«Қазақстанға ресми сапармен алғаш келген Украина президенті В.Ющенко екі ел ынтымақтастығының болашағы туралы қанағаттана сөйлегенімен, Біртұтас Экономикалық Кеңістік тағдырына қатысты сөз қозғауға онша құлық танытпады, ал Нұрсұлтан Назарбаев болса, дәл осы мәселеге журналистердің назарын аударып, бұл мәселе Украина мен Қазақстан үшін пайдалы деп санайтынын айтты» деп жазады «Литер» газетінде жарық көрген «Майдан Ақ Ордаға ұмтылады» атты мақалада Иван Петров.
Автордың айтуынша, тіпті «Одесса-Броды» мұнай құбыры құрылысының болашағы туралы сөзінде де президент Н.Назарбаев Қазақстанның көмірсутегі шикізатын Украина базарына және одан ары қарай Еуропа елдеріне шығару проблемасын да тек қана Біртұтас Экономикалық Кеңістік шеңберінде шешуге болатынын атап айтқан.
«Украина президентінің Қазақстанға бұл жолғы ресми сапары аясындағы өткен келіссөздер, негізінен, отын-энергетикалық саланы қамтыған» деп жазады «Айқын» газеті. Мақала авторы Айхан Шәріп өткен жылы Одесса порты арқылы 7,6 млн тонна қазақ мұнайы батысқа бет алғанын, мұның сыртында, украиндік мұнай өңдеу зауыттарына тағы 712 мың тонна мұнай жеткізілгенін айтады.
Ал Украинада саны көп зауыттардың қуаты жылына 51 млн тонна мұнайды өңдеуге жетеді, бірақ, ол зауыттардың көпшілігі Ресейдің қолында деп жазады «Жас Алаш» газеті. Оның үстіне, Украинаның мұнай қоры ішкі сұранысты жаппайтындықтан, ол шетелден, көбінесе Ресейден импорттауға мәжбүр.
Былтыр украин зауыттарына 24 млн тонна мұнай тасымалданған болса, оның 87 пайыздан астамын Ресейдің, 9 жарым пайыздан астамын – Украинаның өзінің, ал 3,3 пайызын – Қазақстанның мұнайы құрапты. Теміржолмен тасымалдау бағасы қымбаттап кетуге байланысты, биыл Қазақстаннан мұнай импортталмаған. «Дәл қазір экономиканың негізгі саналатын жанар-жағармай нарығы Ресей компанияларының қолында тұр» деп жазады «Жас Алаш» газеті сейсенбілік санында.
«Егемен Қазақстан» басылымының жазуынша, қазіргі кезде Қазақстан Украинаға мұнай және мұнай өнімдерінен өзге, астық, қант және кондитерлік бұйымдар, көмір, ферроқорытпа, қара металл, қорғасын мен мырыш, тағы басқа өнімдерді экспорттап, ал Украинадан теміржол локомотивтеріне және трамвай вагондарына қажетті жабдықтар мен қозғалтқыштар, құбырлар, химиялық және дәрілік тауарлар мен жиһаздар импорттап отыр.
Жалпы, Украина мен Қазақстан арасындағы жылдық тауар айналымы 1 млрд доллардан асып отырғанын атап өткен Виктор Ющенко, «бұл қатынастар жақсы құқықтық-нормативтік база қалыптастыруды қажет ететінін атап көрсетті» деп жазады «Комсомольская правда» газетінің «Қазақстан» қосымшасы.
Сондай-ақ, сейсенбі күнгі басылымдарда мамырдың 31-і – кеңес өкіметі кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты коммунистік режимнің құрбандары жайлы мақалалар беріліпті.
Бұл жайында «Жас Алаш» газетіне тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелді Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты заң керек деген пікір білдіріпті. Мұндай заң кез-келген өркениетті елде бар екенін айтқан ғалым, «билік басындағылар бұл жағдайды қажеттілік деп түсінетін заман туады» деп санайды. Оның пікірінше, «өз Отанын, елі мен жерін қорғайтын адам саяси қуғынға ұшырамауы керек, ал саяси қуғын-сүргінге ұшыраған бірде-бір адам ұмыт қалмауы тиіс».
«Труд» газетінің «Қазақстан» қосымшасында республика прокуратурасы 1993 жылдан бергі өткен уақыт ішінде мұрағат құжаттары бойынша 31 мыңнан астам адамның қылмыстық істерін қайта зерттеп, олардың 26 мыңға жуығының ақталғанын жазады. Сондай-ақ, Қазақстанға жер аударылған 225 мыңнан астам адам да жазықсыз жапа шеккен деп танылыпты.
Жалпы, күні бүгінге дейін Қазақстан прокуратурасы «325 мың азаматты заңсыз қуғын-сүргін көрген деп тауып, оларды ақтаған. Бұлардың ішінде 75 мың адам «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданған 1993 жылға дейін ақталған» деп жазады «Труд» газетінің «Қазақстан» қосымшасы.
Ал «Экспресс К» басылымында жарық көрген Әсем Тоқаеваның мақаласында, кеңес өкіметі жазықсыз зобалаңға ұшыратқан ата-аналарымен бірдей азап шеккен балалардың кейбірі әлі күнге мемлекеттен ешқандай өтемақы ала алмай жүргені туралы жазыпты.
1937 жылы Семей педагогика институтының ректоры қызметінен халық жауы деп ұсталып, кейін Алматы түбінде атылған Ахметқали Ынтықбаевтың баласы Батырхан Жұмабаев «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан заңының қарама-қайшылығынан күні бүгінге дейін өзіне тиесілі өтемге қол жеткізе алмай жүргеніне налиды. Мақала кейіпкерінің айтуынша, әлгі заң бойынша, сол нәубет жылдары Қазақстанға жер аударылып келгендерге бүгінде берілетін өтемақы, елдегі саяси репрессия құрбандарының балаларына берілмейтін болып отырған көрінеді.
Заңдағы бұл қайшылықтар туралы Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі елдің бас министріне баяндағаннан кейін, қазір бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылыпты. Ал депутаттардың есебінше, бұл заңға тиісті түзету енгізу, 5 млрд теңгеге жуық қосымша қаржыны қажет етеді деп жазады «Экспресс К» газеті.