Ньюмонт корпорациясы 1992-нші жылы Өзбекстан экономиясына келген ең басты шетелдік инвесторлардың бірі болып, оның жұмсаған қаражатының көлемі жалпы АҚШ 1/5 бөлігін құрады. Ол кезде өзбек президенті И.Кәрімов Ньюмонттың келуін ықыласпен қарсы алып, 1995-інші жылдан бастап жұмысқа кіріскен Заравшан-Ньюмонт бірлескен кәсіпорнына “үкіметтің кепілдігін” беруге және оның жұмысы үшін “қолайлы жағдай” жасауға уәде берген болатын. Бірақ содан бері ахуал күрт құбылды.
2006-ншы жылдың наурыз айында өзбек үкіметі компанияға салық реформалары болатынын хабарлады. Маусым айында өзбек соты Заравшан-Ньюмонт кәсіпорны салықтан қарыздарын өтеу үшін 48 млн. доллар төлеуге тиіс деген шешім шығарды. Үстіміздегі айдың басында өзбек билігі бірлескен кәсіпорынның активтеріне құлып салып, өндірген алтынды Өзбекстаннан алып шығуына рұқсат бермеді. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Навои аймақтық салық комитетінің өкілі әлгіндей көлемдегі салықтың салынуына толық негіз бар деп мәлімдеді:
“Мен Сізге компанияның іс-әрекеті туралы ешқандай мәлімет бере алмаймын. Барлық іс-әрекет заң жүзінде атқарылды. Компания тексерілді, тексеру жалғасуда. Мен сізге ешқандай ресми ақпарат бере алмаймын”.
Ньюмонттың хабарлауынша, өткен аптада өзбек үкіметі бірлескен кәсіпорын мен оның қызметкерлеріне қарсы жаңа қылмыстық іс қозғады. Осындай хабар шыққан күні Нью-Йорктің қор биржасында Ньюмонт акцияларының бағасы 2.1 пайызға арзандады. Ресми билік алтынның экспортына тосқауыл қойып, Ньюмонттың мәлімдеуінше, өзі бірлескен кәсіпорынның күнделікті жұмысын бақылай алмай отыр. “ГосКомГеология” немесе Өзбекстанның геология және минералды ресурстар бойынша мемлекеттік комитеті, Навои тау-кен және металлургия өнеркәсіптік бірлестігі - Ньюмонттың бірлескен кәсіпорындағы еншілестері болып табылады. Олардың мәлімдеуінше, кәсіпорын алтын шаю және өндіру жұмысын жалғастыру үстінде. Заравшан-Ньюмонт менеджерлерінің бірі Виктор Клепинин былай деп мәлімдеді:
“Жоспарды орындап... орындап жатырмыз. Салықты дұрыс есептегені туралы соттың шешіміне байланысты қазір мекемелер онымен шұғылданып жатыр. Бар ахуал осы. Қазір ойдағыдай жұмыс жүріп жатыр”.
Бірлескен кәсіпорынның өзін Аваз деп таныстырған 900 жұмысшысының бірі де жұмыстың бұрынғыдай жалғасып жатқанын айтты.
“Ия, біз жұмыс істеп жүрміз... әзірше істеп жүрміз. Олар бізге жұмыстың ойдағыдай жалғаса беретінін айтты. Оған менің қатысым жоқ, білмеймін. Біз күнделікті қылған ісімізді істеп жүрміз, әзірше. Айлығымызды берді, өткен күні авансты да берді. Әзірше ресми түрде ешқандай өзгеріс болған жоқ”, - деп жауап берді әлгі жұмысшы.
Ньюмонт компаниясының Денвердегі шенеунектерінен түсініктеме алуға мүмкіндік болмады. Бірақ Ньюмонт компаниясы Өзбекстан үкіметіне өзінің құқын қорғау үшін халықаралық арбитражға жүгінетінін хабарлап ескертті.
Бұл оқиға ерекше назар аудартты. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының Орталық және Оңтүстік Азия елдері бойынша орынбасары Ричард Баучер Ташкентке барған өткен аптадағы сапары барысында өзбек үкіметін АҚШ компанияларына әділ қарауға шақырды. Оның ерекше атап көрсеткеніндей, АҚШ компаниясының мұндай ахуалға душар болуы өзге инвесторларды да еріксіз ойға қалдырады.
Өзбекстанның Батыс елдерімен арадағы қарым-қатынасы 2005-інші жылдың мамыр айындағы “Әндіжан қантөгісінен” бері қарай бұзыла бастады. Көп кешікпей Батыстың ресми қысымы Өзбекстандағы шетелдерден қаржыландырылатын талай үкіметтік емес ұйым мен баспасөз құралының жабылуына себеп болды. Бірақ ресми түрде Ньюмонттың ісіне килігуі үшін зор экономикалық себептің болуы да әбден мүмкін. Өзбекстанның мемлекеттік бюджеті сыбайластық жемқорлықтан, салықтың нашар жиналуынан және экономикалық реформалардың тоқырап тұруынан қаңырап тұр.
Штаб-пәтері Лондонда орналасқан “Экономист” басылымының өкілі Анна Уокер (Anna Walker):
“Менің ойымша, шенеунектердің әлгіндей іс-әрекетіне ең басты себеп - қаржы тапшылығы болса керек. Келісім-шарттар жасалған кезде, олар шетелдік бірлескен кәсіпорындар үшін өте қолайлы болатын. Соңғы уақытта алтынның бағасы күрт қымбаттаған соң, үкімет оны қаражат табудың төте жолы деп түсінді. Міне бұл, деп ойлаймын мен, ең басты себептің бірі болып отыр”, - деп өз пікірін білдірді.
Анна Уокердің болжауынша, өзбек үкіметі жалғыз АҚШ компаниясына ғана емес, кез-келген табысты компанияға тиісуі мүмкін. Дон Кэнг (Don Kang) бір кезде Өзбекстанда мақта өндіруден бірінші болған өзбек-кәріс бірлескен кәсіпорнын басқарды. 2005-інші жылы өзбек үкіметі “салықтан қарыздары бар” деген желеумен ол кәсіпорынды өзінің меншігіне тартып алды. Кэнгтің айтуынша, Ньюмонтпен болған оқиға Өзбекстандағы инвестицияларға төнген қатерге айрықша назар аудартады және шетелдік инвестицияларға тосқауыл қояды”.
“Бұл нашарлады және одан да нашарлай түседі. Егер өзбек үкіметі мұндай әрекетін тағы қайталауға тырысса, менің ойымша, өзге елдердің барлығы оның басқа кез-келген саласына капиталын салудан қатты сескенетін болады. Егер олар Өзбекстандағы АҚШ компаниясын заңсыз тартып алуға тырысатын болса, таяу болашақта өзбек үкіметі дүниежүзілік қоғам алдында пәлеге тап болады”, - деп ескертеді Дон Кэнг.
Ал Ньюмонт корпорациясы Өзбекстандағы Заравшан-Ньюмонт бірлескен кәсіпорнындағы өзінің 94 млн. доллар инвестициясына тең 50 пайыздық үлесін сатып алушы инвесторды іздестіру үстінде.