Accessibility links

Италия БҰҰ-ының Ливандағы күштерін неге басқарғысы келеді?


Италия үкіметі БҰҰ-ының Оңтүстік Ливанға орналастырылуы жоспарланған бітімгершілік күштерін басқарғысы келетінін мәлімдеді. Бірақ Франция одан бас тартып жатқанда, ресми Рим бұл міндетті өзінің мойнына алғысы келеді? Бітім күшерін басқару үшін Италия өзіне қандай мандатты талап етуі мүмкін және жанжалдасушы жақтар үшін ол қандай іс-шара қабылдамақшы? Мінге осы және басқа да маңызды сауалдарға жауап алу үшін біздің тілшіміз Италия парламентінің төменгі - өкілдер палатасының халықаралық істер комиссиясы төрағасының аға кеңесшісі Рафаэле Матараццомен сұхбаттасқан болатын.

“АЗАТТЫҚ” Радиосы: Ливанға орналастырылатын халықаралық бітімгершілік күштерін неге Италия басқаруға сұранып отыр – ол қауіп-қатерге толы миссия емес пе?

MАТАРАЦЦО: Оған түрлі себеп бар. Ең бастысы – Италия өзінің ең басты географиялық аймағында, атап айтқанда – Жерорта теңізі мен Таяу Шығыстағы жетекші рөлін қалпына келтіріп көрмекші. Соңғы бірнеше жылда Италияның алдыңғы үкіметі Израильді қолдайтын және “америкашыл” сыртқы саясат ұстанды. Солшыл-центристік жаңа үкімет Еуропаға ден қоятын және Таяу Шығыста белсенді іс атқаратын, оның ішінде Израиль үкіметімен арадағы байланысқа қоса, араб елдерімен арадағы қарым-қатынасын қалпына келтіруге бағытталған жаңа рөлге ие болуды көздейді. Міне бұл, жаңа үкіметтің есептеуі бойынша, алдыңғы үкіметтің бірыңғай “америкашыл” саясаты Италияның Еуропадағы және халықаралық сахнадағы жағдайын әлсіреткен нәрселер. Ендігі жерде осы жалжалда жетекші рөлге ие болу арқылы Италия үкіметі бұрын жоғалтқандарының орнын біршама толтыруға үміттенеді. Оған қоса, жаңа үкіметтің шешімімен Ирақтан өз әскерін шығаруы да Италияның халықаралық абырой-беделінің әлсіреуіне себеп болса керек. Италия өзінің Таяу Шығыс жанжалында жетекші рөл атқаруы – БҰҰ-ындағы бұрынғы абыройы мен беделін қалпына келтіреді деп сенеді.

“АЗАТТЫҚ” Радиосы: - Бұл да бар шығар. Өйткені, Италияның премьер-министрі әрі Еуропа Комиссиясының экс-президенті Романо Проди халықаралық сахнада Еуроодақтың жетекші рөл атқарғанын көргісі келді емес пе? -деп сұрады.

MАТАРАЦЦО: Бұл жайт та бар - яғни, Италия Ливанда Еуропаның Таяу Шығыс аймағындағы ең биік саясатын іске асырып, оны нығайта аламын деп есептейді. Іс жүзінде Еуропа Одағы Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты өзін өте жалтақ ұстады және қарама-қайшылыҚТАРҒА ТОЛЫ болды және Италиядағы дағдарысқа қатысты да терең қарама-қайшылықты бастан кешті. Ал бұл бірыңғай еуропалық көзқарас ұстанатын және Еуропаның бастамашылдығына терең сенетін Солшыл-центристік үкіметтің ұсынысы. Өйткені, Сіз атап өткендей, Еуропа Комиссиясының экс-президенті Романо Проди – “еуропашыл” Италияның осы аймаққа келуі арқылы Еуроодақтың рөлін қайта көтеруді көздейді.

“АЗАТТЫҚ” Радиосы: - Бір жағынан қарағанда, Италия – осы миссияға шынында да әбден лайық сияқты. Оның 1980-інші жылдары өз жауынгерлерімен Ливанда болған тәжірибесі бар. Әскери күзет пен бітімді қорғай алуымен Косово өлкесінде және тіпті Ирақта да көзге түсті. Сіз ол жайында не айта аласыз?

МАТАРАЦЦО: Бірқатар жыл бойы Италияның әсіресе бітімді қорғау ісінде көзге түскені рас. Шынында да бұл соңғы жылдарда біздің әскери миссияларымыздың дені болды. Іс жүзінде біз өз жауынгерлеріміздің дайындығы мен көңіл-күйі арқасында италияндық әскери миссияның осындай жағдайларға ерекше ден қойып, сезімталдық танытып, және жергілікті халықпен арада жақсы қарым-қатынас орната алғанын көрдік. Бірақ, оған қоса, араб елдерімен де Италия негізінен айтарлықтай жылы қатынаста болды және жаңа үкімет осы қатынасты қалпына келтіргісі келеді. Шынында да, “бітім күштерін Италия басқарсын” деген бастаманы көтерген Израиль де осы фактіден – Италияның Израиль үкіметінің талаптарына да, жергілікті араб қоныстарының да, оның ішінде Ливан және Палестина халықтарының талаптарына салмақтап қараған фактіден шығып отыр. Іс жүзінде “Палестина мәселесі” – тұтастай алғанда оң шешімін табуға болатын іргелі проблема болып қалды.

“АЗАТТЫҚ” Радиосы: - Романо Проди халықаралық күштердің анық мандаты болғанын, қажет болса, тіпті БҰҰ-ы оның барлық жай-жапсарын түсіндіріп беретін жаңа шешім қабылдағанын көргісі келетінін мәлімдеді. Италияға қандай мандат қажет?

МАТАРАЦЦО: “Ең алдымен, БҰҰ-ының атынан ережелер мен міндеттемелердің ара-жігін ажырату керек. Бұл жерде мен Италияның ауыр қару-жарақтың барлығына қызығып отыр деп дәл түсіндіре алмаймын. Әрине, біз ол жердегі өз жауынгерлеріміздің қауіпсіздігіне кепіл болуымыз керек және кісі өлімі болмауға тиіс; бұл – талай адамның қаза болуына қоса, өзінің әлсіздігін көрсеткен алдыңғы – ЮНИФИЛ (UNIFIL) – миссиясындай болмауға тиіс, жақсы қарулануы себепті біздің жауынгерлеріміз өздерін-өздері қорғай алады. Алайда мен Италия табанды түрд өзіне ауыр қару-жарақты талап етеді немесе “Хизболлаһ”-тың қарусыздануына ден қояды деп кесіп айта алмаймын.

“АЗАТТЫҚ” Радиосы: “АҚШ президенті Дж.Буштың Күні кеше ғана мәлімдегеніндей, халықаралық күштердің ақырғы қорытынды міндеті – “Хизболлаһ”-ты қарусыздандыру болуға тиіс.

МАТАРАЦЦО: Әрине, ол қорытынды мақсат болуға тиіс. Өйткені, аймақтағы бейбітшіліктің кілті болып табылатын Израильдің қауіпсіздігі – “Хизболлаһ”-ты қарусыздандырғанда ғана қамтамасыз етіледі. Бірақ, менің есептеуімше, ол мақсатқа біртіндеп жетуге болады.
XS
SM
MD
LG