Бас-аяғы бір сағатқа созылған жиынға негізінен Қазақстандағы тәуелсіз ақпарат құралдарының журналистері, бірқатар партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жұртшылық қатысты. Олар ақпарат құралдары туралы заңға үкімет енгізіп отырған түзетулердің Конституцияға қайшы келетіндігін айтып, еркін ойға тиым салынбасын деген талап қойды. «Свобода слова» басылымының сарапшысы Гүлжан Ерғалиева жиналған қауымның назарын заң жобасында сот арқылы жабылған газеттің редакторы үш жыл көлемінде журналист ретінде жұмыс істеуін тиым салатын бап енгізілгендігіне аударды.
- Журналист болуыма тиым салу деген – мені Ғалымжан Жақиянов, Сергей Дувановтар секілді түрмеге жауып тастаумен бірдей; Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Заманбек Нұрқаділовтар секілді құрбан қылумен пара-пар, - деді Г.Ерғалиева.
2003 жылы Қазақстан соты 5 жыл бойына баспалық қызметпен айналысуына тиым салған, оппозициялық журналист Ермұрат Бапи мәселеге тереңірек үңіліп қарауға шақырды.
- Бар бәле Ертісбаевта деп, сол қара баланы жұлқылай береміз. Мәселе Ертісбаевта емес, жоғары жақта. Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындап жүрген жігіт ол, - деді Бапи.
Ал «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов болса ақпарат құралдарының бір топтың қолына шоғырлануы сөз бостандығын шектейтіндігін айтты.
- Тағы бір мәселе – ақпарат құралдарының монополиялануы. Бұл жерде мен Дариға Нұрсұлтанқызының медиахолдингі туралы айтып отырмын. Ендігі қызық болғанда Дариға Нұрсұлтанқызы әділ сөз үшін күресіп жүр. Қазақстан азаматтары үшін немесе журналистер мен оқырмандар үшін емес, өзінің жеке мүддесі мен кәсібіне нұқсан келетін болған соң ғана Дариға Нұрсұлтанқызы әділ сөз туралы айта бастады,- деді Б.Әбілов.
Ал «Әділ сөз» қоғамдық қорының президенті Тамара Калеева болса бұл жоба ақпарат айдынындағы монополия туғызатын құжат деп біледі.
- Бұл монополияның пайдасына шешілетін заң. Құжат жаңадан ашылған және тәуелсіз ақпарат құралдарына қарсы бағытталған. Олардың артында монополист тұрмаса, қаржы жағынан қиыншылық көреді. Ендігісі қосымша қаржы қорын құруды ұсынып отыр.
«КТК» телеарнасы Акционерлік қоғамының президенті Артур Платонов ақпарат құралдары туралы үкімет ұсынған заң жобасы қабылданған жағдайда, бұл Қазақстанның демократиялық елдермен қарым-қатынасына кері әсер ететіндігін мәлімдеді.
- Болып жатқан жағдайлардың көздеген мақсаты: Қазақстанның жақын арада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне кедергі жасау. Бұл Қазақстанның сыртқы саясатта, мәселен, АҚШ секілді басқа да демократиялық елдермен қатынасына сызат түсіруі мүмкін. Олай дейтінім, америкалықтар мен Еуропадағы қауіпсіздік ұйымы заңға түзетулердің қабылдануын сөз еркіндігінің бұзылуы деп қабылдап, өздерінің құптамайтындықтарын білдірген.
Бұл наразылық шарасына саясаткер Ғалымжан Жақиянов та қатысты. «Азаттық» радиосының тілшісіне берген сұхбатында ол асығыс жасалынған дүниенің шикілігі көрініп тұратындығын және сөз бостандығы секілді маңызды мәселені байыппен қарау керектігін айтты.
- Неге асығыс қарап жатыр ол заң жобасын? Ешқайдан қауіп төніп тұрған жоқ, соның өзінде өзгерістерді енгізіп жатыр. Бұл - биліктің ақпарат құралдарымен, журналистермен күресі. Өзгерістердің осындай жедел түрде қабылданғанына қарағанда президенттің күшімен жасалып жатқандығын аңғартады, дедіҒ.Жақиянов.
«Жас Алаш» газетінің редакторы Жүсіпбек Қорғасбектің пікірінше, осы заң жобасын өткізу арқылы биліктің кез-келген ақпарат құралын жауып тастауға құзыреті арта түспек.
- Бізді сотқа берудің жолы көп. Елден келіп жатқан хаттарды сол жерге арнайы барып тексермей жариялай алмаймыз. Себебі, арандату болуы мүмкін. Ал енді алдағы уақытта сондай арандататын хаттарды ұйымдастырып, газетті жауып, болмаса редакторын алып тастаймайтынына ешкім кепілдік бере алмайды, - деді ол.
Наразылық шеруіне қатысқан алматылық журналистердің бірі Анна Шебалдина заң жобасының өтпей қалуын қалайтындығын айтады:
- Бүгінгі жиынға салыстырмалы түрде көп адам жиналған жоқ. Соған қарамастан мен журналистердің осындай жағдайда бірігіп жатқандығына қуаныштымын. Өзім заң жобасын басынан аяғына дейін оқып шықтым деп айта алмаймын, бірақ, бұл құжат Қазақстандағы журналистиканы дамытудың орнына тежейді деген пікірдемін.
Наразылық шарасына қатысушылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Үндеу қабылдады. Онда ақпарат құралдары туралы заңға енгізілетін түзетулерге президенттің вето қоюы сұралған. Қазақстан журналистері одағының президенті Сейітқазы Матайдың айтуынша, қазіргі таңда ақпарат туралы заңға енгізілген түзетулерге маусымның 25-күні кәсіби мерекесін атап өткелі отырған 2 мыңдай журналист қарсылығын білдірген.