хұқтары белсенділерінің өмірі мен қауіпсіздігіне байланысты, өзбек үкіметіне ықпал-әсер ететіндей шаралар қарастыруы қажет дейді.