Көші-қон полициясының мәліметінше 2004 жылы Астанада 61 мың шетелдік азамат тіркелсе 2005 жылы 71 мың адам тіркелген. Олардың жартысына жуығы заңсыз еңбекпен айналысады, дейді көші-қон полициясының басшылығы. Астананың көші-қон полициясының бастығы Борис Колесниченконың айтуынша жыл сайын Қазақстанда заңсыз мигранттар Астанада 15-20 мыңға Қазақстан бойынша 200-300 мың адамға көбейіп отырады.
Олардың басым бөлігі ТМД азаматтары. Шетелдіктер жоғары біліктілікті қажет етпейтін және жергілікті тұрғындар арасында сұраныс жоқ жұмыстарды атқарады, дейді полиция өкілдері. Сондықтан заңсыз мигранттарды тіркеп олардан салық жинау үшін тексерістер басталады деп хабарланып отыр. Оның үстіне заңсыз еңбек ету миграциясын заңдастыру туралы заңға президент Назарбаев 4 шілдеде қол қойған. Азия аумағында тұңғыш рет жасалып отырған рақымшылық шарасы 1-тамыздан бастап 31-желтоқсанға дейін 5 ай бойы жүргізіледі деп хабарланып отыр. Астананың көші-қон полициясының аға инспекторы Марат Жұбайдың айтуынша бұл тексерістер оралмандарға кесірін тигізбейді:
- Мына жеке іс сапармен, өз жұмысымен, мына қонаққа келген, тұрақты көшіп келген азаматтар оларға бұл ешқандай неғылмайды, бұл тек осы уақытылы маусымды жұмыс істейміз. Бұл көктемде келеді күзде кетеді.
Аталмыш шараға тек ТМД елдерінің өкілдері кіреді, ал, визамен кіретін шалғай шетел тұрғындары тексеруге жатпайды деп хабарланған. Оның сыртында қала базарларында сауда жасап жүрген шетелдіктер тексерілмейді. Негізінен Астананың құрылыс нысандарымен дәмханаларында жұмыс істеп жатқан шетелдіктердің құжаттары тексеріледі деп хабарланып отыр. Тіпті Астанада көбейіп кеткен Тәжікстанның қайыршыларын тексермейміз, дейді полиция өкілдері. Өйткені Қазақстан заңдары бойынша оларға айтарлықтай талап қоя алмаймыз, дейді көші-қон қызметкерлері. Ал Астанадағы жеке меншік үй салып жатқан құрылысшылардың басшысы Самарқанд тұрғыны Абдуғани Рустамовтың қолында миграциялық құжаттары жоқ болып шықты:
- Балалар тіркеуге істетеміз деп алып кеткен, миграциялық карта дайын, тек мөр қою керек. Кішкене ақшасын төлеймін деген, біраз қарыз болған ана бала.
Рақымшылық шарасы барысында жұмыс берушілер көші-қон полициясына келіп арнайы миграциялық құжаттарды алуы тиіс, бұл құжат бұрыңғыдай 3 айға емес, 3 жылға дейін беріледі. Оны алмағандарға жарты миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Қазақстанға Ташкенттен келген Шәймерден Сапарбековтың айтуынша ол миграциялық құжаттарын әзірге 3 ай сайын жасап отырады:
- Біз ол жақтан Назарбаевқа рахмет қазақтарды ол жақтан сүйреп жатырғой. Былай келіп жұмыс істеп жатырмыз, өзбектерде бар, 3 ай сайын уақытша тіркеліп тұрамыз.
Астана базарының маңында Өзбекстан тұрғындары сатылса да ешқандай шара неге қолданбайды деген журналистердің сұрағына Астананың көші-қон полициясының бастығы Борис Колесниченко менің көзімше ешкім сатып алып сатқан жоқ, бірақ, көлеңкелі бір нәрсе болуы мүмкін, адамдарға тапсырыс беріп алып келеді дегенді естігенмін оны жасырмаймын, деді ол.
Ал, Астананың көші-қон полициясының аға инспекторы Марат Жұбайдың айтуынша рақымшылық шарасы адам сату фактілерін тоқтатуға бағытталған:
- Құл ретінде басқа да ретінде пайдаланатын ол еліміздің егемендігіне нұқсан болады. Кешеде көріп жатырсыңдар заңсыз құл ретінде жұмсады деп. Олар енді еліне барғаннан кейін жақсы деп айтпайды.
Рақымшылық шарасынан кейін заңсыз мигранттардың 30 пайызы заңды құжаттарын алады деп күтілуде, ал, оларды жалдаған жұмыс берушілер жұмысшылардың еңбекақысынан салық төлей бапстайды, нәтижесінде, Қазақстан бойынша бюджетке 8-ден 10 миллиардқа дейін қаржы түседі, дейді көші-қон полициясының басшылығы.