Бүгін Иран делегациясын Мәскеу мен Санкт-Петербор арасындағы Удомлия қаласында орналасқан “Калининская” атом-электр стансасында тосып отыр. Иранның атом энергиясы бойынша мекемесінің жетекшісі Махмуд Яннатиан (Mahmud Jannatian) бастаған мәртебелі делегация әлгі атом-электр стансасындағы ядролық реактордың жұмысымен танысу және өзінің қызметкерлерін оқыту мақсатымен ресми түрде барады. “Калининская” атом-электр стансасының өкілі Марина Карасеваның мәлімдеуінше, бұл кәсіпорынның Иран делегациясын қызықтырып отырған себебі – оның жабдықтары Иранның оңтүстігіндегі Ресейдің көмегімен тұрғызылған “Бушер” (Bushehr) атом стансасының жабдықтарымен бірдей.
“Бұл - танысу мақсатындағы сапар. Өткен жылы “Калининская” стансасында № 3-інші энерго блок іске қосылған болатын. “Бушердегі” атом стансасы да дәл осындай жобамен салынып жатыр. Бұл сапар көптен бері жоспарланған болатын. Және, егер аса қауіпті нысандарға баратын осындай барлық сапарды ұйымдастыру ережесін екеретін болсақ, бізде қажетті құжаттарды әзірлеуге кем дегенде 3-4 апта керек болады”, - деп атап көрсетті өз сөзінде Марина Карасева.
Бір қарағанда, бұл сапарға таңырқап қарайтын ештеңесі жоқ. Ядролық энергия саласында Ресей мен Иран ұзақтан бері ынтымақтастық орнатқан. Бірақ бұл сапардың уақыты кейбір қарама-қайшылық туғызады. Оның себебі: өзін уран шикізатын байытудан бас тартуға ынталандыру мақсатында Батыс елдерінің берген ұсыныстарының жинағына оларды не қабылдау, не қабылдамау жөніндегі өзінің ресми жауабын Иран - 22-інші тамыз күні - дер кезінде, яғни Мәскеуге келген сапарынан бір күн бұрын қайырды. Өзінің жауабында ресми Теһран әлгі ұсыныстар бойынша “тиянақты келіссөздерге отыруға әзір екенін” атап көрсетті, бірақ уран шикізатын байытудан бас тартатыны туралы ешқандай сыр білдірмеді. Америка Құрама Штаттары мен басқа елдер Иран өзінің бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын ядролық қару жасау бағдарламасын сырт көзден жасыру үшін пайдаланбай ма деп күдіктенеді.
Иран делегациясының Мәскеуге сапары алдында, 21-інші тамыз күні, Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей: “Теһран өзінің ядролық бағдарламасын табанды түрде жалғастыра береді және ешқандай қысымға көнбейді”, деп мәлімдеген болатын. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі белгілеген уақытқа сәйкес, Иран өзінің уран шикізатын байыту жұмыстарын 31-інші тамызға қарай тоқтатуға тиіс. Міне осы тұрғыдан келгенде Иран делегациясының Мәскеуге келуі – ресми Теһранды уран шикізатын байыту бағдарламасынан бас тартуға көндіру туралы Ресейдің өз міндеттемесіне берік болуы Батыс елдерін біршама ойға қалдырады. Иранға соңғы ынталандыру ұсыныстарының жинағын берген 6 елдің қатарында Ресей де бар болатын. Мәскеуге Иран делегациясы келген 23-інші тамыз күні Ресейдің сыртқы істер министрлігі Иранның даулы ядролық бағдарламасының “саяси шешімін” іздестіруді жалғастыратынын мәлімдеді. Алайда, кейбір саяси сарапшының пікірінше, Иран делегациясының Мәскеуге келген сапарын Кремль Батыс елдеріне өзіндік сыртқы саясатын жүргізіп отырғанын Батысқа анық көрсету мақсатында пайдаланып отыр.
Оның ішінде Ресейдің қорғаныс мәселелері бойынша бас сарапшысы Александр Гольц:
“Ресей көптен бері Иранға қатысты Америка Құрама Штаттары мен Еуропаның саясаттарынан ерекшелеу өзіндік саясатын жүргізіп келеді және онысы Ресейдің жалпы сыртқы саясатына сәйкес келеді”, - деп атап көрсетті.
Иран делегациясы “Калининская” атом-электр стансасында 2 күн болуға тиіс, оның ізінше Мәскеудің сыртындағы 2-нші атом реакторымен танысуға барады.