Франция мен Голландия Еуроодақтың жаңа Конституциясын қабылдамаған соң, Түркияның одаққа мүше болуына қарсылықтар одан сайын күшейе түсті.
Франция мен Голландияда өткен референдумдардан кейін Германиядағы оппозициялық Христиан Демократтар Одағы партиясының жетекшісі Анжела Меркел Түркияның одаққа мүше болуға талпынысын қайта қарауға шақырды. Сонымен қатар, Түркияның одаққа мүше болуына қарсы болғандардың арасында Францияның жаңадан тағайындалған ішкі істер министрі Никола Саркози де бар.
- Жақында болған саяси апаттан кейін Кіші Азияның үлкен халқы Түркиямен келіссөздерді бастау дұрыс па? Бұдан 40 жыл бұрын басталған келіссөздерді жалғастырудан гөрі біз қазір Түркияға ерекше бір әріптестікті ұсынсақ жөн шығар, - деді Саркози.
Түркия сыртқы істер министрлігі Еуроодақтың Конституциясы мақұлданбағанымен 2001 жылы қол қойылған Ницца келісіміне сәйкес Еуроодақтың кеңею жоспары бар деп мәлімдеді. Осыған орай Туркиядағы АРИ қозғалысының Брюссельдегі өкілі Демир Мурат Сейрек:
- Референдумдардың нәтижесі жалпы Европаның кеңею процесіне, сондай-ақ Түркияның одаққа мүше болуға жасап жатқан талпынысына әсер етеді. Түркия жетекшілері бұны жақсы біледі. Қазірше олар оны көрсеткісі келмей отыр және аталған мәселеге орай келіссөздер қазан айында басталады дейді. Олар бұл мерзімді өзгерткісі келмейді, - дейді.
Шілденің 1-інен бастап Ұлыбритания Еуроодаққа жетекшілік етеді. Бұл - Анкара үшін жақсы хабар, өйткені премьер министр Тони Блэрдің үкіметі Түркияның одаққа мүше болуға талпынысын қолдайды.