Дүйсенбі күні ұлттық теледидардан сөйлеген сөзінде елдің бас прокуроры бұл мойындаулар тергеудің алға жылжып жатқанын көрсетеді деді. Бірақ, журналист Георгий Гонгадзені өлтіруге кім тапсырыс бергені әлі белгісіз.
Осы жылдың басында президент Виктор Ющенко билікке келгенінде Украинада жаңа өзгерістер болады деп уәде еткен болатын. Журналист Георгий Гонгадзенің өліміне байланысты қылмыстық істің шешілуі жаңа әкімшілік үшін сын болды. Өйткені, украиндықтардың көбі бұны бұрынғы президент Леонид Кучманың билігі кезіндегі сәтсіз істердің бірі деп есептеген еді.
Жемқорлық туралы мақалалар жазған журналист Гонгадзе бұдан 5 жыл бұрын жоғалып, кейін оның басы кесілген денесі Киевтен тыс жердегі орманда табылған болатын. Ал одан кейінірек, Кучма күзетінің бір қызметкері журналист Гонгадзеге байланысты Кучма мен сол кездегі ішкі істер министрі Юрий Кравченконың дауыстары делінген аудио-жазбаны парламентте тыңдатқан, кейін сол аудио-жазба “Мельниченко таспасы” деп аталып кеткен еді.
Ол аудио-жазбада Кучма мен Кравченконың дауыстарына ұқсайтын адамдар Гонгадзе чешендер жаққа апарып тасталсын деген сөздер есітілген. Кучма бұл таспа жалған деп айтты. Бірақ, Гонгадзенің өліміне байланысты тергеу жұмыстарында айтқандай бір алға жылжу болмағандықтан, Кучмаға күдікпен қарайтын болған.
Наурыз айында екі полиция полковнигі аталған журналисттің өліміне қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алынған болатын. Өткен дүйсенбіде Украинаның бас прокуроры Святослав Пискун қамауға алынған сол екі жоғары шенді полиция қызметкері ол айыптарды өз мойындарына алды деп мәлімдеді. Бірақ, Гонгадзені өлтіруге кім тапсырыс берді деген сұрақ жауапсыз қалды деді Пискун. Осыған орай «Азаттық» радиосының талдаушысы Ян Максимюк былай дейді:
- Бір режимнен екінші режимге бейбіт түрде өту үшін Ющенко Кучманы кез келген сот істерінен, оның ішінде Гонгадзенің өліміне байланысты қылмыстық істен қорғауға әрекет жасаймын деп уәде етіп, екеуі келісімге келген сияқты деген расталмаған сөздер бар.
Бұл сөздер дәлелденбеген болса да, бірақ, талдаушының айтуынша, Кучманың Киевте беймарал тұрып жатқаны және Ющенконың Гонгадзенің ісі “шешілді” деген мәлімдемесі – міне осы фактілердің бәрі тергеу тек қана өлтірген адамдарды жазалаумен аяқталатын сияқты дегенді көрсетеді.
- Бұдан бірнеше ай бұрын Ющенко Гонгадзенің ісі шешілді деп мәлімдеген болатын. Ол соттың болғанын және айыпты болғандардың жазалауын өте қалайды. Әрине, айыпты болғандар табылады, - дейді Максимюк.
Гонгадзенің өліміне байланысты сот шілде айында басталатын сияқты, өйткені елдің бас прокуроры айыптарды өз мойындарына алған аталған екі полковник сотталуы керек деген.
Ең керекті куә ретінде болатын бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Кравченко, ресмилердің айтуынша, тергеушілерге жауап берерден бір күн бұрын өзін өлтірген болатын.
Ал екінші негізгі адам - Микола Мельниченко. Қазір ол Гонгадзенің әйелі екеуі Америка Құрама Штаттарында баспана алған. Украина тергеушілері Мельниченко өзінің аудиожазбасы дәлел ретінде қаралуы үшін еліне оралуы керек дегенді айтады.
Киевте орналасқан ақпарат институтында жұмыс істейтін Сергей Таран Мельниченко өзінің қауіпсіздігі үшін Украинаға келуге қорқатын сияқты дейді. Ал Гонгадзенің жесірі күйеуінің өлімі толықтай түсіндірілмесе, онда Украинада даму болмайды деген.