Үміткерлердің арасында биліктен кетірілген Талибан режимінің мүшелері және өткен жылы президенттік сайлауға түскен президент Хамид Қарзайдың бәсекелестері де бар. Ауған халқы алдағы бейсенбіге дейін 2800 үміткер туралы қарсылықтарын білдірсе болады. Содан кейін Ауғанстан және БҰҰ-ның ресми өкілдерінен құрылған комиссия түскен шағымдарды талқылап, маусымның соңына дейін үміткерлердің тізімін мақұлдайтын болады.
Ауғанстанның парламент сайлауына түсетін үміткерлердің тізімі жарияланды. Ауғанстанның бірлескен сайлау басқармасының басшысы Биссмиллах Биссмил Ауған халқы алдағы бейсенбіге, яғни маусымның 9-ына дейін парламент сайлауына түспекші болған үміткерлер туралы өз пікірлерін білдірсе болады дейді.
- Менің ойымша, бізде жетерліктей уақыт бар. Соңғы тізім жариялануына дейін үш апта бар. Ауған халқы үміткерлер туралы шағымдарын немесе қарсылықтарын бейсенбіге дейін білдіре алады, - деді Биссмил.
Ауғанстанның сайлау туралы заңына сәйкес, парламент сайлауына түсу үшін үміткерлер сотталмаған болуы керек, сонымен қатар, қарулы күштермен қарым-қатынасын үзген болуы керек. Ал, үкіметтің жоғары лауазымында отырғандар парламент сайлауына түсу үшін қызметтерінен кетуі тиіс.
Сайлауға түскісі келген үміткерлердің арасында өткен жылы президенттік сайлаудағы Хамид Қарзайдың бәсекелестері Юнус Қануни және Хажи Мохаммад Мохақиқ те бар.
Сонымен қатар, жарияланған тізімде елдің бұрынғы президенті Бурхануддин Раббани де бар. Раббани Ауғанстанның исламдық қоғамына жетекшілік етеді. Тіркелген үміткерлердің бірі – Абдул Раб Расул Саяф. Ол бұдан бұрын Талибан режиміне қарсы соғысқан, қазір ол президент Хамид Қарзайды қолдайды. Сондай-ақ, үміткерлердің арасында “Талибан” режимі кезінде сыртқы істер министрі болған Уакил Ахмад Мутауакил де бар.
Жоғарыда атап кеткен комиссияның 5 мүшесі үміткерлер туралы қарсылықтарды талқылайтын болады. Комиссияның басшысы – БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілі Грант Киппеннің айтуынша, түскен шағымдармен айналысатын комиссияның үміткерлердің парламент сайлауына түсуіне мүмкіндік беруге немесе оларды алып тастауға және сол сияқты басқа да құқықтары бар.
Ауғанстандағы парламент сайлауы өткен жылы маусым айына жоспарланған болатын. Бірақ, сайлауға дайын болмағандықтан ол кейінге қалдырылған еді.